№8 тапсырма. Мәселелік есепті шешіңіз. Азамат – кәдімгі жеңілтек. Сабақта бір минут тыныш отыра алмайды. Үнемі бірнәрсеге тиіседі, кӛршілерімен сӛйлесіп отырады. Математика сабағында жинақы, іскер әрі қажырлы болуы оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Ӛте тез сӛйлейді – «сӛздерді жұтып қояды». Секіріп-секіріп жүреді. Кезекшң талаптарына бағынбайды. Кез-келген іске тез әуестенеді (жақсы, жаман), бірақ тез жалығады. Мұғалім ескертпелеріне мән бермейді.
«Бәрі мәнсіз» сияқты ортада белсенді. Азамат ЖЖІӘ қай түріне жататынын анықтаңыз. Ӛз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Жауабы: Азамат сангвиник типіне жатады. Оның пысықтығы, іскерлігі және қажырлығы сабақтағы іс-әрекеттерінен байқалады. Кӛпшілдігі оның сабақта біреумен үнемі сӛйлесіп отыруынан, белсенділігінен байқалады. Қызу қанды, қағылездігі Азаматтың тез сӛйлеуінен, секіріп-секіріп жүруінен және кез-келген іске тез әуестенуінен байқалады.
Бірақ тез жалығады. Ондай адамдар сыртқы ӛзгерістерге тез бейімделеді және тӛзімді болып келеді.
№9 тапсырма. Мәселе есепті шешіңіз. Екі зерттелушінің біреуі айқын ажыратылған флегматик, екіншісі – сангвиник. Екеуінде де нақты шартты қозғалыс рефлекстері пайда болған: жасыл жарыққа түймені сол қолмен, ал қызыл жарыққа – оң қолмен басады. Зерттеу кезінде жарық жаққаннан түймені басқанға дейінгі уақыт аралық тіркелді. Содан соң барып тәжірибие шарттары ӛзгерді.
Жасыл түске түймені оң қолмен, ал қызыл түсте – сол қолмен басу керек. Түймені басу уақыты екі зерттелушіде де жарық бергеннен соң ӛзгерді.
№1 сұрақ. Жарық бергеннен түймені басқанға дейінгі аралықтағы уақыт қалай деп аталады?