№11.Білім-өміршырағы»дегентұжырымдыдәлелдеңіз Білім деген- әлемді өзгертуге қабілетті ең қуатты қару. Білім нәрімен сусындап, алған білімді орынды жұмсап, біз хат жазысып, жұмыс істеп, көптеген тәжірибе жинап жүрміз. Менің ойымша, адамдарды қараңғылықтан жарық дүниеге шығарған, оларға тәлім-тәрбие берген, дұрыс жолды нұсқайтын бірде-бір нәрсе ол-білім. Қалай ойлайсыздар, білімділігімен аты әлі күнге дейін өшпеген адамдарды атай аламыз ба?!
Білім атасы Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады. Ол физика, логика, биология сынды ғылым салаларының негізін ашқан. Сондықтанда, Аристотель адамзаттың бірінші ұстазы деген құрметті атаққа ие. Бірінші ұстаз болу әр пән бойынша ізденушілік пен игеруді талап ететіндігі айдан анық.
Дүниенің білім тарихынан құрметпен орын алған ерекеше тұлғаның бірі деп әл-Фарабиді атап айтуға болады. Әл-Фараби физика, математика сынды ғылымдарға үлес қосқаны үшін оны Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы деп атаған. Ол білім негізін жарыққа шығару үшін көп еңбек еткен. «Ебек-бәрін жеңбек» деген мақал тауып айтылса керек...
Білім негізін қалаған тағы да бір ұлы тұлғалардың бірі- Ы. Алтынсарин бар саналы ғұмырын білім беруге арнаған. Ол қазақ балаларына арнап алғаш мектептер ашып, алғашқы оқулықтар мен көркем шығармалар жазған. «Кел, балалар оқылық!» өлеңімен балаларды оқуға шақырған. Сол себепті, Ыбырай Алтынсариннің есімі қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталып қалған. «Ұстаздық еткен жалықпас ұйретуден балаға...» деп айтылған сөз Ыбырай ұстазға арналғандай...
Қорыта келе, білімсіз-өмірдің мәні жоқ. Адам көп оқып ізденгенде, еңбектенгенде, жалықпағанда ғана білім өмірдің шырағына айналып, өзінің арман-мақсаттарына жете алады.
Оқу, білім-жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң, Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң,-деген Жүсіпбек Аймауытовтың өлеңімен өз ойымды қорытындылаймын.