Көркем аударма-әдеби шығармашылықтың бір түрі,бір тілде бар шығарманың басқа тілді қайта жаңғырылуын айтамыз. Әдебиет-тілдік шекарасы өнердің бар жалғыз түрі болып табылады. Көркем аударма тілмен коммуникативті тұрғыда байланысып қана қоймай, сөз мұнда әдебиеттің «алғашқы элементі» рөлін яғни эстетикалық қызмет атқарады. Көркем аударманың ерекшелігі оның аударма нысанына тәуелділігі болып табылады. Кеңес үкіметінен бері келе жатқан көптеген жазбалар мен шығармаларға назар аударсақ қазақ авторларының орыс тіліндегі сөздер мен ұғымдарды, біздің қазақ тілімізге мүмкіндігінше оңай әрі жаңартып жасап шығарғанын байқауға болады. Осының арқасында тілімізде жаңа сөздер, жаңа терминдер, жаңа тіркестер, жаңа ұғымдар құру жолдары пайда болды. Бұл жаңашылдықтарды көркем әдебиеттен ғана емес, сонымен қатар ғылыми әдебиеттен де байқауға болады.
Қазіргі таңда аударма құрылымын жай қарап шығудың өзі күрделеніп кеткені анық. Аударма қазіргі заманда тамыры терең жайылып, танымалдылық алып жатқан салалардың бірі. Аударма өмірді жаңа қырынан ашып көрсететін, тәрбие беріп, білім таратумен шектелетін құрал ғана емес, ол халық пен халықтарды жақындастырушы, таныстырушы, достастырушы әрі қауыштырушы. Әлемдік лингвистикаға көз жүгіртетін болсақ, аударманың негізін қалаушы А. Федоров, В. Виноградов, И. Резвин, К. Райс, О. Каде, Ю. Найда, Ж. Мунин, А. Швейцер, Я. Рецкер, В. Комиссаров, А. Латышев, З. Львовская сияқты ғалымдардың есімдерін атап өтілгенін байқауға болады. Осы атап өтілген ғалымдардың еңбектерінде “аударма” термині алғаш рет айтылып, талқыланған. Ғалымдардың ойынша, аударылып жатқан мәтіннің өзге тілге аударылуында лингвистикалық заңдылықтар сақтала отырып, түпнұсқа сол тілде сөйлейтін халыққа түсінікті болып, ұлттық мәндер көрсетіліп ұмытылмауы тиіс. Бұл туралы В.Н.Комиссаров: «Аударылатын мәтін аудармашының мәдениетіне көшуіне қарамастан, аударылған мәтінде түпнұсқаның мәдени құндылықтары мен бояуы сақталуы керек» - деп айтып өткен.