№1.АбайҚұнанбаев«Қарасөздерінің»өмірлікмәні Абай Құнанбаев қазақ халқының маңдайына біткен жауһары, сөз өнерінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. Қара сөздерімен өрнектелген қырық бес сөзі, адамның өткен шағын, осы шағын, болашағын бейнелеп тұрғандай-ақ. Менің ойымша, ақынның қарасөздері, өмірлік ұстанымда, өмірлік жолда, адам болып қалыптасуға зор үлесі бар.
Абай Құнанбаев адам болып ерте кезден қалыптасу үшін, дұрыс тыңдай білудің өзі өнер екендігін айтқан. «Бір нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар. Әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек, екінші сол нәрсені көргенде, я естігенде ішінен бірнеше рет қайталау керек...»-деп, дұрыс тыңдай алу үшін, сол нәрсеге зер салып, іштей қайталап, зейін қойып тыңдай білу керектігін айтады. «Тыңдалмаған сөз - жетім» демекші сөздің терең ойын түсіну, қадір-қасиетін ұғыну адам өміріне керекті ең басты қасиет.
Өмірдің бастауы ғылым мен білімде екенін: «Егер балаларыңыздың ақылды болғанын қаласаңыз, оны оқытыңыздар. Ғылым-білімнің барлығы орыстарда»-деп, Абай атамыз өзге тілді меңгеру дүниеге деген көзқарасты өзгертетінін әрі ғылымға бір қадам жақындауға септігін тигізетінін жеткізген. Ендігі бір ойында: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дей отырып, ақын қанша жерден өзге тілді білсең де, өз тіліңе деген махаббатың, сүйіспеншілігің әрқашан биік тұру керек деген мақсат қояды. Яғни өз ана тілін қадірлеп, сүйе білген әр адам өзге тілді де солай құрметтейді, аялайды.
Абай Құнанбаев өмірлік жолда өз-өзіңді шыңдау үшін ақылды бола білу керек екендігін: «Ақыл, қайрат, жүректі теңдей ұста, Сонда ғана боласың елден бөлек», - деп, хакім Абай ақыл дараланбайды, ол тек жалынды қайратпен, мейірімді жүрекпен бір тұтас қасиет деген.
Қорытындылай келе, Абай атамыз өмірдің жолы – соқпақ жол, сондықтан да, оны дұрыс таңдау, ғылым - білімді меңгеруде саналы түрде өмір сүруге болатындығын айтқан. Қарасөздердің тұжырымы ретінде, өмірлік ұстаным ретінде, Абай Құнанбаевтың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтан».