№4. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде неге жастарды Абай арқылы түзеткісі келді?
Шәкәрімнің тақырыптағы терең мазмұнды реалистік шығармаларының бірі «Жастар» деп аталатын өлеңінде ақын өзінің ғибраттты сөздерін жастарға арнайды. Жасөспірім замандастарын ескіден арылып, жаңамен жалғасуға үндейді. Менің ойымша, Шәкәрім бұл өлең
арқылы, Абайдың кемеңгер даналығын асқақтата бағалап, ізгілік жолына түсудің арамдық пен алдаудың зиянын, білім мен ғылым үйренудің шексіз пайдасын түсіндіреді.
Біріншіден, Шәкәрім Абайды өзіне де, өзгеге де Абайды жолбасшы, ақылшы көсем етіп ұсынады:
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық, Абайға, жүр баралық, Білімді сол кісіден ізденелік!
«Әдейі іздеп біз келдік, сізге делік»,- деп, Шәкәрім осылайша Абайдың биік парасатын, болашақтағы ұстаздық жолын, көрегендікпен дәл зерделейді.
Екіншіден, Шәкәрім өз өлеңінде тек қана насихат беріп қоймай, жастарға сыни көзқараспен:
Бұл елде түк ақыл жоқ жарасарлық, Рақым қып бір-біріңе қарасарлық, Өз Абайын өздері ұнатпайды.
Шын надан осында ғой біз қашарлық,-деп өкіне сақтандырады. Осынау айтылған ақылды дұрыс қабылдап, түзелуге бет бұратын жастарға үлгі болар деп үміттенді.
Қорытындылай келе, Шәкәрім өз дәуірінің рухани болмысын, қазақ қоғамының даму дәрежесін жан-жақты түсіне білді. Оның қазақ халқының болашағы үшін жаны ауырып, қанатымен су сепкен, қарлығаш секілді игілікті іс тындыруға, еліне мысқылдап болса да, жақсылық жасауға ұмтылған шығармасында осы сипат айрықша айқын аңғарылады.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында өзінің ерекше шығармашылық өнерімен айқын із қалдырған әнші-ақындардың бірі Ыбырай Сандыбайұлы. «Қалдырған» ойы кіршіксіз, кім-кімнің де талай- талай тауқыметті шақтарды бастан өткеріп, өмірдің өріне көтеріліп, енді тағдырдың түйінді кезеңінде аяқ басқан сезімі сыршыл ақынның жүрегінен туған шығарма. Менің ойымша, Ыбырай сол заманның ащы шындығын айыптау арқылы элеуметтік мәселелерді көтерген.
Біріншіден, сыршыл ақын осы шығармасында өз өміріне шолу жасай отырып, өзгенің қызғылт беттерінен сары алтындай өмірі бұлақ болып, сақал-шашы аппақ қудай қарияға айналғанын:
Қартайғанда, дүние-ай,
Қайдасың, Ыбырай демедіңіз,-деп қураған қарт кәріліктің ешбіріне керек еместігін, айта отырып сол уақытын ауыр өткізетіндігін жеткізген.
Екіншіден, «Жасымнан халқымды сұлу сөздің нәріне қандырған ақын едім, Халқым да мені еркелетіп, маңдайымнан сипап құрмет тұтты. Соның арқасында Сарыарқаны сайрандап ғұмыр кештім. Енді міне, алпыстан асқан шағымда, сұм дүние теріс айналды. Мені іздейтін жан қалмады»,-деп өз өмірін шолып өтті, сонда да атына кір келтірмегенін:
Алпысқа келдім жамағат,
Шықпады ешбір жаман ат,-деп атына кір келтірмегенін абыройлы еңбек етіп, халықтың игілігіне жұмыс істегенін жеткізген.
Қорытындылай келе, Үкілі Ыбырай «Қалдырған» өлеңінің астарын кәрілікпен байланыстыра отырып өз жастық шағына баға беріп, кейінгі жастарға даналық өсиетін қалдыра отырып, өлең жолдарын түйіндейді.