Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы


Кадырбеков Кайсар 57 №8. Ғасырлар өте қазақ даналығының құдіреті өзгермейді



бет18/26
Дата15.01.2023
өлшемі461,32 Kb.
#61374
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
Жинақ. Эссе жазудың тиімді әдістері 9 02.2022ж.

Кадырбеков Кайсар



57

№8. Ғасырлар өте қазақ даналығының құдіреті өзгермейді...


Жүсіп Баласағұн мен Абай Құнанбайұлы – қазақтың көрнекті зиялыларының екеуі ғана. Екі данышпан атамыз да өз шығармаларында дұрыс мінез-құлыққа шакырады.Менің ойымша, Ж.Баласағұн мен А. Құнанбайұлының көзқарастары ұқсас. Ендеше «Құтты білік» және
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін салыстыра отыра өз позициямды дәлелдейін.
Ж. Баласағұн да, А. Құнанбайұлы да 5 нәрседен алыс болу керектігін
«Құтты білік» шығармасында :
«...Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап, Жақсы атымен дақ тигізбей намысқа.
Ұшқалақтық – бірі, екіншісі – сараңдық, Үшіншісі – ашу, оған егіз – надандық.
Қырсығың сор, бетті жер қып жүргізер,
Бесінші – өтірік, жерге тірі кіргізер...» - дейді. Ал А. Құнанбайұлы
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:
«...Бес нәрседен қашық бол, Бер нәрсеге асық бол...»;
«Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз...» - дейді. Яғни екі ақын да өздерінің ойынша аулақ болу керек 5 істі айтады. Бірақ бұл олардың көзқарастарының жалғыз ұқсастығы емес.
Екі ойшыл да данышпан адамдар сияқты болуға тырмысу керектігін:
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде мынадай тармақтар бар.
«...Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болу қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз...». Ал «Құтты білікте»:
«...Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы,
Білімді сөз – шырын, жанның құнары...» - деген жолдар бар. Демек, Абай атамыз да, Жүсіп атамыз да ұлылардан үлгі алу керектігін айтқан. Мен осы адамдардың көзқарастарынан тағы да бір ұқсастық таптым.
Түркі жұртының философы да, қазақтың ұлы ақыны да білімнің өзің үшін керектігін Абай ақын:
«...Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл. Біреу үшін үйренсең
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі – тұл...» - десе, Жүсіп Баласағұн:
«...Білім байлық, азаймас һәм жоғалмас,
Ұры-қары қол тигізіп ала алмас!...» - дейді. Сонда бабаларымыз білімді әр тұлға өзі үшін алатындығын баяндаған. Мен өз позицияма сай жеткілікті дәлел келтірдім деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, Жүсіп Баласағұн мен Абай Құнанбайұлының ойлары бір жерден шыққан. Екеуі де белгілі бір әдеттерден алшақ болуды, білімге талпынудан ешқашан арылмауды жөн санайды. Ж. Баласағұн мен А. Құнанбайұлы әртүрлі ғасырларда өмір сүрсе де, өмірге деген көзқарастары бірдей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет