Дəм сезу талдағышы №37 Есеп. Тілдің дəм емізіктерінде холинэстераза мол. Олар рецепторлардың қай типіне жатады – біріншілік-сезімтал ма, екіншілік пе? Неліктен? Ацетилхолин екіншілік сезімтал рецепторлардың жасушалары арасындағы медиаторда ацетилхолин болады
№38 Есеп Науқастың тіл жүйкесі екі жақты зақымдалғандығы анықталған.
Мұндай жағдайда қандай бұзылыстар туындайды? Неліктен? Тілдік нервтің зақымдануы кезінде адам тəтті, қышқыл, тұзды сезіну қабілетін жоғалтады. Бұл тіл нерві тілдің ұштарын, арқасын жəне бүйір беттерін инервациялайды, онда, тиісінше, тəтті, қышқыл жəне тұзды қабылдайтын рецепторлар орналасқан. Ащы сезім сақталады, себебі тиісті рецепторлар тілдік-жұтқыншақ нервімен байланысты. Ащы дəмін қабылдайтын рецепторлар тіл тамырында орналасқан.
Иіс сезу талдағышы №39 Есеп. Бөлмеге кірген адам гүлдің аңқыған иісін сезген. Бірақ, біраз уақыттан соң оны сезбей қалған. Бұл бөлмеде ұзақ болған адамдар неліктен бұл иісті сезбейтін болады? Ұзақ уақыт бөлмеде болған адамдар иіс сезгіш анализатордың бейімделуіне байланысты гүлдің иісін сезбеді. Адаптация деп анализатордың осы тітіркену күшіне бейімделуін түсінеді.
№40. Есеп Бір кісіде иіс галлюцинациялары байқалған. Қабылдаудың осындай өзгерістері ми қыртысының қай аймағының қызметінің бұзылысымен байланысты болуы мүмкін? Самай бөлімінің ішкі беті – гиппокамп, галлюцинация иіс анализатордың орталық
(қабық) бөлімі орналасқан алмұрт тəрізді əк нейрондарының функциясының бұзылуымен байланысты болуы мүмкін
Примеры задач по высшей нервной деятельности. 1. Итте қоңырауға, метроном дыбысына жəне тіктеу (шипение) үшін бірнеше тағамдық рефлекстер қалыптастырылған.
Сұрақ № 1. Егер барлық шартты сигналдар бір уақытта берілсе, шартты сілекей бөлу қалай өзгеруі мүмкін? Шартсызға өзгереді
Сұрақ № 2Бұлретте ЖЖІƏ қандайфизиологиялықүрдісбайқалады? Шартты рефлекс
2.Зертханалық жағдайларда егеуқұйрықтарға парентеральды қант суын, содан кейін иммунитетті төмендететін препаратты енгізді. Осының салдарынан егеуқұйрықтарда иммундық жауаптың төмендеуі байқалды (яғни, антиденелер азайды). Содан кейін, қант суын ғана енгізгенде, қосымша дəрі-дəрмектерсіз, егеуқұйрықтарда иммундық жауаптың төмендеуі байқалады.
Сұрақ № 1. Неліктен мұндай əсер байқалды? Шартты рефлекс нəтижесінде
Сұрақ № 2. Шартты жəне шартсыз рефлекстердəң негізгі айырмашылықтарын жазыңыз. Шартсыз рефлекстер – гомеостаз тұрақтылығын сақтау үшін тұқым қуалайтын (филогенезде қалыптасқан) рефлекторлы механизмдер. Шартты рефлекстер – организмнің қоршаған ортаға бейімделу реакциясы.
Сұрақ № 3. Шартты рефлекстерді қалыптастыру кезінде қандай шарттарды сақтау қажет? Шартты және шартсыз тітіркендіргіш әсері бір мезгілде ұштасуы қажет;шартты тітіркендіргіш әсері бұрын берілуі керек;шартты тітіркендіргіш әлсіз әрі талғаусыз болуы керек;ОЖЖ әрекеті қалыпты жағдайда болуы керек;Тәжірибе кезінде бөтен тітіркендіргіш әсер етпеуі керек
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында, əскери-далалық госпитальда морфиннің жетіспеушілігі американдық анестезиолог Генри Бичерді керемет тəжірибе өткізуге мəжбүр етті. Ол жараланған сарбазды морфинсіз емдей бастады, оған физиологиялық ерітінді енгізді жəне бұл ерітінді ауырсынуды күшті басатынын айтты. Таң қаларлығы, науқас бірден босаңсып, ауырсыну, стресс немесе шок белгілерін көрсетпеді.
Сұрақ № 1. Дəрігер ауырсынуды басатын əсерге қалай қол жеткізді? Солдатты сол уакытта физиологиялык ерітіндінін жаксы көмектесетініне сендірген болатын,ал бул солдатка психологиялык сана-сезімге əсер етті
Сұрақ № 2. Жауабыңызды түсіндіріңіз. Бул классикалык Павлов бойынша шартты рефлекс ендіру
Оңқай-адамның үлкен ми жартышарларының ауруы болды. Нəтижесінде көп сөйлеп, сөздері мағынасыз болып, интонациясы бұзылды. Дыбыстарды нақты ажырата алмай, музыкалық есту қабілеті бірден төмендеді.
Сұрақ № 1. Қай жартышардың қызметінің бұзылысы? Сол жақ ми сынары
Сұрақ № 2. Ми қыртысы жартышарларының қай бөлімінің зақымданғанын болжаңыз. Маңдай самай Сұрақ № 3. Осы ми қыртысының жартышарлары тағы да қандай басқа қызметтерге жауап береді? Сол жак жарты шар болса сөйлеу,ретсіз қабылдау,дерексіз ойлау;Оң жак жарты шар болсакөру,кеңістікті түйсіну,құрастыру қызметі,нақты ойлау
Оңқай-адамда үлкен ми жартышарларының бір жағының жарақаты болды. Нəтижесінде ол сөйлеу жəне сөздерді түсіну қабілетінен айырылды.
Сұрақ № 1. Жарақаттан қай үлкен ми жартышар зақымданған? Доминантты сол жарты шар зақымдалған
Сұрақ № 2. Үлкен ми жартышарлардың қай аймақтарында жарақат болған? Сөйлеуге жауапты ми қыртысы,маңдай,самай-төбе бөлімдер
Сұрақ № 3. Бұзылыстың бұл түрі қалай аталады? Сенсомоторлы,тотальды афазия Сұрақ № 4. Жауабыңызды түсіндіріңіз. Амнезиялық афазия
6.Төменде көрсетілген ЭЭГ сызбасында альфа-, бета-, тета- и дельта-ырғақтары берілген. Осы ырғақтардың жиілігі мен ампоитудасын сипаттаңыз жəне олардың пайда болу механизмін түсіндіріңіз (организмнің қандай жағдайларында ЭЭГ ырғақтары тіркеледі).
жиілігі 8-13 Гц амплитуда 50 мкв 4 тета жиілігі 4-8 Гц амплитудасы 100-150 мкв
7.Экспериментальды зерттеу кезінде иттің ми қыртысын тітіркендіргенде алдынғы аяқтарымен қимылдар жасайды.
Сұрақ № 1. Сіздің ойыңызша, мидыңқай аймағы тітіркенуге ұшырайды, түсіндіріңіз.Төбе бөлік,себебі төбе сезу,қимыл аймағы болып табылады
Сұрақ № 2. Бас миының бұл бөлімі тағы да қандай қызметтерге жауап береді? Соматосенсорлы акпаратты кабылдау
Сұрақ № 3. Осы аймақта Бродман бойынша қандай өрістер бөлінеді жəне олардың қандай функциясы бар? 3,2,1 соматосенсорлы аймак,біріншілік аймақ
Инсульттенкейін, оңқайнауқас, заттардың атауын есте сақтамайды, бірақ олардың тағайындалуын дұрыс сипаттайды.
Сұрақ № 1. Оның қай жартышары зақымданған деп ойлайсыз? Сол жак жарты шар
закымдалган,себебі ол есімдерді,сандарды есте сактауга катысады
Сұрақ № 2.Үлкен ми жартышарлары қыртысының қай бөлімі зақымданған деп ойлайсыз? Мандай бөлігі
Сұрақ № 3. Бродман бойынша өрістерді жəне автор бойынша орталықтың атауын көрсетіңіз. 7өріс Пенфилда бойынша
Сұрақ № 4. Мұндай түрдегі бұзылулар қалай аталады? Маңдай үлесінің синдромы
Адам заттардың атауын ұмыта бастады.
Сұрақ № 1. Сөйлеуге қатысы бар қандай орталық зақымданған? Вернике орталығы
Сұрақ № 2. Ол үлкен жарты жарты шардың қандай орналасқан? Адамның сол жақ ми сыңарының самай бөлімінде сенсорлық сөйлеу орталығы бар
Сұрақ № 3. Бродман бойынша өзгерістерді көрсетіңіз Бірінші аймақ — моторлы,Екінші аймақаффективті Үшінші аймақ – көру аймағы Төртінші аймақ-есту Бесінші аймақ-сипап сезу Алтыншы аймақ-дəм сезі Жетінші аймақ сөйлеу.
15.Сіз ұйықтап жатқан адамға жақын келдіңіз. Ұйықтап жатқан адамның бұлшық еттері толық босаңсығанымен тынысы жиі, ритимді емес, ал көздері жабық қабағының астынан қозғалып жатыр. Сұрақ № 1. Адам ұйқтап жатыр ма? ИЯ
Сұрақ № 2. Адам ұйқының қай фазасында? Қалғу
Сұрақ№ 3. Ұйқының осы фазасына сипаттама беріңіз альфа ритм ырғақтарының жойылуы, 1-7 мин.
Ми салқындаған жағдайда неге клиникалық өлімді ұзартуға болатынын түсіндіріңіз? Ми оттегінің барлық қоры таусылғанша клиникалық өлім созылады. Клиникалық өлім-адам өлімінің кері кезеңі. Клиникалық өлім кезінде ағзаның тіршілік əрекетінің сыртқы көріністері - тыныс алу, жүрек қысқаруы жоғалады. Бұл ретте ағзалар мен тіндерде қайтымсыз өзгерістер болмайды. Осы кезеңнің ұзақтығы шамамен 5-6 минут.
Ми қыртысының үлкен сыңарының жұмысын тоқтатқанда адам есінен танады. Ми қыртысында ешқандай бұзылыстар болмаса, қан айналымы қалыпты жағдайда болса, осындай эффект болуы мүмкін бе? Мүмкін,себебі сыртқы факторларға байланысты гипоксия анемияға байланысты болады
Шартсыз тітікендіргіштің əсері шартты тітіркендіргіштің əсерінен 5 секундқа ерте берілді. Сұрақ № 1. Осы жағдайда жануарда шартты рефлекстік реакция қалыптасады ма? Жок,себебі шартты рефлекс калыптасу үшін шартты тітіркендіру ерте берілуі кажет Сұрақ № 2. Классификация бойынша мұндай рефлекстер қалай аталады?
Сұрақ № 3. Шартты рефлекстік реакция қалыптасу үшін қандай ережелерді сақтау керек? Шартты жəне шартсыз тітіркендірудің əсері бір мезгілде ұштасуы керек,шартты тітіркендіргіштің əсері бұрын берілуі керек,шартты тітіркендіру тек бағдарлау рефлексін шыгаратын күйде əлсіз жəне талғамсыз болуға тиіс,тəжірибе кезінде бөтен тітіркендіргіштер əсер етпеуі тиіс, ОЖЖ əрекеті қалыпты жағдайда болуы керек
Ақ егеуқұйрықта шам жанғанда ұясына қашатын шартты рефлекс жақсы қалыптасқан еді. Шартсыз нықтағыш ретінде денесіне тигенде ауыру сезімін тудыратын электрлік тітіркендіргіш қолданылды. Осындай тəжірибенің бірінде шам өшкенсоң бір секундтай уақыт өткенде байқаусызда қоңырау тетігі басылып кетті.
Сұрақ № 1.Егеуқұйрықтың қоңырауға реакциясы қандай болды?
Сұрақ № 2. Берілген құбылыстың механизмін түсіндіріңіз.
Сұрақ № 3. Егеуқұйрықтың ми қыртысында қандай үрдіс жүрді?
Тамақ ішіп жатқан екі ит бақылауға алынды. Иттің біреуіне тамақты ұзақ уақыт əбден ашықтырып барып берді, ал екінші ит күнделікті режімде тамақтанып жүрген. Тамақ ішіп жатқан иттердің екеуінің де аяқтарын əлсіз ауыру сезімін тудыратын тітіркендіргішпен түрткенде, иттердің тітіркендіргішке берген жауаптары əртүрлі болды.
Сұрақ № 1. Иттің қайсысы жеп жатқан тамағынан басын көтермейді?
Сұрақ № 2. Экспериментте қандай физиологиялық үрдіс байқалады? Неге?
Сұрақ № 3. Осы үрдіске анықтама берініз
Сұрақ № 4. Осы үрдістің негізгі сипаттамасы қандай? Екі студент емтиханға түні бойы дайындалуға келісті. Ұйықтамас үшін олар бір бір шыныдан қою кофеден ішті. Бірақ бір студент 30 мин. кейін ұйықтап қалды, ал екіншісі таңға дейін емтиханға жақсы дайындалды. Студенттердің реакцияларының неге əртүрлі болғанын түсіндіріңіз.Бириншиси каты шаршагандыктан кою кофе ол студентке əсер етпеді сондыктан тез уйктап калды,ал екіншісі сергек болатын
Екі жерлес жеткіншек қалаға келіп медициналық университетке оқуға түсті. Бірінші жеткіншек оқуға тез төселді, екінші жеткіншектің мазасы кетті, көңіл күйі түсіп, ұйқысы бұзылды, сабаққа да көңіл қошы болмады.
Сұрақ № 1. Екі студенттің бірдей жағдайға əр түрлі реакцияларын қалай түсіндіресіз?
Сұрақ № 2. Бірінші жеткіншектің орталық жүйке жүйесіндегі үрдістердің жылдамдығы қандай?
Сұрақ № 3. Екінші жеткіншектің орталық жүйке жүйесіндегі үрдістердің жылдамдығы қандай? Сұрақ № 4. Динамикалық стереотип дегеніміз не? Анықтама беріңіз белгілі итіркендіргіштер бірқалыпты ұзақ уақыт қайталай берсе, ми қабығында қозу мен тежелү жүйке процестерінің тұрақты бір ізre салынған жүйелері пайда болады.
Тəулік бойы тамақ, су берілмеген итті бөлмеге кіргізді, бөлменің бір бұрышында тамақ, екінші бұрышында су тұр.
Сұрақ № 1. Қай мотивация доминантты, ашығу ма əлде шөлдеу ме? Ит суы бар шыныаяққа барады, шөлдеу басым болады, өйткені шөлдеген кезде қан плазмасының осмалық қысымының өзгеруі қаупі бар.
Сұрақ № 2. Сіздіңше жануардың мінез құлқы қандай болуы мүмкін? Ұзак уакыттан бері тамак көрмегендіктен,куанышты сезімде болады
Тамақ ішіп жатқан екі ит бақылауға алынды. Иттің біреуіне тамақты ұзақ уақыт əбден ашықтырып барып берді, ал екінші ит күнделікті режімде тамақтанып жүрген. Тамақ ішіп жатқан иттердің екеуінің де аяқтарын əлсіз ауыру сезімін тудыратын тітіркендіргішпен түрткенде, иттердің тітіркендіргішке берген жауаптары əртүрлі болды.
Сұрақ № 1. Иттердің қайсысы жеп жатқан тамағынан басын көтермейді? Бірінші
Сұрақ № 2. Неге? Себебі ұзак уакыттан бері тамактанбаган ит,ештенеге карамастан тамактан бас алмйды Шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін тəжірибеге екі ит əкелінді. Тəжірибе алдында иттің біреуі көп су ішті. Тəжірибе басталды. Басында екі итте де шартты рефлекс қалыпты жүрді, бірақ біраз уақыт өткеннен соң су ішкен итте шартты рефлекс жоғалып кетті. Сырттан əсер еткен ешқандай бөтен тітіркендіргіштер байқалмады.
Сұрақ №1.ОЖЖ бұл процесс қалай аталады?
Сұрақ №2.Бұл құбылыстың себебі неде, рефлекстің жоғалуын қандай фактор шақырды?
Сұрақ №3.Шартты рефлекс қалыптастыруда қандай ережелерді қатаң сақтау керек?
Сұрақ №4. Шартты рефлекс қалыптастыруда (тəжірибеде )жануарлар қандай жағдайда болу керек? Сұрақ №5. Шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштердің өз ара əсері қандай болу керек?
ОЖЖ қандай процесс жəне қандай фактор тамақтанудағы шартты рефлекстің жоғалуын шақырды?
Қорыққанға қос көрінеді. деген мысал бəрімізге танымал
Сұрақ №1.Келтірілген мысалға ұқсас мінез құлықтың негізінде қандай физиологиялық құбылыс жатыр? Уакытша байланыс
Сұрақ №2.Уақытша байланыс дегеніміз не? Бұл шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштерге болатын реакцияны қаматамасыз ететін екі немесе бірнеше қыртыс асты құрылым жəне қыртыс орталықтарының функционалдық бірлесуі.
Сұрақ №3. Уақытша байланыстың тұйықталу негізі неде?
Сұрақ №4. Шартты рефлекс қалыптастыру процесінде қандай негізгі сатыларды атауға болады? Сұрақ №5.Мамандану сатысы нені білдіреді?
Зерттелуші екі адамның біреуі флегматик, екіншісі сангвинник. Екеуінде де шартты қимыл қозғалыс рефлекстері жақсы қалыптасқан: жасыл түс жанғанда түймені сол қолмен, қызыл түс жанғанда оң қолмен басу керек. Зерттеу барысында шам жанғаннан түймені басқанға кеткен уақыт тіркелді, содан соң тəжірибе шарты өзгертілді: жасыл түс жанғанда түймені оң қолмен, қызыл түс жанғанда сол қолмен басу керек болды. Шам жанғаннан соң түймені басқанға кеткен уақыт аралығы зерттелушінің екеуінде де өзгерді.
Сұрақ №1.Шам жанғаннан түйме басқанға кеткен уақыт қалай аталады? Латенттік уақыт
Сұрақ №2. Тəжірибе шартының өзгеруін бір сөзбен қалай атауға болады? Шартты рефлекс Сұрақ №3. ОЖЖ қандай үрдісінде флегматиктің сангвинниктен басты айырмашылығы сипатталады?Флегматик жай өзгереді:олар салмакты тип болып табылады
Сұрақ №4.Зерттелушілердің реакцияға кеткен уақыттары қалай жəне неге өзгерді? Сангвинник реакциясы тез болады,флегматик реакциясы жай болады
Сұрақ №5. Кім тез өзгереді, неге? Сангвинник олар тез өзгереді:олар ширақ тип болып табылады
И.А. Крыловтың мына сөздері бар: «Түлкні ірімшіктін ісі тоқтатты: түлкі ірімшікті көреді, түлкі ірімшікті ұстады!»
№1 сұрақ. Автор жоғарғы жүйке іс əрекетінін қандай белгілі көріністерінің сипаттаған?
№2 сұрақ. Жоғары жүйке қызметінің теориясының негізгі əдістемелік принциптері қандай?
№3 сұрақ. Шартты тамақтануды қамтамасыз етуге шартты рефлексті дамыту кезінде жануар қандай күйде болуы керек?
Сұрақ нөмірі 4. Шартты тамақтануды қамтамасыз етуге шартты рефлексті дамыту кезінде жануар қандай күйде болуы керек?
A.С. Пушкин «Полтава» поэмасында Петр I туралы жазады: «Оның көздері жылтыр, оның беті қорқынышты, оның қозғалысы жылдам. Ол əдемі, ол Құдайдың дауылына ұқсайды ».
№1 сұрақ. Қандай қасиеттер ЖЖƏ-нің түрін дəл көрсете алады? Қозғалысы жылдам
№2 сұрақ. Павлов бойынша ЖЖƏ типтері адамдар мен жануарлардың жіктелуінің жалпы негізі қандай ?
№3 сұрақ. Адамның ЖЖƏ түрлерінің жеке жіктелуінің негізі қандай?
№ 4 сұрақ.. Гиппократ бойынша темпераментдің жіктелуі жəне И.П. Павлов бойынша жоғары жүйке қызметінің түрлері қалай бір-бірімен байланысады?
№5-сұрақ. Мұндай көшбасшының белсенділік қызметін тоқтатуға күшті тітіркендіргіш əсер беруі мүмкін. Бұл тежеудің қандай түрі жəне сыртқы тежеудің қандай түрлері сізге белгілі?
Физиология емтиханында жақсы оқитын студент «қанағаттанарлықсыз» баға алды. Ол қатты жылайды.
Сұрақ нөмірі 1. Оның жай-күйі қандай? Жаман,көніл-күйі жоқ
№ 2 сұрақ. Бұл жағдайдың анықтамасын беріңіз. Эмоция (қобалжу) – физиологиялық функциялардың субъективтік көрінісі,мотивациялар компоненті.
№3 сұрақ.. Эмоциялардың пайда болуын түсіндіретін негізгі теорияны ата? Ч. Дарвин теориясы
№ 4 сұрақ.. Эмоционалдық жағдайдың қандай объективті көрсеткіштері тіркелуі мүмкін? олардың салдары жағынан көрінетін денедегі сыртқы көрінісі мен ішкі өзгерістерін атауға болады
Үлкен қаланың орталық ауданының тұрғыны терезенің сыртында тұрақты қалалық шуылға үйреніп, бұл жағдайда тыныш ұйықтайды.
№1 сұрақ. Қандай үдеріс нəтижесінде күшті көше шуылымен тыныш ұйықтау қабілетіне əкеледі? Адаптация бейімделунің нəтижесінде
№2 сұрақ. Ауылдан туысқандар бұл жағдайға келгенде, ол ұзақ уақыт ұйықтай алмайды. Неліктен? Себебі ауылды жерде ондай шу болмайды,ал калага бірінші келгендіктен үйрене алмады; Бұл жаңа тітіркендіргішке бейімделу реакциясы.
№3 сұрақ. Тəуелділіктің негізінде қандай физиологиялық үдеріс жатыр? Оқыту (пассивті емес).
Бұхара билеушісі Нұх ІІ і кəрі емес, бірақ ауыршан адам болған. Сонда Авиценна көптеген ауруларының ақша жəне биліктен айырылу қорқыныштан туындағанын айтты. Əмір егер дəрігердің келтірген болжамы дұрыс болмаса басын алуға уəде берді. Авиценна осы жолмен өз көзқарасын бейнелеген: үш ұяшық алаңға орналастырылған. Олардың екеуіне қошқарды, ал үшінші ұяшыққа қасқырды отырғызды. Қошқарлардың бірі қасқырды көрмеді, ал екіншісі сұр дұшпанның мүдделі көрінісін үнемі сезінуге мəжбүр болды. Жануарларды тұрақты тамақ пен сумен қоректеніп отырды, бірақ қасқырдың жанында, қорқып тұрған қошқар, екі аптадан кейін ешқандай себепсіз қайтыс болды.
№1 сұрақ. Бұл жануардың қайтыс болу себебін түсіндіріңіз. Менің ойымша, бұл созылмалы стресс(коркыныш) ағзаға тамақты толық сіңіруге кедергі келтіреді, жəне де ағзаның басқа да функцияларына теріс əсер етеді.
№2 сұрақ. Жануар аман қалар еді ма? Егер солай болса, ағзадағы қандай өзгерісінен кейін? Ия аман калар еді,егер қоркуды төмендететін препараттар енгізсе
Адам заттардың атауын ұмыта бастады.
№1 сұрақ. Сөйлеуге жауап беретін қандай орталық зақымданған? Вернике орталығы
Үлкен жарты шардың қандай үлесі ол орналасқан? Адамның сол жақ ми сыңарының самай бөлімінде сенсорлық сөйлеу орталығы бар
№2 сұрақ. Бродман бойынша аймақтарын ата ? Бірінші аймақ — моторлы,Екінші аймақ-аффективті Үшінші аймақ – көру аймағы Төртінші аймақ-есту Бесінші аймақ-сипап сезу Алтыншы аймақ-дəм сезі Жетінші аймақ сөйлеу
34.ЭЭГ –да төбе жəне шүйделік бөліктерде бір адамда дельта- толқындары бір адамда, басқа адамда бета- толқындары жазылған.
№1 сұрақ. Зерттелушілер қандай жағдайда болуы мүмкін? Дельта-толқындар терең ұйқы жағдайында жəне комада көрінеді. Beta-ритм 13-30 Гц шекаралық диапазонында байқалады жəне пациенттің белсенді жағдайында өзгереді
Сұрақ№ 2. Дельта толқындары мен бета-толқындардың жиілігі мен амплитудалық сипаттамаларын беріңіз? Дельта жиілігі 0,5-3,5 Гц амплитудасы 300мкв,бета жиілігі 13 Гц аса,амплитудасы25 мкв
20 жастағы ер адам тұрақты шуыл жағдайында болатын сақиналық жолда орналасқан көп пəтерлі үйде тұрады. Оның əкесі оған ауылдан қонаққа келеді. Келесі күні əкесі шуылға байланысты түні бойы ұйықтай алмай шыққанына наразылық білдірді, ал үй иесінің түнгі ұйықтауы қалыпты болған.
№1 сұрақ. Қандайүдеріс нəтижесінде күшті көше шуылымен тыныш ұйықтау қабілеті пайда болады? Адаптация бейімделудің нəтижесінде
№2 сұрақ. Ауылдан келген туысқандар бұл жағдайда ұзақ уақыт ұйықтай алмайды. Неліктен? Себебі оларға тітіркендіргіш ұзақ уақыт əсер етпеген,бірнеше күннен кейін оларда да бейімделу қалыптасады
№3 сұрақ. Қандай физиологиялық үдеріс тəуелділіктің негізінде жатыр? Талдағыштар
Ньютон мен Архимедтің əйгілі заңдары ерекше жағдайларда ашылған деп айтылады. Біріншісі – үстіне алма құлап түскенде, екіншісі – ваннаға түскен кезде, ваннаның ішінен төгіліп аққан суды көргенде.
№1 сұрақ. Егер солай болса, жүйке қызметінің қандай принципі ғалымдарға осындай ерекше жағдайларда жаңа ашылымдар жасауға мүмкіндік берді? Ньтонның бірінші заңы,Архимед заңы
№ 2 сұрақ.. Оның мəні неде?Ньютонның басына алма құлағанда ол ойланып отырып дүниежүзілік тартылыс заңын ашты; Архимед заңы деп аталатын гидростатиканың негізгі заңын ашты: сұйықтыққа батырылған денеге, бұл дене ығыстыратын сұйықтық көлемінің салмағына тең итергіш күш əрекет етеді.
Жəбірленушіге көмек көрсету кезінде медбике шұғыл көмекке қолданатын шприцті түсірді.
Сұрақ № 1. Бұл жағдайда дəрігер не істер еді, егер дəрігерде мына темпераменттер басым болғанда: сэнгвиник, холерик, флегматик, меланхолик. Холерик медбикеге айкалап,ұрып немесе итеріп жіберуі мүмкін;Флегматик жарайды ештене етпес,баскасын алып келеміз,жаймен айтатын еді;Сангвинник тез баска шприц керек,тезірек алып кел;Меланхолик уайымға салынып,енді не істейміз соңғысы еді ғой
№ 2 сұрақ.. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз? Абай болу керек еді,енди баскасы алып келуге жіберетін едім
№3 сұрақ. Мүмкін болатын реакцияларды түсіндіріңіз. Уайымдау,ұрысу,айкайлау
Итте «ҚОҢЫРАУ» сөзіне шартты рефлекс қалыптасқан.
№1 сұрақ. Шартты сигнал ретінде шынайы қоңырау дыбысын берсек, шартты рефлекс пайда болады ма? Ия
№2 сұрақ. Шартты рефлекс анықтамасын берініз Шартты рефлекстер – организмнің қоршаған ортаға бейімделу реакциясы.
№3 сұрақ. Шартты рефлексті қалыптастыратың негізгі принциптерін сипаттаңыз
Екі иттер - күшті, ұстамды, икемді ( тірі Павлов бойынша) жəне күшті, ұстамсыз, икемді (қозушы, немесе ұстамсыз Павлов бойынша ) типтегі иттерге тамаққа деген шартты рефлексін тербеліс 800 Гц жəне дифференциалдық тежелуге тербеліс 820,880 Гц тудырды . Тəжірибелердің шарттары бірдей болды.
№1 сұрақ. Əр итке қойылған міндеттері қалай шешіледі?
№2 сұрақ. Түсіндіріп беріңіз.
Химик Кеккуле бензолдың формуласын түсінде көргені белгілі. Менделеев периодтық кестені, математиктер Декарт, Пуанкаре, Гаусс, Маньян жаңа жүйелер мен теоремаларды, Грибоедов «Горе от ума» пьесасының жоспары мен 1-ші актісінің бірнеше көріністерін түсінде көрген . Түсінікте Тартини «Ібіліс» деп атаған сонаттарының мотивтерін түсінде «естіген», Рафаэль түсінде өзінің танымал мадоннасының бейнесін «көрді» жəне т.б.
№1 сұрақ. Физиология тұрғысынан осы фактілерді қалай түсіндіруге болады? Түс көру – ұйқы кезінде пайда болады, көбінесе ұйқының пародоксалдық кезеңімен байланысты. Есте сақталған, болған нəрселер ұйқы кезінде əртүрлі болмаған қисындылар түрінде көрінеді.
№2 Сұрақ Ұйқы туралы негізгі теорияны жазыңыз. Гуморалдық; И.П. Павлов теориясы.В. Гесс теориясы. Ақпарат тапшылығы теория.