№12.ӘсемӘуен Музыка жүрек тілі, ол-сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ән әлемі адамзат мәдениетінің байлығы, ғажайып дүние, музыкада адамның асқақ асыл ойлары, арман-мақсаты, ізгі-тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен түрлі сезімдері бейнеленеді. Менің ойымша, музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан зор.
«Музыка ұлтқа бөлінбейді» дей отырып, кез келген елдің музыкасына құдды бір ана тілімізде тыңдап отырғандай құмарта құлақ тосамыз. Ұлы музыкант Л. Бетховеннің пікірі «Музыка - тілі жоқ тылсым күш секілді, жүрек түкпіріне терең бойлап, саз сиқырына қалай арбалып қалғаныңды сезбей қаласың». Музыка жан дүниемізді өзге бір әлемге жетелеп, сезім пернелерін дәл басады. Ал қазақ халқы ән әлеміне қалай қараған?
Ән десе ішкен асын жерге қоятын қазақ халқы музыка өнерін:
«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй»,-дейді дана Абай.
Бұл жолдардан музыканың әдебиетімізден, мәдениетімізден, дәстүр- салтымыздан ойып тұрып орын алатынын көруге болады.
Бізде той-томалақ әнсіз өтпейді, тіпті, әнсіз қазақты елестету мүмкін еместігін:
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең»,-деп, дүниеге нәресте келгеннен бастап бесік жыры айтылса, өмірмен қош айтысқанда жоқтау айтылып, адам өмірінің осы екі аралығын ән-жыр ұстап тұрғанын көруге болады. Әсем әуен санаңды тынықтырады, жаныңды жадыратып, ғажайып күйге бөлейді, қысқасы, ән-көңілдің ажары. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазынаның ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра, біз сол музыка аясында өмір сүреміз.
Қорытындылай келе: «Өлең-алтын, Сөз-күміс» .
8-сынып О.Назерке
№13.ҚазақстанжәнеБҰҰ:болашағымендамуы Біріккен Ұлттар Ұйымы бірегей халықаралық ұйым болып табылады. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, елдер арасындағы достық қарым- қатынастарды дамытуға және әлеуметтік прогреске көмек көрсетуге, өмір сүру жағдайын және адам құқықтары саласындағы істердің жағдайын жақсартуға бағытталған бағыттың жақтаушысы болып табылатын 51 елдің өкілдерінен құрылды. Қазақстан Республикасы 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болды. Соңғы 19 жылда БҰҰ агенттіктері макроэкономикалық реформа, әлеуметтік аспектілер, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқаруды жақсарту саласындағы бірқатар стратегияларды, бағдарламалар мен заң жобаларын әзірлеуге қолдау көрсетті. Менің ойымша,бұл өте жақсы көрсеткіш.
Біріншіден, БҰҰ үйымына мүше кезінде Қазақстан мемлекеттердің халықаралық қоғамдастығына табысты кірігіп қана қоймай, елеулі орын ала алды. Демек, біздің мемлекетіміздің осы ұйыммен қарым-қатынасы сол кезден бастап өте жақсы болғанын көре аламыз.
Екіншіден, Қазақстан Республикасы БҰҰ ұйымының екі өңірлік комиссиясының мүшесі болып табылады: Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК) және Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТМЭӘК) және Қазақстан БҰҰ-ның негізгі және көмекші органдарының құрамында дәстүрлі түрде кеңінен ұсынылған. Бұл Қазақстанды шет мемлекеттермен қарым-қатынасқа шығарады. Демек, Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның көмегімен шет мемлекеттермен жақсы қатынас орнатып, тіпті сол мемлекеттермен бір комиссияда орын алды.
Үшіншіден, БҰҰ-да қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы Қазақстанның белсенді рөлі зор. Біздің мемлекетіміздің осы саладағы барлық жасалған халықаралық келісімдерге бейімділігі жалпыға танылған. Қазақстан көлемі бойынша әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болудан ерікті түрде бас тартқан ел ретінде әлемде үлкен беделге ие. Демек,Қазақстан БҰҰ арқылы өзінің ядролық арсеналын дамытып, әлемге әйгілі болды.
Қорытындылай келе, Қазақстан БҰҰ ұйымында 25 жыл ішінде көптеген табыстарға жетті. Осы ұйымның арқасында мемлекетіміз әлемге танылып, ұлтаралық мемлекеттер арасында өз орнын алды.