Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы



бет6/9
Дата26.06.2022
өлшемі42,44 Kb.
#37322
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
улбала курстық жұмыс

Аудармашы- бір тілдегі айтылған мәліметтер мен сөздерді, жазылған жазбаларды, ауызша және жазбаша, түсінікті әрі нақты өзге тілге немесе тілдерге аударатын маман иесі.
Аудармашыға қойылатын басты талаптар:

  1. Аудармашы мамандығын таңдаған адам ең алдымен аударатын өзге тілді жетік меңгеруі тиіс. Сонымен қатар, өзінің ана тілінде толық білуі, сөздік қорының бай болуы, бейнелеу және ойлау қабілетінің жақсы жұмыс істеуі тиіс.

  2. Аудармашы әр ғылымнан хабары бар, кешегі мен бүгінгіні жақсы білетін, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, мол білімді адам болуы керек.

  3. Аудармашы өзге тіл мен ана тілін біліп қана қоймай, екі тілдің бейнелеу ерекшеліктері мен аударма теориясының айырмашылықтарын да білуі қажет.

  4. Аудармашы саяси, идеялық және теориялық білім жағынан сауатты болуы керек.

Қазақ аудармасы ұлтымыздың мәдениетіміздің және әдебиетіміздің әрі публицистиканың құрамдас бір бөлігі ретінде дамып отырғанда, оның теориясы, тарихы, жеке аудармашының шеберлігі жайында алуан түрлі пікірлер айтыла басталды. Одан бөлек авторлардың монографиялық зерттеулері, жинақтары мен мақалалары жарияланды. Белинскийдің айтуынша, аударма саласының ең басты мақсаттарының бірі: халықтардың бір-бірімен танысып, өзара идея алмаса отырып, соған орай, әдебиеттерін дамыту. Аударма әдебиеті жеке бір жанр емес, ол ана тіліміздегі әдебиетіміздің барлық жанрын қамтитын ажырамас бір бөлігі болып табылады. Аударма әрдайым адамдар, ұлттар, топтар, тайпалар мен халықтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың алмасуы, елдерді танудың құралы әрі дәнекері.
Қазақ аудармасының тарихы тереңде жатыр дегенімізбен,оның тарихи өркендеп, дамыған сатысын белгілі жүйемен зерделеп, ғылыми, әдеби жағынан бір топқа, бір арнаға түсіру керектігі байқалады. Мұның бір себебі: аударма теориясын зерттеу 20-шы жылдарда қолға алынды. Сондықтан, қазақ халқының әдебиетіндегі бізге байырғы заманнан жеткен шығармалардың қайсысы түпнұсқа, ал қайсысы аударма екені айырылмаған. Бұрын, қазақ жазбаларында ислам дінінің, сонымен қоса, араб, үнді әдебиетінің үлгілері таралғаны мәлім болса, бірақта сол үлгілердің аудармаларын кімдер жасағаны әлі күнге дейін белгісіз.
Ғылыми әдебиетте аударма жайында алғаш пікір айтқан маман Сәкен Сейфуллин болатын. 1914 жылы «Айқап» журналында жұмыс жасаған И. Лихановтың қазақ өмірінен алып жазған «Манап» драмасы жарияланды. Көп кешіктірмей осы драма жайлы С. Сейфуллиннің пікірі жарық көрді. Ол кісінің пікірінше: «Оны қазақша сөзбе-сөз аударған. Сол үшін сөздері нағыз әрі нақты қазақша болып шықпаған» деп қорытындылаған. Сондықтан да, аудармашы аударылатын мәтінді түпнұсқасы мен байланыстыра отырып аудару керек, ал аударма нақты әрі түсінікті болуы қажет.
Қазақ аударматану ғылымының зерттелуі А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Әуезовтың еңбектерінен бастау алған. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ тілін жойылып, ұмытылып кетуден сақтау, лексикалық қорын сақтау, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру шараларында А. Байтұрсыновтың тіл білімінің маңызды терминдерін қазақ тіліне аудару, Қ. Жұбановтың қазақ терминологиясы туралы тұжырымдарын, М. Әуезовтың көркем аударма мәселелеріндегі пікірлерін атап өтуге болады.
М. Әуезов аударма туралы ойларын жалғастыра отырып, тағы бірнеше мақалалар жариялаған. Мысалы, «Ревизордың аудармасы туралы» (1936), «Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?»(1937), «Евгений Онегиннің» қазақшасы туралы(1937), «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалары» (1937). Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма саласына үлкен үлес қосқан М. Әуезов осы керемет дамып жатқан кезеңді дәл түсініп, осы құрметті істі қолға алушыларға көмек ретінде, қолдау мақсатпен арнайы жазылған мақалаларында жазушы ең алдымен аударма түпнұсқаның сөз байлығын, ой тереңдігін, стиль ерекшеліктерін дәл беруді міндет санайтынын атап өткен. М. Әуезовтен кейін аударманы салиқалы әрі маңызды еткен адам – белгілі сыншы, әдебиетші М. Қаратаев. Оның 1937 жылы жарияланған «Жүз жылдан кейінгі Пушкин», «Пушкин мен Абай» деген екі мақаласында орыс халқының тумасы ұлы ақынның адамзатқа, Абайға, қазақ ақындарына тигізген игі әсерін әңгімелей келіп, соны аударудағы қиыншылықтар мен ұстанымдарды және ерекшеліктерді талдап кетеді.
М. Әуезовтың пікірлерінен соң кейінгі жылдарда бір тілден екінші тілге аударудың тілдік мәселелеріне арналған, оның ішінде көркем әдебиеттің аударылуы қарастырылған бірнеше жұмыстар пайда болды. Бірқатар жұмыстарда қазақ көркем әдебиетінің ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі аудармалары зерттелді (Ю. Сушков, Д. Алтайбаева, З. Жантикеева, Ә. Ипмағамбетов және т.б.). Бұл еңбектер қазақ аударматану ғылымына айтарлықтай үлес қосқандығын сеніммен айта аламыз. Аударма мәселесінің шындап қолға алына бастаған уақыты- елуінші жылдар. Осы жылдары халыққа З. Ахметовтың « Лермонтов және Абай », С. Қирабаевтың Спандияр Көбеев жөнінде, Ә. Дербісалиннің Ы. Алтынсарин жөніндегі еңбектерінде де аударма үдерісі сөз болды. Ал 1975 жылғы К. Канфиеваның «Развитие переводческого искусства в Казахстане» деген тұжырымдары республикамызда аударма өнерінің қалай дамып, қалыптаса бастағанын сипаттайды. 50- жылдардың екпіні 60- жылдары күшеймесе бәсеңдеген жоқ. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтында тіл мәдениеті мен аударма мәселелерін ғылыми тұрғыда тексеріп, талдаудың жоспарын құрып, арнаулы бөлім мен топ құрды. Зерттелетін нысан мен мәселелердің басы ашылып, бағыт- бағдар белгіленді. 60- 70 жылдарда аударматану саласында бірқатар зерттеулер жүргізілді, бірақ олардағы аударма мәселелері тағы да әдебиеттің, шығармашылықтың шеңберінде болды. Аударманы ғылыми- зерттеу жұмыстарының нысанына түбегейлі айналдыруда С. Талжанов пен Ә. Сатыбалдиевты алдымен айту керек. Белгілі ғалым С. Аманжоловтың еңбектерінде де аударма мәселесі теориялық және практикалық тұрғыдан сан рет қаралып, салиқалы ой-пікірлер айтылған.
Қазақ аударма тануына алғаш рет таза лингвистикалық тұрғыдан келген зерттеу Ө. Айтбаевтың «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» атты еңбегі. Бұл- 70-інші жылдарда орыс тілінен қазақ тіліне аударылған көркем шығармадағы фразеологикалық тілдік бірліктерді тілдік стильдік тұрғыдан жүйелі етіп талдаған алғашқы еңбек. Содан бастап ғалым әрі терминжасам мәселелерінде жүйелі түрде зерттеді. Оған дәлел, «Основы казахской терминологии» (Алматы: Арыс, 2000 ) «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы» (Алматы: Ғылым, 1988) «Терминдер және олардың аудармалары» (Алматы:Ғылым, 1990) «Қазақ сөзі» (Алматы:Рауан, 1997) «Терминжасамдағы аударманың орны» атты еңбектері.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттер мен басқа да құрылымдармен байланыстарына орай соңғы жылдары аудару іс-әрекетінің нысаны ұлғайып, көркем аудармамен қоса, күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әр алуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар, жарнамалар, және т.б дүниелер аударма жолы арқылы жүзеге асырылуда. Жазбаша аудармамен қатар ауызша аударма жеке жанр ретінде байқалуда. Бұрын бір тілден екінші тілге аудару іс-әрекеті орыс тілі мен қазақ тілінің арасында көрініс тауып келген болса, енді өзге де еуропалық тілдерден және қытай, жапон, парсы, араб, түрік тілдерінен қазақ тіліне тікелей аулару тәжірбиесі белгіленуде. Қазақ тілінен өзге тілдерге аудару ісі де қолға алына бастады. Бүгінге дейін орыс тілінен қазақ тіліне аударылған әлебиет- қазақ мәдениетіндегі күрделі арна болып табылады. Сандық және сапалық көлемі жағынан ауқымды аударма нұсқалар қазақ әдеби тілінің динамикалық жай-күйіне елеулі әсер етті. Аударма ұлттық әдебиеттің өскелең бір саласы деген өлшем берген әдеби сыншылар, жазушылар және журналистер көркем төл әдеби туындыны әдеби ғылыми, мәдени тұрғыдан қалай сараптап өткізсе, әрбір аудару шығарманы да сондай дәрежедегі талқыға салуда.
Бүгінгі таңда қазақ елінде аударма ісі күнделікті қажетті үдеріске айналып жатқаны заңды құбылыс. Қай халықтың тарихын оқып қарасақта, ол өзінің мәдени, рухани байлығын, экономикалық, техникалық, шаруашылық өресін ең басты екі негізден алып, дамытып отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі өзге елдің мәдени, рухани, тарихи байлығына иек арту.
Қазақ тілінің сөздік құрамының баюына көркем аударманың үлесі зор. Көркем аударма қазақ тілінің лексикалық қоры және терминологиясын байытудың бірден-бір сәтті жолы. Ана тілімізге аударылған көркем шығармалар терминологиялық лексиканы қалыптастыруға үлкен үлес қоса алатын құнарлы қайнар көздердің бірі.
Осы арада белгілі орыс жазушысы Л. С. Соболевтің мынадай сөзін айта кеткен жөн: «Егер орыс прозаигі, драматургі немесе ақыны әдебиетін орыс тіліне аударып отырған халыққа жанымен берілген болса, егер сол халықтың тарихын, дәстүрін, негізгі жұмысын, салтын жақсы білсе табиғатын сүйсе, осы халықты сезінсе, онда аударма ісінің нәтижесі де керемет болмақ». Ұлы аудармашы болу үшін ұлы ақын немесе ұлы жазушы болу шарт емес. Немесе екі тілде еркін сөйлеп еркін аудару да емес. Аударып отырған шығарманың мазмұнын жүрегімен қабылдап, туған тілдей жазылған тілін сезіне білу керек. Сонда ғана аударма оқырманға аударма емес түпнұсқадай түсінікті әрі жақын болады. Қазақ аудармасының тарихы тереңде жатыр, оның тарихи өркендеу сатысын белгілі жүйемен зерттеп, ғылыми-әдеби жағынан бір ізге, бір арнаға түсіру қажеттілігі байқалуда. Ғылым тілі мен көркем әдебиет тілін бір-бірінен бөліп жаруға болмайды. Ұлттық әдеби тілдің лексикалық қорының, атқарымдық стилінің өзіне тән ерекшеліктері бар, дегенмен олар халық тілінің ажырамас бөлігі ретінде үнемі өзара тығыз байланыста дамиды. Сондықтан тіліміздегі термин шығармашылығын тек ғылыми әдебиеттермен, терминологиялық сөздіктермен ғана байланыстырмау керек. Өйткені, ғылым тілі ұлттық әдеби тілден бөлек өмір сүрмейді.
Қазақ тіліндегі ХХІ ғасыр басында жасалған көркем аударма қорының негізгі басым бөлігі орыс тілінен аударылған. Әлем әдебиетінің екі жүзден астам шығармасының қазақша аудармасын орыс тіліндегі нұсқасымен салыстыра отырып қарастырғанда мол сөз байлығы жинақталды. Кірме сөздердің көркем аудармалардағы қолданысын , оларды жазушы қауым мен аудармашылардың қалай игеріп жүргенін анықтау да аударма тілін зерттеушілер тарапынан атқарылуға тиісті жұмыстардың бірі деп есептеймін.
Бір ұлттық тілде жазылған көркем шығарманы екінші бір ұлттық тілдің көркемдік бейнелеу құралдары арқылы қайта жасау, аудару оңай емес. Ал, түпнұсқа белгілі бір ұлттың ұлы ақынының шығармасы болса, оның ұлттық сипаты барынша анық, беделді болса, онда оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар, үлкен талантты талап етеді. Аудармашы таланты – айрықша талант. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болумен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт. Сонда ғана ол аудармашы ретінде түпнұсқаның мазмұны мен пішінін толық игеріп, өз аудармасында олардың арасындағы байланысты, келісім мен жарасымды, тұтастықты сақтауға мүмкіндік табады.
Адамзат қоғамы бір ұлттан ғана құралмай, жүздеген, тіпті мыңдаған ұлттардан тұратын әркімге аян. Халықтар ынтымағын нығайту жолында көркем аударма елеулі қызмет атқарды. Аударма не үшін жасалған? Орыстың ұлы ойшыл сыншысы В.Г. Белинский 1844 жылы бір мақаласында көркем аудармаға тоқтала келіп, мынадай бір пікір түйген: «...аударма көбінесе түпнұсқаны оқырмандарға және оқуға мүмкіншілігі жоқтарға арнап жасалады, ең бастысы бір халықтың әдеби тіліндегі шығармаларды екінші халықтың тіліне аудару ісіне халықтардың өзара таныстығы, идеялардың өзіндік ауыс – түйістігі, содан келіп әдебиеттің көрнекті және ақыл – ой еңбегінің дамуы негізделеді». Бір тілдегі көркем шығарманы екінші тілге қарай аудару қажет екендігі туралы пікірталас басталғалы талай замандар өтті. Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі. Әдеби аударма халықтардың бірін – бірі тануына, рухани жағынан жақындасып, туыстасуына айтулы көмек көрсететіні белгілі. Көркем аударма жекелеген қалам қайраткерлерінің ғана емес, бүкіл бір елдің әдебиетіне әсерін тигізеді. Әдебиет тарихында бір жазушының шығармаларына әр кезде әр түрлі аудармашылар ілтипат білдіреді. Осының нәтижесінде бір туындының бірнеше аудармасы сақталады. Олардың ішінде сәттісі де, сәтсізі де кездесуі мүмкін. Кейде көптеген авторлардың өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, сәтсіздіктер де бой көрсетіп қалады. Мүлде шалағай аудармалар енгізілуімен қатар, біршама аудармаларда ақынның ойы бұрмаланып өзгереді, сөйтіп шығарманың идеялық – көркемдік қасиетіне едәуір нұқсан келтіріліп, түпнұсқаның мән мағынасы жойылады.
Көркем аударма нысаны болып көркем шығарма саналатыны айқын. Көркем шығарманы немесе әдебиетті аудару кезінде аудармашы бірқатар қиыншылықтарға тап болады. Көркем шығарма мәтіні экспрессивті немесе эмоциональді, эстетикалық ақпарат беретін құрал болғандықтан, оның оқырманға немесе тыңдарманға образды-эмоциональді әсер ететін ерекшелігі бар. Сол себепті, аударманың бұл түріне және көркем аударма жасаушыға қойылатын талаптар өте ауыр. Әдеби шығарманы аударғанда, әсіресе өлең жолдарын аударуда, оның ырғағы мен мағынасын бере отырып аудару керек.


Мысалға алып қарайтын болсақ: Абайдың өлеңдерін аудару.
Абайдың өлеңдері жанрлық ерекшеліктеріне қарай түрліше көркемдік бейнелеу құралдарының қызметімен ерекшеленеді. Қайсы бір жанрдағы өлеңдер тобында көркемдік бейнелеу құралдары күрделі, ұлттық реңі бай болып келсе, енді бір жанрлық топтағы өлеңдердің тілі қарапайым, нақты.
Алғашқы жанрлық топтағы өлеңдерді басқа тілге аудару аудармашыдан үлкен еңбекті, көп ізденісті талап етсе, кейінгі топтағы өлеңдерді аудару едәуір жеңіл.
Абаймен ақындық жарыстыра отырып аудару оңай емес. Бұған Абай өлеңдерінің аудармалары толық негіз бола алады. Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі көлемді болғанмен, көркемдік бейнелеу құрал-дарының молдығы және күрделілігі жағынан аудармашы үшін аса көп қиындық келтір-мейтіндей көрінеді. Шындығында олай емес, аудармашылар бұл өлеңді қинала аударғандай әсер туады. М.Петровых, Ә.Қодар аударма-ларында «Ғылым таппай мақтанба» түрлі түрғыдан, түрлі деңгейде байымдалған, аудар-малардың көркемдік-эстетикалық дәрежелері де түрліше болып шыққан.
Қазақшасы:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа кулуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өлең жолдарында көркемдік бейнелеу құралдарының ішінде жиі қолданылатын теңеу де, эпитет те жоқ, басқа бейнелеу құралдары да сіресіп тұрған жоқ. Ақын анық, айқын, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде ой толғап отыр. Аудармада бұлай емес. М.Петровых пен Ә.Қодар осы жолдарды былай аударады:
Орысшасы:
Пока не знаешь — молчи.
Пока блуждаешь — молчи.
В бесцельных днях и в ночи
Пустых забав не ищи.
Чтоб человеком ты был
И в ровенъ с веком ты был,
Ты пятерых побори,
И пятерых избери…
Без знаний нос не задирай,
Найди себя, потом играй.
Не надо смеха через край.
Пуста веселость эта.
Пяти вещей ты избегай,
К пяти вещам стремленье знай,
К пяти вещам стремленье знай,
Раз хочешь выйти в люди.
Все сбудется в судьбе твоей,
Когда так жить полюбишь…

Түпнұсқа мен оның екі түрлі аудармасын жолма-жол және шумақ деңгейінде салыстырып қарағанда, Абайдың ойы да, сөзі де мүлде басқа деңгейде шыққаны көзге түседі. Әрине, аудармашылар Абайдың өлеңін орыс тіліне аударып отырғанда, орыс тілінің заңдылықтарын, орыс тілінің көркемдік құралдарын, орыс тілінің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік мүмкіншіліктерін пайдаланады. Бірақ бұл аудармашыға түпнұсқадан негізсіз ауытқуға жол бермеуге тиісті. Әр ұлт тілінің синтаксистік жүйесінде ерекшелік бары рас, алайда олардың синтаксистік, поэтикалық, лингвопоэтикалық қызметінде үндестік, үйлестік, бірегей жүйе барын естен шығармау керек. Сондықтан түпнұсқаның синтаксистік жүйесіне, басқаша айтсақ, өлеңнің тармақ жүйесіне орынсыз, қажетсіз өзгерістер, толықтырулар енгізу, сөйтіп түпнұсқаның құрылым жүйесін ғана емес, мағыналық-мазмұндық жүйесін де бұрмалау аудармашы шеберлігін таныта алмайды. Аудармашы түпнұсқадағы әрбір детальді, әрбір бейнелі мағынаны мүмкіндігінше дәл аударуға күш салатыны рас. Түпнұсқадағы жекелеген бейнелеу құралдарын немесе пішін-нің басты қырларын дәл бермей, өзгертіп жеткізу шығарманың бастапқы түрін, формасын ғана емес, мазмұнын да өзгертіп жіберерінде сөз жоқ. Жоғарыда талданған өлең жолдары туралы осыны айтуга болады. Екі аудармашы Абай өлеңінің жалпы мазмұнын ғана бере алған. Одан ақынның ой желісі, айтып отырған ойының жалпы мазмұны табылғанмен, ақынның шығармашылық ерекшелігі, өлеңнің көркемдік-эстетикалық болмыс-бітімі, мазмұн мен пішіннің жарасқан келісімі жоқ екені көрінеді.
Әуезхан Қодардың аудармасы да ақын өлеңінің мәнін толық жеткізе алмаған.
Абайдың тілінде бейнелі, астарлы сөз жоққа тән дедік. Ә.Қодар болса,
Абайдың «мақтанба» деп тура мағынада, анық та айқын, нақты айтып отырған
сөзін орыс тіліне мүлде басқа деңгейдегі сөзбен аударады — «нос не
задирай». Бұл — бейнелі, тұрақты сөз тіркесі. Аудармада өлеңнің екінші
тармағының мазмұны мен пішіні де бұзылып берілген.Аудармашының «Найди себя, потом играй» дегені Абайдың «Орын таппай баптанба» деген тармағына мүлде балама бола алмайды. Осылайша, Абайдың өлең тармақтары екі аудармашының аудармасында да сөз, сөз тіркесі деңгейінде, бунақ, тармақ
деңгейінде дәл бала-ма дәрежесінде берілмеген. Айтылған жайларға
қосымша, екі аудармашы да түпнұсқадағы кейбір тармақтарды өзгертіп
немесе тастап кетіп, олардың орнына өздерінің тарапынан басқа
тармақтарды қосады.

Өлеңде көрініс тапқан бес жаман қылық — кісінің бес дұшпаны және оған
қарама-қарсы бес асыл қасиет ақынның мәдени-әлеуметтік, философиялық
көзқарасының, дүниетанымы-ның басты өлшемдерін белгілейтін тұжырымдар
желісімен сабақтасады. Сондықтан ақынның бұл секілді терең философиялық
танымнан туған, әлеуметтік-этикалық тұрғысын білдіретін ойларын еш
өзгертусіз, дәлме-дәл аударудың маңызы жоғары. Ақынның мұндай ойларын, тұрғысын, көзқарасын білдіретін ұғымдар мен түсініктерді де ауытқусыз, тура жеткізу шарт.

Бұл жерде жекелеген сөздердің немесе бейнелі ойлардың
аударылуы туралы емес, нақты ұғымдар мен түсініктердің аударылуы туралы
сөз болып отыр. Сондықтан да аудармашының бұл ұғымдар мен түсініктерді
дәл, тура аударуы өлеңнің мазмұнын ғана емес, ақынның
әлеуметтік-этикалық, философиялық көзқарастарын да дәл жеткізуді
қамтамасыз ететінін ескеруге тура келеді. Түпнұсқаның мазмұнын, ақынның
дүниетанымын, ұсынып отырған пікірлері мен тұжырымдарын терең ұғынған
аудармашы бұл талаптардың орындалуына бар күшін, жігерін жұмсайтынында сөз жоқ. Одан басқа аударушы аудару барысында ақынның ой желісін, айтып отырған ойының жалпы мазмұнын,
көркемдік-эстетикалық болмыс-бітімін келістіре отырып, түсініп аудару керек.
Түпнұсқадағы жекелеген ерекше ұғымдарды, түсініктерді басқа тілде
жеткізу аудармашыдан терең білімді, үлкен еңбекті және ақындық талант
пен шығармашылық шеберлікті талап ететіні анық. Түпнұсқада көрініс
тапқан өмір шындығының мәнісін, ақынның ойлау даралығын, стилін, тіл
ерекшелігін білу — аудармашы үшін ең басты шарт. Әрі көркем аударма үшінде маңызы зор.

Әрбір аудармашыға көркем шығармадан өмірді реалистік тұрғыдан ұғынып, шынайы түрде дәл бейнелеу талап етіледі. Сонымен бірге аудармашы эпитет, метафора сяқты тәсілдерді пайдалана білуі керек. Шын мәнісінде көркем шығарма дегеніміз, өмір шындығының образды түрде бейнеленген нақты көрінісі.
Көркем шығарманы аударуда аудармашыға қойылатын талаптар:

  1. Бір тілден екінші тілге кез келген мәтінді аударғанда ой қосу, автор ойын өзгерту немесе алып тастау сынды әрекеттер жасалынбауы тиіс. Бұл еркіндікке қоғамдық, діни, мәдени, идеологиялық және т. б. тұрғыда дәлелденген жағдайда рұқсат беріледі.

  2. Түпнұсқада кішігірім немесе аса маңыздылыққа ие емес бөліктердің өзі тікелей аударылмаса да, назарға ілінуі тиіс.

  3. Аудармашыда түпнұсқа тілін де, аударылып отырған тілді де грамматика, сөздік қор және дыбыстық ерекшеліктер жағынан танып, орынды қолданатын біліктілігі болу қажет.

  4. Автор мақсатпен қолданған сын, әзіл, салмақтылық, асыра сілтеу сынды шығарма сарыны аудармада да маман арқылы берілуі қажет.

  5. Аудармашы қос тілдің де стильдік ерекшеліктерін ескеру қажет.

  6. Аударылып отырған тілді қолданатын халықтың мәдениетімен жақсы таныс болу аударма барысында туындаған түсініспеушіліктерді шешуге көмек болады.

  7. Қоршаған ортаны жақсы білу, әлемде болып жатқан оқиғалардан, жаңа ашулардан хабардар болу да аудармашының дүниетанымын кеңейтіп, түрлі жанрдағы мәтіндерді аударғанда үдерісті жеңіл етеді.

  8. Аудармада біліктілік көрсету: аударма теориясы (негізгі қағидалары, нұсқаулар, түпнұсқа, жазушы мен аудармашы интенциясы, жазушы мен аудармашы позициясы, тілдік нормалар, проблемалар және олардың шешімдері) және аударма әдістері (тура не мағыналық, еркін не қарым-қатынастық, прагматикалық не прагматикалық емес және т. б.) жайлы білімнің болуы.

  9. Бір тілді немесе қос тілді сөздіктер мен сілтемелердің болуы аударма барысында түсініксіз не күмән тудыратын мысалдарды тез шешуге көмектеседі.

Қысқаша айтқанда:
Біріншіден, ол шығармада бейнеленіп отырған өмір шындығын дәл беруі керек.
Екіншіден, түпнұсқаның өзін айнытпай жеткізуі тиіс.
Үшіншіден, ана тілінің заңды жүйесіне ешқандай нұқсан келтірмеуі тиіс.
Көркем аударма жасау үшін аудармашы әдетте теңеулер, эпитет және сөйлемнің ритмика семантикалық ерекшеліктерін, синтаксистік құрылымын қамтитын түрлі тілдік тәсілдердің орасан зор мөлшерін пайдалана алады.
Көркем аударманы қабылдаушыға жоғары деңгейде жеткізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер өте көп.
Олар: эпитет, метафора,авторлық неологизмдер, теңеу, диалектизмдер.
Көркем туындыны аудару барысында туындайтын мәселелердің бірі -түпнұсқа мен аударылған мәтін арасындағы тепе-теңдікті сақтай алмау қаупі. Бір сөздің өзі аударма үдерісіне әсер етеді, себебі аудармашының белгілі бір сөзді таңдауы оқырманның шығарманы дұрыс түсіну не түсінбеу барысына ықпал етеді. Демек, әдеби туындыны аударғанда түпнұсқаның мағынасын көрсете отырып, автор бейнелеген сезімдер мен көңіл-күйді жеткізе алу керек. Автордың ойын, сезімін немесе көзқарасын өзге тілді оқырмандарға баяндау кезінде аудармашының рөлі және жауапкершілігі зор, сол себепті олар өз алдарына қойған тапсырманы ойдағыдай етіп орындау үшін бірнеше кеңестерді ұстанғандары жөн. Әдеби туындыларды басқа тілдерге аударудың негізгі қағидасы — тілдің поэтикалық қызметінің орындалуы. Оқырмандарға қаламгер ойын жеткізу үшін оның аудармасы да көркем болуы қажет. Оқырманда шығарма, оның кейіпкерлері және тілдік өзгешелігі жайлы белгілі бейне қалыптастыру аудармашының басты тапсырмасы, сол себепті аударманың бұл түрі белгілі тілдік нормалардан ауытқуы мүмкін.
Абайдың «Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» өлеңі орыс тілінде.
Қазақшасы:
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Көңілімнің рақаты сен болған соң,
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді,
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!
Орысшасы:
Любовь и страсть - два пути,
Страсть равна одной похоти.
Я влюбился,
Поскольку нет лучше тебя,
Пусть что будет со мной
Главное, ты храни себя.

Ты удовольствие моего состояния,
Не прячься,
Пусть люди радуются твоему свету.
Кому понравилось, кому-то не понравится.
Какая ты душа к милой живой душе?!
Мен бұл өлең шумақтарын аудару барысында ұйқастық пен мағынаның ауыспауына мән беруге тырыстым. Себебі, өлеңнің мағынасын түсінбеу, ақынның негізгі идеясын бұзу, өзгерту болып табылады.
Одан бөлек ұйқас өлеңнің ен басты құндылықтарының бірі болып табылады. Өлеңнің ырғақты әрі жинақты оқылуы мен жазылуына үлкен септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет