223- сурақ. Парабиоз туралы ілімнің биологиялық маңызы неде?
Н.Е.Введенскийдің парабиоз туралы ілімі қозу мен тежелудің өза-
ра тығыз байланысты процестер екенін анықтауға мүмкіндік берді.
Бүл екі қүбылыс организмнің тітіркендіруге қайтаратын жауабының
екі түрлі бейнеленуі. Олардың туындауы үлпаның лабильділігіне бай
ланысты. Лабильділік жоғары болса тітіркендіргіш өсерінен пайда
болған қозу толқыны еш өзгеріссіз тарайды, ал ұлпа лабильділігі
төмендесе - қозу процесінің өткізілуі нашарлап, тежелу процесі пай
да болады. Қозғыш ұлпада шектелген, таралмайтын қозу процесі
туындаса, шектен тыс қозу салдарынан тежелу процесі пайда болады.
Демек, қозу мен тежелу процестерінің негізі бір, тежелу - қозу процесі-
нің дамуындағы белгілі бір сапалық сипаты өзгеше саты. Қозу мен
тежелу қозғыш ұлпа өрекетінің екі түрде бейнеленуі.
224-
сурақ. Омыртқалы жануарлар денесінде ет талиіықтарының
қандай турлері болады?
Ж оғары даму сатысындағы жануарлар организмінде үш түрлі ет
талшықтары кездеседі. Олар қанқаның көлденең жолақ етгері, жүрек
еті жөне ішкі ағзалардың, қан тамырлары қабырғасының, терінің
бірыңғай салалы еттері. Сонымен қатар организмде етті эпителий
(миоэпителий) торшалары, көз қарашығы мен кірпікшелі дененің
ерекше маманданған жиырылғыш құрамдары болады. Жануарлардың
қимыл-әрекеті, оньщ ішкі ағзаларының жұмысы, тыныс алу, ас қорьпу,
қан айналым, бөлу процестері осы аталған өр түрлі ет топтарының
үйлесімді қызметінің арқасында атқарылады.
225- сурақ. Қаңқа еттеріне қандай қурылымдық ерекиіеліктер тэн?
Қ анқа етгері әрқайсысының қүрамында 20-60 ет талшықтары бар
жеке-жеке ет шоғырларынан құралады. Әрбір ет шоғыры сырт жа-
ғынан дөнекер үлпалы қабы қпен -
перимизиуммен, ал әр талшық -
эндомизиуммен қапталады. Адам мен жануарлар бүлшық етінде тал-
ш ықтар саны айтарлықтай көп шамада (жүзден жүз мыңға дейін)
ауытқып отырады. Әрбір ет талшығының жуандығы (диаметрі) 10-
100 мкм, ал ұзындығы 12-16 см шамасында болады.
Ет торшалары көп ядролы симпластық құрылым жөне ет ұлпа-
сында жеке торшалар анық шектелмеген. Әрбір талшық сырт жағы-
нан шын мәнісіндегі торша қабығымен -
сарколеммамен қапталған.
Оның ішінде
саркоплазма, еттің жиырылғыш жіпшелері -
миофиб-
Достарыңызбен бөлісу: