Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы



бет2/9
Дата26.06.2022
өлшемі42,44 Kb.
#37322
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақ тілі- түркі тілдес, сөздік қоры өте бай, ең таза тілдердің бірі болып саналады. Қазақ тілі ертеде руналық жазумен танылып кейінірек араб әліпбиіне ауысып, 1929 жылға дейін қолданыста болған. Кейінірек 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына ауыстырылған. Ал бүгінгі күні кириллица пайдаланылуда.
Кириллица- славян әліпбиінің алғашқы түрлерінің бірі.
Мамандардың айтуынша, 1940 жылдары латын әліпбиінің орыс әліпбиіне ауысуында өзіндік бірнеше себебі бар:
1) Кеңес үкіметінің ықпалы. Ол кездегі билік өзге идеология мен саясатты ұстанды. Түркия мемлекеті мен өзге де түркі тілдес халықтардың араласуына кедергі жасау мақсатында.
2) Қазақ жазуының араб және латын графикасында жазылуын қалаған қайраткерлеріміздің (Құдайберген Жұбанов, Ораз Жандосов) халық жауы атануы.
3) Кеңес үкіметі өзіне тәуелді ұлттардың бір ғана тілі, бір ғана діні мен жазуы болғанын қалады. Өзіне тәуелді халықтарды қосып үлкен біртұтас мемлекет жасағысы келді.
Қазақ тілінің тек қана өзіне тән 9 әріпі бар.
Олар: Ә, І, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө, Һ.
Қазақ тілі түркі тілдес, өте бай тіл. Оның сөздік қорында 160 000-нан астам сөз есептелген. Қазақ тіліндегі ең ұзақ сөз 33 әріптен тұратын “қанағаттандырылмағандықтарыңыздан” cөзі. Ал ең қысқа сөз, өзіндік мәні бар – “у” сөзі болып табылады. Қазақ тілі өз құрамы мен ғана емес, сонымен қатар өз әдебиетімен де ерекшеленеді.
Әдебиет- сөз өнері, көркем шығармалар, өнердің бір түрі. Бұл термин адам ойының жазбаша түрде бекітілген кез-келген шығармаларын білдіреді. Қысқаша айтқанда сөзбен мәдениет, өнер байланысатын, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы. Әдебиет адамды сипаттайды. Оны нақты тұлға деңгейіне көтере отырып, жеке-жеке ұсынады. Адам әрқашан өзін жан-жақты көрсете алатын ортада өмір сүреді және жұмыс жасайды. Бұрын әдебиет термині болған жоқ, ХVІІ ғасырда кез-келген жазбаша шығарма поэзия немесе шешендік деген атпен белгілі болды. Тіпті, бүкіл испан алтын ғасырында өлеңдердің, прозаның немесе драмалық шығарма түрінде жазылған шығармалардың әртүрлі түрлері поэзия деп аталды.
XVIII ғасырдан бастап «әдебиет» сөзі қолданыла бастады, дегенмен, ХІХ ғасырда ғана бұл термин бүгінгі таңдағы мағынаны қабылдады. Кейінірек, 20 ғасырда орыс формализмі, әсіресе Роман Якобсон әдебиет ретінде анықталған нәрсені және оның сипаттамаларын мұқият зерттеді. Осылайша ол хабарлама беру үшін тілдің поэтикалық қызметі мен жазу эстетикасын ажырата білді .Сондықтан жазылғандардың барлығы әдебиет деп саналмайды, мысалы, журналистік мәтіндер немесе академиялық зерттеулер тілдің поэтикалық функциясын орындай алмайды, бірақ олар хабарлама немесе ақпаратпен бөліседі.
Әдебиет адам мәдениетіне тән және ол дамыған әр уақыт пен мекенге тән ерекшеліктерге ие. Сонымен, әдебиет адамды «Қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы» ретінде, оны қоршаған ортаның шындығымен жан-жақты қарым-қатынаста бейнелейді. Ал адам өміріндегі қоршаған ортамен әрекеттесу коммуникацияға алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет