Неврология модуль


Әдетте шартты рефлекс пайда болуы үшін шартсызға қарағанда күші аз шартты тітіркендіргіштер қолданылады, ал қарама-қарсы жағдайда рефлекс пайда



бет50/83
Дата15.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#122945
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83
Байланысты:
Неврология модуль-emirsaba.org 2

Әдетте шартты рефлекс пайда болуы үшін шартсызға қарағанда күші аз шартты тітіркендіргіштер қолданылады, ал қарама-қарсы жағдайда рефлекс пайда
болмайды. Сонымен, мысал келтірсек, ӛте күшті шартты тітіркендіргіштін әсерінен тағамдық шартты рефлекс тудыру мүмкін емес. Бірақ, зертханалық жағдайда мұндай шартты рефлекстің пайда болуы байқалды. Итке күшті электр тогымен әсер еткенде, алдымен күшті қорғаныс реакция пайда болды (қатты үру, күшею, қашуға тырысу). Бірақ содан соң, бір-неше ұштастырудан кейін барып, жалаңдап, сілекей бӛліп, құйрығын бұлғақтатты. Мұндай нәтижеге қалай қол жеткізді?Ӛз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Жауабы:Итке тағам шартты рефлексін қалыптастыру үшін алдымен индифферентті (шартты) тітіркендіргішті (қоңырау, шам) қолданып, 4-5 секундтан кейін тағаммен (шартсыз тітіркендіргіш) нықтау керек.Және шартты тітіркендіргіш тек бағдарланыс рефлексі болып,күші аз болуы тиіс.Ал бұл жағдайда итке ӛте күшті тітіркендіргіштермен әсер еткенде итте ең алдымен қорғаныштық шартты рефлексі пайда болады.Қорғаныштық шартты рефлексті қалыптастыруда шартсыз тітіркендіргіш ретінде электрлік ток қолданылады. Қорғаныштық рефлекс пайда болғаннан кейін ғана қалыпты жағдайдағы әлсіз шартты тітіркендіргіш шам немесе басқа тітіркендіргіш әсерінен сілекей бӛліп,тағамдық рефлекс пайда болады.

7 тапсырма. Мәселелік тапсырманы шешіңіз


И.П.Павлов зертханасында алғашқы рет дыбысты қолдану арқылы тағам шартты рефлексі қалыптастырылды. Осы тәжірибиені ұлы физиолог студенттерге дәріс
кезінде кӛрсетуді шешті. Алайда кӛрсете алмады. Шартты тітіркендіргіштің әсеріне сілекей бӛлінбеді. «Сәтсіздіктің» себебін түсіндіріңіз. Осы байқалған ЖЖІӘ
заңдылықтарын Павлов кейін қалай деп атады?Осы байқалған құбылыстың адам ӛмірінде пайда болу белгілері мен оның механизмдерін жазып түсіндіріңіз.
Жауабы:И.П.Павловтың рефлекстерді зерттеуі. И.П.Павловтың орталық нерв системасының едәуір ерте пайда болған түзінділері рефлекторлық әсерлерді тума (тұқым қуалайтын) нерв жолдары арқылы, ал үлкне ми сыңарларының қыртысы - жаңадан, яғни организмнің жеке тіршілігі процесінде сансыз кӛп тітіркендіргіштердің әсерімен қалыптасқан, яғни «жасалған» нерв жолдары арқылы жүзеге асыратынын эксперимент жүргізу негізінде дәлелдеді.И.П. Павловтың физиологиядағы ғылыми қызмет кезеңі павловтық кезең деп аталады. Физиологияның таза физиологиялық деп есептелген процестерді зерттеуден психикалық процестерді зерттеуге кӛшуі осы кезеңнің бастамасы болды. Жалпы айтқанда бұл кезеңге мынадай ерекшеліктер тән: 1) организмді оның біртұтас күйінде және табиғи жағдайларда зерттеу; 2) организмнің ортамен ӛзара әсер етуі мен барлық тіршілік процестерінде ми қыртысының жетекші роль атқаратынын тану; 3) нервизм идеясы, яғни нерв системасының организм қызметінің әр түрлі кӛрінісіндегі жетекшілік ролін тану.И.П.Павловтың астың түрі, иісі немесе ол туралы әңгіменің ӛзі сілекей бездерін қоздыратын адамның психикалық қозу күйі деп аталатын құбылыс қызықтырды. Сілекей бездерінің ӛзектері сыртқа шығарылған (ұзақ мерзімдік фистула қойылған) жануарларға эксперимент жүргізу арқылы ол қоршаған ортаның, белгілі бір жағдайлардың сілекей бӛлінуіне әсер ететінін байқады. Мәселен, егер итті әлденеше рет азықтандыруда электр шамын жақса немесе қонырау соқса, бұлайша ұштастыруды бірнеше рет қайталаудан кейін онда осы тітіркендіргіштердің әсеріне ғана сілекей бӛлінеді. И.П.Павлов организмнің мұндай әсерінен үлкен ми сыңарлары қыртысының атқаратын қызметін, яғни алдын ала кӛру немесе есту мүшесін тітіркендіру арқылы алғашында дәм рецепторларын тітіркендіруге, ал кейінірек алдыңғы тітіркендіргіштің тек біреуінің әсеріне рефлекторлық жауап қайтару құбылысын кӛрді.

8 тапсырма. Электроэнцефалограммадағы толқын түрлерін анықтаңіз. Осы толқындар организмнің қандай функционалдық жағдайларында тіркеледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет