Ұйқас — өлең тармақтарындағы аяққы сөздердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұйқас өлең жолдарын бір-біріне келтіріп, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті өз алдына бөлек-бөлек болып келеді. Бұл өлеңді аудару барысында кейбір қиын әрі терең мағынада жазылған шумақтар мен сөздерді оңай әрі жеңіл қабылданатын сөздермен ауыстырдым. Бастапқы екі шумақты аудару үшінші шумақты аударудан гөрі оңайырақ болды. Себебі бастапқы шумақтар қарапайым әрі түсінікті жазылған. Ал үшінші шумақта :Жүдетер безгек ауру сықылданып. Деген сөздерді түсіну оңай болғанымен түсіндіру қиын болды. Ақынның шұрайлы филос. ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.Орыстың қоғамдық-филос, ақыл-ойы ақынның эстетик. көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Байқасақ абайдың өлеңдері екі жолмен пайда болады. Біріншіден, теңеу арқылы терең мағынада астарлап жазылған өлеңдер болса, екіншісі, қарапайым тілде тікелей, теңеусіз жазылған өлеңдер. Осындай өлеңдерін түсініп оқу оңай болғанымен, аудару қиынға түседі. Қазақ авторларының өлеңдерін өзге тілге аудару қиын әрі жауапты жұмыстардың бірі екені бәрімізге мәлім. Көркем шығармаларды аудару үшін аудармашыға лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушылық, стилистік дарын қажет. Қазақ тілінде жазылған көркем шығармаларды өзге тілдерге аударуда шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі, автор мен аудармашының арасында тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес болуы өте маңызды. Автордың ойлаған идеясын бірден түсіну әдетте қиындық туғызады, сондықтан аудармашы ретінде шығармамен терең әрі жан-жақты танысуға тырыстым. Әр шумақтың қысқаша мазмұнын оқып, автордың бергісі келген идеясымен таныстым. Аудармашы аударылатын әңгімелердің түпнұсқасымен ғана емес, қаламгердің тұтастай шығарашылығымен және оған қатысты әдеби зерттеулер, сын мақалалармен де танысуы қажет. Аудару кезінде оның тақырыбының қалайда түпнұсқамен сәйкес келуіне көңіл бөлінеді. Сонан соң, стильдік, ырғақтық интонациясы сараланады. Әңгіме, новелла – шағын жанр.