№9. Егер менде саяхатқа шығу мүмкіндігі болса, қайда барар едім?
Отаның Қазақстан болса, өз еліңде саяхаттаудан артық не бар? Абырой болғанда елімізде тауларды да, жазықтарды да, шатқалдарды да, қайталанбас табиғи феномендерді де, тарихи ескерткіштердің сан алуанын да, көз таптырмас сәулет өнерін де тамашалауға болады. Менің ойымша, егер менде саяхаттау мүмкіндігі болса, мен «Таңбалы қырма» суреттер кешеніне барар едім. Неліктен?
Таңбалы-тас кешені түркі халықтарының тарихымен, мәдениетімен тығыз байланысты. Оған дәлелім, петроглифтер мерзімі – б.з.д. XIV-XIII ғ., б.з. VI-VIII ғ. аралығы. Олар ежелгі көшпелі тайпаларға тиесілі. Расында да, бұл қырма суреттер бір емес, бірнеше халықтың арғытектеріне тиесілі. Таңбалының қазақ халық фольклоры мен тарихындағы орны қандай?
Таңбалы қырма суреттері қазақ халқының ежелгі өмір салты мен мәдениетін көрсетеді. Таңбалы кешенінде орналасқан 5000-нан аса суреттерде ежелгі көшпенділер мен олардың қоныстары, жануарлар, шоқпар-ұстаушылар, жауынгерлер және т.б. бейнеленген. Яғни, жоғарыда аталған петроглифтер ата-бабаларымыздың өмір салтын ғана емес, біздің заманымызға жатпайтындықтан, халқымыздың біздің заманымыздан бұрын өмір сүргенін дәлелдейді. Таңбалы петроглифтері түркі жұртына ғана белгілі ме?
Таңбалы тас кешені Бүкіләлемдік дәрежеге ие. Оған дәлелім, 2004 жылы осы петроглифтер кешені ЮНЕСКО-нің Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген. Шынымен де, Таңбалы тастағы қырма суреттер кешені әлемге әйгілі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мүмкіндігім болса мен міндетті түрде Таңбалы тас кешеніне барамын. Ол тек қана Қазақ елінің аумағында ғана емес, төрткіл дүниежүзінде жоғары дәрежеге ие, әрі қазақ халқына ғана емес, барша түркі ұлттарына тиесілі. «Туған елдің тасы да танымал» демекші бәлкім келесі жылы жазғы демалыста Түркия мен БАӘ-нің орнына Таңбалыға барармын?!
№10. «Сал-серілердің» тағдырынаәсереткен элеуметтік мәселелердіталдапжазу. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алтын қорынан өз туындыларын қалдырған әрі ақын әрі сазгер, сал-серілер тобы. Сол кездегі сал- серілердің өн бойына сіңген өнерлерінің бағаланбай қалуы негізгі себеп. Менің ойымша, сол қоғамда ақын, сал-серілер әр алуан әлеуметтік мәселелерді өз өлеңдерінде көтерген.
Балуан Шолақ өлеңдерінде өмір бойы үстемдікке, зорлық пен қиянатқа қарсы күресіп өткен халық өмірін жаңа ырғақпен жырлайды. Алайда, халық ақынның «Қынжыл» өлеңінде:
Жаманға айтқан сөзің еш қонбайды,
Ағады құлағынан сөздің бәрі,- деп сөз елемеген халқына күйініші мен ренішін жеткізеді.
Жаяу Мұса өз айналасындағы өмірдің ащы шындығын, оларды бағаламай, жер айдағанын ашып көрсетеді:
Неше жыл жүрсемдағы мен айдауда,
Шыдаймын, қажымаймын денім сауда,-дей келе ғажайып өжеттік танытқан ақын халыққа деген ыстық сезімдерін осылайша суреттейді.
Қорытындылай келе, сал-серілер тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер көп екеніне көзім жетеді. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деп, дана халқымыз айтқандай, дер кезінде сол асылдарымызды бағалай алмадық. Өнері мен асыл сөздеріне қанығып өсу ұрпақтың міндеті.