Үйірме - оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы.
Эссе тақырыбындағы сөз тіркесін табыңыз. (3-4 минут)
Мектептегі үйірме, үйірменің пайдасы
Эссе тақырыбындағы анықталған сөз тіркесін түсінгеніңіз туралы (не туралы?) жазыңыз.
Мектептегі үйірме - оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы.
Зерттеу сұрақтары: Тақырып не туралы? Түсіну сөйлемін қалай анықтадыңыз?
Тақырыптағы алғашқы «Мектептегі үйірме» деген сөз тіркесіне байланысты түсіну сөйлемінің ойы анықталды.
Тақырыптың өзектілігі туралы жазыңыз. (3-4 минут)
Үйірме сабақтары оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді ғылыми көпшілік әдебиетке ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып оны пайдалана білуді үйретеді.
Зерттеу сұрақтары: Тақырып өзектілігінде не мәселе көтеріліп тұр?
Тақырыпқа қатысты көзқарасыңды тезис түрінде (позиция, ұстаным) жаз. (4-5 минут)
Зерттеу сұрақтары: Өз көзқарасыңды тезис ретінде берудің маңызы неде?