Нұрлан Рахымжанов



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата26.01.2017
өлшемі1,85 Mb.
#2739
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 
 
 
 
 
 
 
 

 
204 
Батыр Баян 
 
Барақ  батыр  туралы  әңгімені  бәр  сәт  доғарып,  Батыр  Баянға 
кезекті берелік. 
Батыр  Баян  -  Дәулеткелді  Назардан  тарайды.  Назардан 
Алдаберген, 
Алдабергеннен 
Лаулақ, 
Лаулақтан 
Байболат, 
Байболаттан  Таңат,  Айдос,  Жандос,  Баян  және  Қазыбай. 
Байболаттың  бәйбішесінің  кенжесі  Баян  өзінің  өмірін  -  жалынды 
жастық  шағынан  бастап,  өле-өлгенінше  қазақ  жерін  қорғауға 
арнаған.  Оған  айтатын  деректерді  ел  аузындағы  аңыздар  мен 
ескілікті  әңгімелерден  ғана  тауып  отырған  жайымыз  бар.  Батыр 
Баянсыз  Абылай  жорыққа  шықпаған  дегенді  де  айтатын  осы  ел. 
Бірақ,  бүкіл  қазаққа  әйгілі  Батыр  Баянға  –  Тама  емес,  Орта  жүздің 
Уақ тайпасы еге болып отыр. 
Осыған біздің елдің дауы бар. Батыр Баянның Уақ батыры емес, 
Дәулеткелді  ұрпағы  екендігін  дәлелдеу  үшін  жанын  салып  жүрген 
арда  азаматтардың  бірі  -  белгілі  жазушы,  халықаралық  «Алаш» 
сыйлығының  тұңғыш  лауреаты,  әкеміз  Шаханұлы  Беріктің  еңбегі 
мол.  «Батыр  Баян  туралы  ол  кісіге  ой  тастаған  мен  едім»  деп, 
жездесі Баймаханұлы Адамбай қария былайша әңгіме қозғайды: 
«Берік Шахановқа, қайным болған соң батып айта беремін. Бір 
жылы  қасында  жазушы  Тынымбай  Нұрмағанбетовті  ертіп  ауылға 
келді. Әңгімелесіп отырып Берікке: 
-
 
Осы  Батыр  Баянды  Дәулеткелді  дейді.  Сен  соны  неге 
қумайсың, - дедім. 
-
 
Ой, Адеке, солай екендігіне тарих ертерек жазылып кетті ғой. 
Ілік таппай отырмын, - деді. 
Машинаға 
мінгізіп 
алып 
Үшназарға 
алып 
бардым. 
«Ешкіқораны» көрсетіп: 
-
 
Саған  тарих  мынау.  Мынау  жүзге  келген  әкең  Шаханның 
қорасы. Кешегі Жабалдар жонынан таспа алған Бекет әкең әне отыр. 
Міне, саған тарих, - дедім. 
Осы сөзім ой салды ма, әлде, өзінің де ойында жүрді ме, Берік 
осыдан соң Бекет туралы, Шахан туралы әңгімелерді жаза бастады. 
Батыр Баян туралы да қалам тербеп, батыр әруағы аунақшып, дұрыс 
бағытта ақиқат жолына түсе бастады тарих» деген еді. 
Берік  Шахановты  іздеп Қазақстан  Жазушылар  Одағына  барған 
сапарымда,  ол  кісі  біршама  әңгіменің  басын  басын  шалды.  Батыр 

 
205 
Баян  туралы  шығармасын  қорытпақ  ниеті  бар  екендігін  айтып, 
алдағы  жылдарда  жарыққа  шығармақ  ойын  білдірді.  Солай  деп 
отырып: 
«Батыр  Баянды  біреулер  Уақ  деп  жазып  жүр,  Ұлы  жүзде  де 
Батыр Баян деген батырлары бар екен. Біздің Батыр Баян 1771 жылы 
Еділ  бойындағы  қалмақтар  Қытай  жеріне  қарай  ауғанда,  соларды 
қуып  барып  шекарада  қайтыс  болған  екен.  Қарқаралы  жерінде 
Батыр  Баянның  бейіті  бар  дегенге  сұрау  салдырып  едім,  ондай 
ештеңе  шықпады.  Осында  бір  жігіт  «Мен  Батыр  Баянның 
ұрпағымын»  деп  жүруші  еді,  барып  жолықсам,  ол  Керей  болып 
шықты.  Ол  жігіт  те  қайтыс  болып  кетті.  Біздің  Батыр  Баянның 
бәйбішесінен  жеті  ұл  болған  да,  қалмақ  тоқалынан  екі  ұл  болған. 
Уақыт  біздің  бабамызды  ақтап  шығатындығына  сенімдімін»  деп 
қалды. 
Ал,  енді  тарихшылар  қазір  байқап,  жазып  жүргендерінен 
байқағанымыз: Батыр Баян - Уақ емес, Уақ еліне кірме жан болған. 
Әруақтар  кешіргей,  Баянның  Уақ  батыры  екендігі  туралы  алғашқы 
жаңсақтық Шоқан Уәлихановтан кеткен бе деймін. Онда ол Уақтың 
батыр  Баяны  1758  жылы  «Шаңды  жорықтан»  қайтып  келе 
жатқанында  уланған  судан  қайтыс  болады  деп  жазған.  Осы 
деректерді алған Мағжан Жұмабаев өз жырына қосады. 
Сондай-ақ,  Баянның  Ноян  деген  інісі  болмаған.  Ол  Мағжан 
Жұмабаевтың  шығарманы  ширықтыру  үшін  қосқан  кейіпкері  ғана. 
Ол  Баянның  Қыстаубай  деген  інісі  болған.  Ол  сүйген  қызына 
үйленіп,  одан  тараған  ұрпақтар  қазіргі  күндері  Павлодар  облысы, 
Мағжан  Жұмабаев  ауданында  ғұмыр  кешіп  жатыр.  Мағжан 
Жұмабаев  «халық  жауы»  болып  ұсталып  кеткеннен  соң,  оның 
шығармалары,  мұралары  халық  көзінен  таса  болады.  Үлкен  тарих 
жолына  түскен  Ілияс  Есенберлин  мұрағат  құжаттарын  ақтарып 
жүріп,  Мағжанның  «Батыр  Баян»  жырының  үстінен  түсіп  қалған 
болуы керек. Осыдан келіп, ол да сол жырды өз кітабына өзек етіп 
алған  болуы  бек  мүмкін.  Осылай  тарих  адасып  кетті.  Оны  қазіргі 
тарихшылар мойындап жазып жүр. 
Дәлел  қажет  пе?  Оқыңыз:  Мағжан  Жұмабаевтың  «Таңдамалы» 
шығармаларының жинағы, 235 бет, «Батыр Баян» жырынан: 
«Арқада бір өзенді дер Обаған
Сол жерде азғана Уақ қоныс қылған. 
Уақтың ерте күнде өжет-қайсар, 

 
206 
Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған, 
Сол ері ерте күннің, Ер Көкшенің 
Нәсілінен қайтпас алмас Баян туған. 
Баянның ер ағасы батыр Сары
Қос қыран тізе қосып жауын қуған. 
Айналып оны айт, мұны айт, Баянды айт, 
Ер Баян, алашының бетін жуған». 
Мағжан  ақын  осылай  жырлады.  Ал,  Ілияс  Есенберлин  не  деп 
жазып еді? «Жанталас» романы, 66-бет: 
«Бұлардың үстіне Баянауыл мен Көкшетау даласындағы Обаған 
өзенін  жайлаған  Уақ  руларының  жігіттерін  ертіп,  бұрыннан  да  Іле 
бойындағы  жоңғарлармен  сан  алысқан,  Арқаның  ардагері  Батыр 
Баянның өзі де бүгін-ертең жетпек». 
Осында 228-бетте: 
«Арқада Обаған деген өзен бар. Бұл өзеннің бойын ежелден Уақ 
руы жайлайтын. Орта жүздің жеті арысының бірі болып келетін Уақ 
руынан  бүкіл  қазақ  даласына  әйгілі  Ер  Көкше,  Ер  Қосай  атты 
батырлар шыққан. 
Осы Уақ руына жасының қартайған шағында келіп сіңіп кеткен, 
Жәнібек  ханның  кезіндегі  атақты  батырының  бірі  Саяннан  туған 
Аян  батырдың  бір  ұрпағы  осы  Батыр  Баян  еді.  Қарадан  шықса  да 
жеті  атасынан  әйгілі  батыр  тұқымы  болғандықтан,  ел  басына  күн 
туғанда, осы Баян атқа ерте қонды. Өзіндік асқан ерлігі, халқы үшін 
жан  пида  етерлік  істері  арқасында  ол  көп  кешікпей  Уақ  руының 
көсеміне айналған». 
Байқасаңыз, екеуі бір нұсқаның әңгімесі. 
Ал,  «Шаңды жорық»  Берік Шаханов жазып жүргендей, тарихи 
деректермен  айғақталғандай,  1771  жылғы  қаңтар  айында  болған. 
Еділ  бойындағы  қалмақтардың  Қазақстан  жері  арқылы  Қытай 
жеріне ауған тұста, бүкіл қазақ жасағы қалмақты жойып жібермекке 
жанұшыра  ұмтылады.  Осы  жорық  «Шаңды  жорық»  аталып  кеткен. 
Бұл  жердегі  ақиқат  біздің  жақта.  Ал,  Уақтың  Батыр  Баяны  туралы 
1710-1715  жылдар  аралығында  дүниеге  келген,  сөйтіп  1757  жылы 
қайтыс  болған  деп  жазып  жүргендер  тарихи  деректердің 
ауытқушылығынан  пайда  болған  дүдәмалды  өмірбаян  болып 
шығады. 
Ал,  енді  біз  таласпай-ақ  қояйық,  1727  жылғы  «Бұланты» 
өзенінің бойындағы «Қалмаққырылған шайқасында» ерлігімен көзге 

 
207 
түскен  Баян  батыр  кім?!  Бәлкім,  ол  да  Баян  аттас  батыр  болар? 
Бәлкім,  осы  кісі  шығар,  Уақтың  Баяны?  Біз  білмейтін  тарих,  біз 
үңіле  алмай  жүрген  тарих  осы  болар,  бәлкім?!  Бірақ,  бұл  кезеңде 
біздің Баян дүниеге келмеген. 
Ал,  1757  жылы  дүниеден  өткен  Баянның  мазары  Қарқаралы 
жерінде  дегенге  келсек,  ол  кімнің  мазары?  «Шаңды  жорықтан» 
қайтып  келе  жатып,  уланған  судан  қаза  тапқан  Баян  Тарбағатай 
жерінде  қалған  секілді  еді.  Сонша  жерден  сүйегін  арқалап  ешкім 
әкелмеген болар. Мұндағы Баян мазары басқа жандыке болар? Оны 
зерттеу алдағы күндердің еншісінде қалсын делік. 
Бір мысал: Соғысқа барған адам жеңдім деп бірден қайтып келе 
салмайды  ғой.  Әліптің  артын  бағып,  шекараны  барлап  жатып  та 
қалады. Былтыр барған жерінен келер жылы қайтуы мүмкін. Батыр 
Баянның шекарадағы  Уақ  елін жайлап екі-үш  жыл  жатып  та қалуы 
мүмкін-ақ нәрсе. Оны да назарға алуға болар деп топшылаймын. 
Белгілі  тарих  зерттеушісі  Зарқын  Тайшыбай  өзінің  «Қазақтың 
ханы  –  Абылай»  атты  кітабының  І-томының  237-бетінде:  «Ресей 
сыртқы  саясатының  мұрағатындағы  «Қазақ  істері  қорының»  122-
тізбе, 1742 жылғы 4-іс, 158-169 парақтарынан алынған мәліметтерде 
1742  жылғы  23  тамызда  Ресей  патшасына  ант  берген  рубасылар 
тізімі  берілген.  Оның  арасында  Орта  жүздің  Төртуыл  (найман) 
руынан Баян батыр дегеннің аты аталады» деп жазады. 
Бұл да Баян батыр, тек руы бөлек. 
278-бетте: 
«Омбы  облыстық  мемлекеттік  мұрағатының 
«Әскери-жорық  кеңсесінің  қорында  1-тізбе  7-істе  сақталған 
мәліметтерде  Орта  жүз  Уақ  тайпасында  Баян  батыр,  Сары  батыр 
деген  екі  адам  болғандығы,  ақсары  өңді  болғандықтан  да  Баян 
батырды Сары Баян аталғаны жазылған» десе; 
528-бетте:  «Уақ  тайпасының  1000  отбасы  Сары  Баянның 
билігінде дейді 1758 жылғы ақпан айындағы №215 құжатта». 
2-томның 208-бетінде. «1765 жылы қазақтың Сары Баян батыры 
Абылайға:  «Алатау  қырғыздарына  Қытайдан  100  адамдық  елші 
келіп жатқан көрінеді», - деп хабарлауы тегін емес» деп жазады. 
260-бетте: «Жұқпалы ауру тараған  – Мағжан ақын дастанының 
бас  кейіпкері  батыр  Баянның  қазасына  осы  індет  себеп  болған. 
Шоқан  Уәлихановтың  ел  аузынан  жазып  алған  дерегінде  де 
айтылады және шындыққа жақын». 

 
208 
Сондай-ақ,  осы  кітаптың  2-томының  260-бетінде  Батыр 
Баянның (Қасаболатұлы) өлгені туралы не жазады: 
«№429  құжат.  1773  жылғы  26  ақпан.  Баян  батырдың  қайтыс 
болғаны туралы. 
Қазақ  тұтқынынан  қашып  шыққан  қалмақ  әйелі  Жарға 
Бардазамзаева тілмаш арқылы, сержант Иван Шаринг арқылы жауап 
алғанда мыналарды айтқан: 
Менің  атым  Жарға  Бардазамзаева,  40  жастамын,  бұрын  Еділ 
бойында,  Енатьев  бекінісіне  қарсы  мекенде,  Дотбир  Дундуков 
княздың  қарауындағы  елде  тұрғанмын.  Жайлауда  15  жасар  қызым 
ауырып,  оны  емдету  үшін  Обашы  ханның  еліне  баруға  мәжбүр 
болдым. Ол ел шығысқа, бұрынғы жоңғар жеріне жаппай ауып бара 
жатыр  екен.  Мен  солармен  бірге  кеттім.  Балқаш  (Балхасы)  көлінің 
жағасына келгенде атымыз өлді, 30 шақты адам жаяу қалдық. 
 
Бізді  қазақтар  ұстап  алды  да,  ауыл-ауылға  таратып  бөліп 
жіберді.  Мен  Абылай  сұлтанға  қарайтын  Уақ  болысының  ел  ағасы 
Баян  батырдың  иелігінде  болдым.  Баян  батыр  қайтыс  боларының 
алдында  мені  інісі  Хабун  Тулту  Булуковқа  (Бөлек)  берді.  Осы 
уақытқа  дейін  сонда  болдым...».  (Омбы  облыстық  мемлекеттік 
мұрағаты, 1-қор, 1-тізбе, 184-іс, 216-парақтан алынған.) 
Уақтың Сары Баянының 1771 жылы қайтыс болғандығы осымен 
айғақталатын  секілді.  Шоқан  Уәлихановтың  1758  жылы  өлді, 
уланған  судан  деуінен  Мағжан  Жұмабаевтың,  Ілияс  Есенберлиннің 
жаңылыс кетуі заңдылық болды. 
Ал, енді біздің Байболатұлы Баян қай жылы дүниеге келген, қай 
жылы  дүниеден  қайтқан?  Жауапты  сол  Берік  Шаханов  әкеміздің 
өзінен табамыз. «Баян нақ қырық жасында «Шаңды жорық» кезінде 
қаза болған». Сонда Баян батыр 1771 жылы қайтыс болғанда қырық 
жаста болса, яғни, туған жылы 1731 жыл болады. 
Батыр  Баян  1731-1771  жылдар  аралығында  өмір  сүргендігін 
батырдың  тікелей  ұрпақтары  айтып  жүр.  Және  де  тап  сол  кісілер 
Қарабура бабамыздың басына қойған белгі тастарда Батыр Баяннан 
туған Тасыбайды 1765, Жолдыбайды 1768 жылы дүниеге келген деп 
жазғандығы және бар. 
Біздің  қазақ,  әйгілі  ғұлама  Әлкей  Марғұлан  айтпақшы: 
«Ақынды  айтсақ  -  Абайға,  батырды  айтсақ  –  Абылайға  апарып 
тіремей  тоқтамайтын  қазағым-ай,  батыр  біткеннің  бәрі  Абылайдың 
төңірегінде жүреді»  дегендей,  біздің  ауылдың  әңгімесі  де  Ерубайға 

 
209 
барып тіреле береді. Барлық әңгіме Ерубайдан басталып, Ерубаймен 
жалғасады. Ерубайға келу үшін Тасыбай мен Жолдыбайды іздейсің. 
Олардың  әкесі  Баянды  тағы  да  іздейсің.  Осылайша  Ерубайдың 
жасын,  Тасыбайдың  жасын  қуып  келіп,  Баянның  да  жасын  таба 
аласыз. 
Ендеше,  «Қалмақ  қырылған»,  «Бұланты»  шайқастарындағы 
Батыр  Баян  –  біздің  Дәулеткелдінің  Баяны  емес.  Оның  артын  ала, 
дәлірек  айтқанда  Уақ  Батыр  Баянның  аты  шығып  дүркіреп  тұрған 
уағында  дүниеге  келген,  Баян  сияқты  батыр  болсын  деген  ниетпен 
атын Баян қойған болса керек. Ол да батыр болып, тарих сахнасына 
Дәулеткелді Батыр Баян ретінде шыққан. Осыдан келіп, Батыр Баян 
туралы әңгімелердің бір-біріне ауысып, мидай сапырылысып кеткені 
байқалады. Екі елдің адамдары «Біздің бабамыз, біздің батырымыз» 
деп  әлі  күнге  дауласып  жүргені  бар.  Біздің  Байболатта  Ноян  деген 
бала  болғандығы  туралы  ешбір  дерек  жоқ.  Сондай-ақ,  Баянның 
Ноянды  өлтіргендігі  де  айтылмайды.  Ноянмен  бірге  өлген 
жоңғардың  Бас  батыры  Қореннің  қызы  Құралай  туралы  да 
айтылмайды. 
М. 
Жұмабаевтың 
таңдамалы 
шығармаларының 
жинақ 
кітабында,  440-бетте:  «Кейбір  деректерге  қарағанда  Ноян  мен 
қалмақ  қызына  байланысты  оқиғалар  тарихта болмағанға  ұқсайды» 
деп  көрсетілген.  Ноян  мен  Құралай  қыздың  оқиғасы  шығарма 
желісін ширату үшін ғана енгізілген әдеби шешім ғана. 
Осының  өзі  қызғылықты  жайт.  Шоқан  Уәлиханов  Баянның 
қалмақтарды қуып тастап, қайтып келе жатып уланған судан өлгенін 
жазса,  Мағжан  ұрыста  өлді  деп  жазады.  Бұл  да  тарихтың  бір  қате 
көрсетілген  деректері  ретінде  бағаланады.  Зарқын  Тайшыбай  өліп 
бара  жатып  Баянның  Қарқаралы  жеріне  жеткізуді  өсиеттегенін 
жазады. 
Уақтың Батыр Баянын қазақтың ұлы ақындарының бірі Мағжан 
Жұмабаев  жазып,  тарихқа  бекер  айналдырмаса  керек.  Осымен,  бұл 
дауға  нүкте  қойып,  «Барға  қанағат,  жоққа  салауат»  айтатын  кез  де 
келген  секілденеді  де  тұрады.  Бәлкім,  кім  біледі,  Қытайдың,  я 
болмаса, Ресейдің мұрағаттарынан өзгеше бір қызғылықты деректер 
шығып қалып, ойды алаң-тасыр етпесе, біздің ойымыз осыған саяды. 
 
 
 

 
210 
Байболатұлы Баян 
 
Батыр  Баянның  түпкі  тарихын  зерттесек:  Алдабергеннен 
Лаулақ,  Лаулақтан  Байболат.  Байболаттан  Айдос,  Жандос,  Таңат, 
Баян  және  Қазыбай  тарайды.  Ол  кісінің  біршама  тарихын  бұл 
күндері  Алматы  қаласында  тұратын,  Созақ  ауданы  «Шу» 
кеңшарының  тумасы  Өтеген  Дәртай  Әлтайұлы  әкеміз  «Ағаң  болса 
алдыңда»  атты  кітабының  148-150  беттерінде  әдемі  әңгімелеген. 
Қарынбай  Әлібайұлының  аузымен  айтылған  бұл  әңгіме  былайша 
жазылған: 
-
 
Ұлы  бабам  Байболаттан  төрт  ұл,  төрт  қыз  болған  екен. 
Ұлдары:  Айдос,  Жандос,  Таңат  және  кішісі  Баян.  Қыздары:  Бибі-
Ғайша,  Күлшім,  Сүлушаш  және  Ардақ.  Әрине,  қыздары  басқа 
жұртқа  тұрмысқа  шығады.  Байболаттың  төрт  баласы  төрт  ауыл 
болып, өсіп-өнді. Төртеудің ең кішісі – Баян, менің үлкен атам. Баян 
еркін, әрі батыр, әрі сері болып өмір өткізеді. Арғынның бір белгілі 
атасының қызына үйленеді. 
Анамыз  өте  сұлу  екен.  Құдай берген жеті  ұл  туады.  Бәрі  де  өз 
заманының  айтулы  азаматтары  болып,  көзге  түседі.  Баян  батыр 
болады.  Ол  кезде  қазақ-қалмақ  ешбір  толастамайтын  және  бір-
бірімен бітіспейтіндей болып жауласады екен. 
Қазақтың басын қосып, біріктіріп, соларға Абылай хан болады. 
Маңайына  батырлар  мен  билерді,  тағы  сол  сияқты  ақын-
жыршыларды,  не  керек  сондай  атағы  шыққандар  Абылайдың 
маңына топтаса бастайды. Мұны естіп Баян атам да барған екен. Сол 
кезде, жасы отыз бірде екен. 
Үлкендердің  айтуына  қарағанда,  аз  қолмен,  шашау  шыққан 
қалмақ бөлімдерін талқандап жүрген кезі болса керек. Бірде ағалары 
бар,  ауыл  ақсақалдары  болып:  «Сен  неге  ханға  бармайсың?  Жеке 
жүргенің болмайды» деп ақыл береді. Баян хан ордасына келеді. Хан 
жасауылдарының бірі: «Кімсің? Кімге келдің» деген сұрақтар қояды. 
Баян:  «Мені  ханға  жолықтыр,  мен  Байболаттың  кіші  баласы 
Баянмын»  дейді.  Жасауыл  бетіне  қарап  тұрып:  «Не  шаруамен 
келдің?  Мен  ханға  айтайын.  Шаруаңды  айт»  дегенде,  Баян  аттан 
қарғып түсіп, жасауылды итеріп ішке кіріп кетеді. Хан алдына келіп 
тізе бүге бергенде, жасауыл қылышын көтеріп жақын келеді. 
-
 
Жасауыл,  сен  тоқта!  Мен  мына  жігіттен  жөн  сұрайын,  -  деп 
хан жасауылды тоқтатады. 

 
211 
Баянның түр-тұлғасына қарап тұрып: «Қарағым, шаруаңды айт» 
дейді. 
-
 
Тақсыр, мен Байболаттың ең кіші баласы Баянмын. Сіз мүмкін 
естімеген  шығарсыз.  Екі-үш  рет  қалмақ  елінен  келген  жасақтың 
жолын бөгедім. Оларға «Қайда барасың?» дедім. Олар: «Абылайдың 
басын  алғалы  барамыз»  деді.  «Ей,  сендерді  олай  қарай  кім 
жібереді?»  дегенімде,  олар  маған  қарай  қылыштарын  көтеріп, 
өлтірмек  болды.  Өздері  он  бес  екен.  Қарсы  тұрып,  соғысып,  біреуі 
ғана қалып еді, оны ұстап алдым да: «Ханыңа сәлем айт! Абылайды 
енді аузына алушы болмасын. Жауласқанды қойып, тату ғана көрші 
болайық»  дегенімде,  әлгі  сорлы:  «Айтамын,  батыр,  айтамын»  деп 
алды-артына қарамай шауып ала жөнелді. 
Осыны ауылдағы ағаларыма  айттым.  «Абылай  деген кім?»  деп 
сұрағанымда,  олар  маған:  «Әй,  тентегім,  өстіп  жүріп  бір  бәлеге 
ұрынып қаласың. Одан да Абылай ханға бар. Оған сәлем беріп, осы 
көргеніңді  айт.  Мүмкін,  қол  астына  алар»  деген  ақыл  берді.  Сонан 
соң сізге кірейін десем, мына біреу мені тергеп болатын емес. Айып 
етпеңіз, шыдамым жетпей кіріп келдім, - дейді Баян. 
Хан: 
-
 
Сен  барып,  Қабанбай  батырды  шақыр,  -  деп  жасауылға  әмір 
берді. 
Сонан соң, Баян батырға қарап тұрып: 
-
 
Егер,  мен  сені  қол  астыма  алсам,  қалмақтармен  тайсалмай 
соғыса аласың ба? Мақтануыңа қарағанда, мен бір нәрсе түсінгендей 
болып отырмын, - дейді. 
Осыны айтып бола бергенде, Қабанбай батырды ертіп жасауыл 
келеді. 
-
 
Тақсыр,  мені  шақырдыңыз  ба?  Мен  жаттығу  өткізіп  жатыр 
едім. Сіз шақырған соң, келіп тұрмын. 
Хан отыруға рұқсат етті де, жасауылға: «Сен, бара бер» деді. 
-
 
Сенің  естуің  бар  ма?  «Байболат  батырдың  баласы  Баянмын» 
дейді.  Айтқанына  қарағанда,  ерлігі  бар  көрінеді.  Осы  жігітті 
қарамағыңа  алып,  сынап  көр.  Маған  айтқандай  болып  шықса, 
жақсылап тәрбиеле, - деп, Баян айтқан әңгімелерді түгел айтты. 
Қабанбай батыр күліп: 
-
 
Байболат батыр қазір қартайған. Кіші баласы ат жалын тартып 
мінгелі маңайларынан қалмақ барымташылары жүрмейді деп естуші 
едім.  Тентектігі  болу  керек.  Бұл  заманда  осындай  тентек  болу  да 

 
212 
жақсы  шығар.  Мақұл,  қарамағыма  алайын.  Ал,  енді,  Баян,  бізде 
тәртіп  бар.  Менің  рұқсатымсыз  өз  бетіңше  әрекет  етпейсің.  Біздер 
жаумен  ұйымдасқан  түрде  ғана  шайқасамыз.  Сондықтан,  хан 
алдында  уәде  бер.  Менің  бұйрығымсыз  соғыспайсың.  Ол  бірде 
болмаса  –  бірде  үлкен  өкінішке  соқтырады.  Қалай,  көнесің  бе?  - 
дейді. 
-
 
Жарайды,  мен  сіздің  айтуыңыз  бойынша  жүремін,  -  деп  Баян 
уәде береді. 
Аз уақытта Баян батыр деген атаққа ие болады. Бір жолы қазақ-
қалмақтардың  шешуші  шайқасы  болып,  қол  бастау  Батыр  Баянның 
қолына өтеді. Сол жолы абырой болғанда жеңіспен оралады. Қазірге 
шейін  Сарыарқада  «Қалмақ  қырылған»  деген  жер  бар.  Сол  жолы 
қалмақтар қатты қырылып, содан жер ауып кеткен екен. 
Сол жолы қалмақтың қолға түскен бір сұлу қызын Абылай хан 
батыр  Баянға  өзі  некелеп  қосыпты.  Қыз  да  өте  риза  болып,  Батыр 
Баянды сүйген екен» дейді. 
Әңгімеге ұйыдық. Атадан балаға жеткен аңыз ғой. Тек «Қалмақ 
қырылған»  жерін  қосқаны,  кейінгі  ұрпақтардың  жаңылысуы  болар 
деп топшылаймыз. Мұндағы бір дерек, 31 жаста еді ханға барғанда 
дейді.  Сонда  Баян  1731  жылы  дүниеге  келсе,  1762  жылы  Абылай 
алдында  болады.  Ал,  ол  кезде  Сарыарқадағы  «Қалмақ  қырылған» 
соғысы  өткелі  көп  заман  өтіп  кеткен  кез  еді.  Қалған  әңгімесін 
дұрысқа санаймыз. 
 
 
Баян мен Түрке 
 
Батыр  Баянның  батырлар  санатына  қосылу  туралы  тарихын 
Дәртай әкеміздің жазған кітабынан білдік. 
Ал,  енді  жайылмалық  Сәрсенбекұлы  Болат  ағамыз  шертетін 
әңгімені  Шаханұлы  Беркін  әкеміз  бен  қарағандылық  Құтжанұлы 
Төкен  ағай  (бұл  кісі  өз  әңгімесін  Сәтиұлы  Жағдайдан  естігенмін 
дейді) айтатын әңгімелермен байланыстыра айтсақ төмендегідей: 
«Қазақ  әскері  қалмақты  шабатын  болады.  Дайындық  жасап, 
Түркістанның түбінде ат ойнатады. Осы ойынды келіп, сол кезде өз 
алдына  жаңа  мемлекет  болып  еңсесін  көтерген  Қоқан  елінің  ханы 
келіп  қарап  тұрады.  Баян  батыр  ұзын  бойлы,  қапсағай  денелі  кісі 
екен. Қолына жуан бақан алып, қасындағыларға: 

 
213 
- Артымды қорғай бер, - деп алдынан шыққанды бақанмен ұрып 
түсіре береді. 
Баянның көрсеткен ойынына Қоқан ханы риза болып: 
-  Жігітім,  өнеріңе  разымын.  Жанайын  деп-ақ  тұр  екенсің. 
Жорыққа барсаң, қайтарыңда маған қалмақтың бір аруын ала кел,  - 
дейді. 
Оған  Баян  ештеме  дей  қоймайды.  Батыр  адамның  көп 
сөйлемейтін әдетімен - не «иә», не «жоқ» демей кете барады. 
Қалмақпен  соғыс  басталады.  Күнделікті  Абылайдың  ақ  туын 
қазақтың  батырлары  кезектесіп  ұстайды  екен.  Кезекті  бір  күнгі 
майданда  ту  ұстау  кезегі  Батыр  Баянға  келеді.  Соғыста  астындағы 
атына оқ тиіп құлайды. Бірақ өзі туды құлатпай тұрып кетеді. Тудың 
сырығын  қару  ретінде  пайдаланып,  алдынан  келгенді  сойылға 
жығып,  өзіне  қару  дарытпай,  әрі  туды  жықпай  соғыс  қылады.  Оны 
Абылай хан байқап қалып, батырға көзі түседі. «Ой, мына жігіт кім 
болды  екен,  а?  Ерлігіне  лайықты  сый  берсем  болар  еді»  деп  ой 
түйеді. Соғыста қалмақты жеңіп, бірталай олжаға ие болады. 
Соғыс үстінде Баян батырға он жеті жерден садақтың оғы тиеді. 
Кеудесіндегі  сауытты  терең  тесіп  өте  алмай,  жебенің  ұшы  кіріп 
жарақаттанған. Қан көп кетіп қалады. Тұрып кетуге шама жоқ. Туды 
құлатпай  тырысып  ұстап  жата  береді.  Оны  көріп  қалған  басқа 
жауынгерлер  келіп,  туды  қабылдап  алып  кетеді.  Ал,  Баянның 
маңында  жүрген  жолдастары  оның  бас  жағына  ағашпен  шаншып, 
шүберекпен көмкеріп,  көлеңке жасап  беріп  алға шабуылдап  кетеді. 
Көлеңкеге  кеудесі  мен  басын  паналатып,  ыңырсып  жатады.  Қолға 
түскен қалмақтың қызы Баянның жағдайын көріп қалып, ауызына су 
тамызып, күннен бағып отырады. 
Бұл  күнгі  шайқас  аяқталып,  Абылай  хан  соғыс  орынын 
аралайды.  Кім  өлді,  кім  қалды,  неше  адам  өлді  дегендей  тексеріп 
келе  жатады.  Келе  жатса  бір  қалмақ  қызының  бір  бағанағы  жас 
батырдың  ауызына  су  тамызып,  басына  көлеңке  қойып,  жарасын 
таңып отырғанын байқайды. Сонда қыздың мына тірлігіне сүйсінген 
Абылай: 
-
 
Осы ажалдан аман алып қалсаң, батыр сеніке, - депті. 
Қыздың  батырға  қараған  еңбегі  жанып,  батырдың  да  рухының 
мықтылығы  қосылып,  батыр  сол  күнгі  кешкі  жиынға  өз  аяғымен 
келіпті. 

 
214 
Жауды алғаннан кейін түскен олжа мен әйел, бала-шағаны сол 
соғыста  ерлік  көрсеткен  батырлар  мен  әскер  арасында  бөліп,  теліп 
береді  екен.  Қолға  түскен  адамдар  ішінде  қалмақтың  қонтайшысы 
Қалдан Сереннің он жеті жастағы қызы - Түрке деген сұлу бар екен. 
Осы бөліске Абылай хан ерекше назар аударады. «Қалдан Сереннің 
қызы  олжа  болыпты»  дегенді  естіп,  батырлар  да  ынтығып, 
әрқайсысы өзіне алғысы келіп, даурығып, даланы басына көтеріпті. 
«Мен  аламын,  мен  аламын!»  деп  даурыққан  батырларды  Абылай 
қолын көтеріп, ишара жасап тоқтатқан екен. 
- Әкел қызды, көрейік, - деген екен. 
Қызды әкелгенде хан танып қалады. 
-
 
Бағанағы  ту  көтерген  жігіт  қайда?  Бар  ма?  Бар  болса  соны 
шақырыңдар, - дейді. 
Сонда Баян топ ішінен: 
- Мен едім, - деп суырылып шыға берді дейді. 
- Атың кім сенің? 
- Кіші жүз, Таманың батыры - Баян боламын, - дейді Баян саңқ 
етіп. 
-  Бәрекелді!  Бүгінгі  туды  ұстаған  сен  болсаң,  бүгінгі  ерлігіңді 
көрдім.  Туды  жықпадың,  жауға  бермедің.  Әскердің  рухы  –  тудың 
биіктен  желбіреп,  құламай  түруымен  байланысты.  Сенің  ерлігіңе 
тәнтімін.  Жараланып  жатқаныңда,  жаныңа  сеп  болған,  ауызыңа  су 
тамызған  осы  қыз  еді.  Бүгінгі  басым  олжа  да,  қыз  да  сеніке,  -  деп 
Түркенің еркін Баянға берген екен. 
Баян  қызды  қасына  ертіп,  қосқа  алып  кетеді.  Бірақ,  қызға  сені 
аламын  да,  не  сүйемін  де  демейді.  Қыз  бөлек,  Баян  бөлек  жүріп 
жатады.  
Ертеңіне жауды жеңген қазақ әскері демалып жатса, жау жақтан 
бір  шаң  көрініпті.  Қарауыл  қарап  тұрғандар  «жау  келділеп»  хабар 
берген соң, тыныш қана мызғып жатқаны бар, ойын қылып жатқаны 
бар,  үре-дүре  болып  орындарынан  түрегеліпті.  Шаң  жақындай 
келгенде ақ боз ат көзге шалынады. Сөйткенше: 
-
 
Келе  жатқан  ер  адам  емес,  басы  ағарады,  әйел  адам  екен,  - 
деген хабар келеді. 
Ауызды  жиып  алғанша  шеткі  шатырдың  қасына  аттылы  кісі 
келіп  тоқтайды.  Ақ  боздың  үстінде  ақ  жаулықты  ана  отыр  екен. 
Шеткі шатырдан шыққан  қарауылға  өз жөнін  айтып,  таныстырады. 
Сөйтсе,  ол  Қалдан  Сереннің  әйелі  болып  шығады.  Әскер  арасында 

 
215 
«Қалдан Сереннің әйелі келіпті» деген сыбыс демде тарап үлгереді. 
Кәдуілгі қазақ қызы. Жасақшыдан: 
-
 
Менің қызымды әкетіп бара жатқаның қайсың, - деп сұрайды. 
-
 
Қызыңыз Батыр Баянға телініп, соған тиген. Қосыны әнекей, - 
депті ол шеткері тұрған бір қосты нұсқап. 
Батыр  Баянның  шатырына  келген  үлкен  әйел  кісіні  батыр 
алдынан шығып құрмет көрсетіп, атынан түсіріп алмақ болды. 
-
 
Үйге түсіңіз, - десе, түспепті. 
Сыртқа қызын шақырып, екеуіне сынай қарап тұрып: 
-
 
Дұрыс, балам, сені бір көрейін деп келдім, - дейді. – Жолдасың 
өзіңе сай екен. 
Батыр Баянға қарап: 
-
 
Саған айтар бір ғана тілегім бар, - депті. – Текті жердің қызы 
еді, айқара қамшы салма. 
Баян тағы да: 
-
 
Үйге түсіңіз, - депті дейді. 
Сонда жаңағы кісі қолын жайып: 
-
 
Жау қолына түскен қазақтың бір мұңлық қызы едім. Арманым 
-  осы  қызымды  қазақ  жігітіне  берсем  деуші  едім.  Ол  тілегімді  де 
құдай құп көріп, сенің қолыңа іліктірген екен. Жастарың қатар екен. 
Қызыммен  екеуің  бақытты  болыңдар,  -  деп  батасын  беріп,  кері 
қайтып кетеді. 
Батыр  Баян  қызға  тиіспей,  аманат  сөзін  ұмытпай,  Қоқан  еліне 
сапар шегіпті. Баяғы Қоқан ханына алып барады. 
- Хан, уәдемде тұрып, қалмақтың қонтайшысының қызын олжа 
қылып, өзіңе тарту ретінде алып келдім, - дейді. 
Қоқанның ханы жасы алпыстан асқан кісі екен. 
-  Ей,  батырым.  Сені  сынайын  деп  айтып  едім.  Қыз  өзіңе 
лайықты екен. Өзің ал, - деп батасын беріпті. 
Баян еліне келген соң той жасап Түркеге қосылады. 
Екеуінің некесінен ұл дүниеге келеді. Сонда Абылай сүйсініп: 
-
 
Мына қыз біздің елге дәулет болып келді ғой. Байлығымызды 
тасытып,  бағамызды  асырып  жатыр  ғой.  Баласының  аты  Тасыбай 
болсын, - депті» дейді. 
Міне,  біз  білетін,  біздерге  жеткен  Батыр  Баян  мен  Түрке 
анамыздың  табысу  тарихы  осындай.  Үш  әңгімені  бір-бірімен 
толықтырып, бір сөзін де жоққа шығармай, әрбірінің маңыздылығы, 

 
216 
айтар  ойына  біріктіріп,  тиянақтап  шықтым.  Аллаға  шүкір!  Тарихы 
өлмеген, тарихын өлтірмеген ерлер аман болсын!
 
Ол  заманда  қазақ  батырларының  қалмақтың  қолға  түскен 
қыздарына үйленуі көп болған. Оған тегін, қалыңсыз қыз деп емес, 
басқаша  есептермен  үйленген  екен.  Ол  жөнінде  «Ошақты 
шежіресінде»:  «Қалмақты  шапқан  жылы  жорықтан  талай  байдың 
үйірінің саны артып, кедейдің қазаны толды, талай бәйбішенің қолы 
ұзарды,  талай  сүр  бойдақтың  қойыны  жылынды»  деп  жазса,  орыс 
тарих  зерттеушісі  А.  И.  Левшин  «Қырғыз-қайсақ  ордасы  жайлы 
сипаттама»  атты  еңбегінде:  «Ынтықтықтан  басқа  қазақтардың 
қалмақтан  әйел  алғанды  жақсы  көретін  себебі,  осындай  некеден 
жақсы перзент туады-мыс» деп те жазады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет