Нұрсұлтан Назарбаев Ќазаќстан жолы



Pdf көрінісі
бет27/27
Дата31.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#10872
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

СӨЗ СОЊЫНДА
Менің кітабым Ќазаќстанның ќазіргі заман тарихының жєне
менің ел Президенті ретіндегі ќызметімнің ең ќиын да, ең жарќын
да сєттерінің негізінде ќұрылған. Менің ойымша, бұл жас ұрпаќ-
тың ќолдан түсірмейтін кітабына айнала алады. Кітаптың тоғыз
тарауының єрќайсысында тєуелсіз Ќазаќстанның ќалыптасуының
біз үшін аса маңызды болған жєне єлі де солай бола беретін
кезеңдері ќарастырылған. Кітапта елімізге дамудың айќын бағыт-
тарын көрсету керек болған кезде, біздің стратегия бойынша ќалай
жұмыс істегеніміз; біздің заңдыќ ірге тасымызды ќалаған Консти-
туциясының ќалай ќабылданғаны; еліміздің басты ќазынасы – біздің
мұнайгаз ресурстарымыздың ќалай игеріле бастағаны; Ќазаќстан
экономикасының күре тамырлары ретіндегі ұлттыќ валютаның ќалай
енгізілгені жєне банк жүйесінің ќалай дамытылғаны; жүргізілген
экономикалыќ реформалардың кері ќайтпайтындай етіп бекіткен
жекешелендіру мен жер реформасының ќалай іске асырылғаны;
біздің жас мемлекеттігіміздің бейнесі сияќты Астананың ќалай
салынғандығы туралы єңгімеленеді. Сонымен ќатар онда ќазаќ-
стандыќтың ғарышќа бірінші рет ұшуы жєне Тєуелсіздік жылда-
рында Ќазаќстанның басынан өткен көптеген жағдаяттар сөз бо-
лады.
Мемлекеттік ќұрылыстың біз таќыр жерден бастадыќ деп ай-
тарлыќтай бірсыпыра маңызды мєселелері бұл кітаптан тыс ќалып
ќойды. Өзіміздің єскерімізді, шекара ќызметін, кеденді, арнайы
ќызметтерді ќұру жайын осыған жатќызамыз. Ќазаќстанды дүние
жүзіне танымал жасау үшін, орасан зор сыртќы саяси ќызмет
ќажет. Мен ќызмет барысында өзімнің жанымда болған, маған
көмектерін көрсеткен єріптестерім туралы ештеңе айта алмадым.
Менің дүниежүзі мемлекеттерінің басшыларымен, планетаның небір
тартымды адамдарымен кездесулерім – жеке бір таќырып. Бұл –
болашаќтың ісі. Өйткені бұл кітап мемуарға жатпайды. Мұнда

360    
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
негізінен біздің тєуелсіздігіміздің іргетасы – экономика сөз бола-
ды. Осы жылдары біздің компаниялардың акцияларының Лондон
ќор биржасына (IPO) шығу процесі басталды. Бұл мүлде жаңа
деңгей, біз жаћандыќ экономиканың бөлшегіне айналудамыз. Бізде
ќандай да болсын аќпарат жария бола түсуде. Бұл сенімді артты-
рады жєне елімізге жаңа технологияларды алып келеді. «Ќазаќ-
мыс», «Ќазаќмұнайгаз» – IPO пионерлері, бұлардың ізімен өкше-
леп, басќа компаниялар да келе жатыр. Бұл – өзінше бір жеке
єңгіме.
Сонымен бірге елдегі іске асырылған жігерлі экономикалыќ
реформаларды ғана сипаттап, білім беру жүйесінің даму үрдісіне
бірер ауыз сөз арналмаса, айтќанымыз толыќ болмас еді. Бүгінде,
біз дамудың жаңа кезеңіне шыќќанда, экономиканың өсуі тек
ќаржы инвестицияларын ғана талап етіп ќоймайды, сонымен бірге
елімізді толыќќанды адам капиталымен ќамтамасыз етуді ќажет
санайды. Оќу үрдісі барысында адам өзіне тек ќажетті білімді ғана
алып ќоймайды, сонымен бірге ол осы жинаќтағанын ќолдануға
болатын мүмкіндіктерді де іздейді. Дєл сондыќтан да, жоғарғы
білім деңгейі – бұл оның иесінің жоғарғы ќабілеті деп ойлаймын.
Өмір көрсетіп отырғандай, бєсекеге ќабілетті білім беру жүйесі
елдің өмірінде шешуші рөл атќарады. Сондыќтан оның дамуын-
дағы кейбір негізгі кезеңдерді көрсеткім келді. Сонымен бірге,
ең басты нєрсе сол – мемлекет өз дамуының бүкіл өн бойында
өзінің ең маңызды міндеті – жеке тұлғаның, ќоғам мен мемле-
кеттің көкейтесті жєне кең өрісті талаптарына сєйкес келетін,
єрбір азаматтың толыќќанды сапалы білім алуына тең мүмкіндікті
ќамтамасыз етуі керек.
«Ќазаќстан – 2030» стратегиясы ќабылданып жатќан кезде, біз
елді 2030 жылға ќарай єлемнің дамыған елдерінің ќатарына алып
шығуды өзімізге маќсат етіп ќойдыќ. Бұл біздің алдымызға ќоғам
дамуының жаңа жауапты міндеттерін ќойды. Яғни мемлекеттің
бірінші кезекте шешуі тиіс міндеттері ќойылды.
Сондыќтан да мен, өзімнің «Ќазаќстанның єлемдегі бєсекеге
барынша ќабілетті 50 елдің ќатарына кіру стратегиясы» деген та-
ќырыпта ел халќына арнаған Жолдауымда, негізінен білім беру
жүйесіне, ғылым мен білімді интеграциялау жолымен оның бєсе-
кеге ќабілеттілігін ќамтамасыз етуге ерекше көңіл аудардым.
Осылардың ішінен тең маңызды екі міндетті бөліп ќарауға бо-
лады. Біріншіден, білім беру ісі Отанның игілігі үшін саналы түрде
таңдау жасауға жєне өз бетімен шешім ќабылдауға ќабілетті пат-
риотты тєрбиелеуге ќолдау көрсетуі керек. Екіншіден, білім беру

Сөз соңында
    361
ісі кез келген жағдайға бейімделгіш жєне жаңа идеяларды ќабыл-
дауға ќабілетті, өзіне де, жаќындарына да ќамќорлыќ жасай ала-
тын,  бєсекеге ќабілетті жєне үнемі жетіліп отыратын адамды
тєрбиелеуге септігін тигізуі ќажет. Жаћандану жағдайында осы
екі зор міндетке үшіншісі – ұлттыќ сєйкестікті саќтап ќалу міндеті
келіп ќосылады.
Білім беру, мемлекет жєне ќоғам
Ќазаќстандағы білім беру жүйесі жастарға жанұясының мате-
риалдыќ мүмкіншіліктеріне, тұрған жеріне, ұлтына жєне денсау-
лығының жағдайына ќарамастан, толыќќанды білім алып шығула-
рына бірдей тең мүмкіндік береді. Бұл ата-анасының ќамќорлығы-
нан айырылған балалар мен жасөспірімдерді єлеуметтік жағынан
ќорғауды іске асыруға, олардың өз мүмкіндіктерін пайдалануға
жағдай туғызады. Ол мектеп баласының ой-өрісін дамытуда үлкен
рөл атќарады, білім беруде, ынталандыруда жєне өнегелі тєрбие
беруде аса ќуатты реттеуші болып табылады. Сонымен бірге, мем-
лекет балалар мен жастардың арасынан ќабілеттілерін, дарынды-
ларын іздеп тауып, оларды үнемі ќолдап отырады. Мемлекет олар-
дың, оның ішінде Батыстың жетекші оќу орындарында оќитын-
дардың да оќу аќыларын төлеулеріне көмектеседі.
2008 жылдан бастап Ќазаќстан мектебі 12-жылдыќ білім алуға
көшеді. Отандыќ мектептің дєстүрлерімен есептесе келе жєне ха-
лыќаралыќ тєжірибені ойға ала отыра, жаңа жүйеде орта білім
берудің 5+5+2 принципі бойынша ќұрылымы ұсынылады.
Біріншіден, бұл бастауыш мектеп (1-5 сыныптар): мұнда бірінші
класќа ќабылдау 6 жастан іске асырылады. Екіншіден, бұл негізгі
орта мектеп (6-10 сыныптар). Осы тұста, жас түлек 10 сыныпты
бітіргеннен кейін, оќуын бағдарлы сыныптарда, кєсіби мектептер-
де жєне лицейлерде, колледждерде, жоғары техникалыќ мектеп-
терде жалғастыруға кең көлемді таңдау мүмкіндігі бар екендігін
атап айтќан маңызды. Үшіншіден, 11-12 сыныптар – бұл жоғарғы
сынып оќушыларын бағдарлы түрде оќыту. Бағдарлы оќытуға көшу
оќушылардың саналы түрде, жауапкершілікпен өздерінің болашаќ
кєсіби ќызметтерін, жеке бастарының ќалыптасуын, өзіндік өмір
жолдарын аныќтап алуларына жағдай туғызады.
Бұл жерде мен єлеуметтік єріптестіктің мєселелеріне тоќ-
талғым келеді. Ќазір, біз еліміздің экономикалыќ дамуының нєти-

362    
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
желерін аныќ байќаған кезде, бизнес, мамандардың жетіспеушілігін
күнделікті көре отырып, білім беру саласының алдындағы өзінің
єлеуметтік жауапкершілігін сезінуі тиіс єңгімені ауыл жастары-
ның жұмыссыздығын азайтудан бастауға болады. Соңғы жылдары
бизнесмендердің арасында өздерінің немесе ата-бабаларының ту-
ған жерінде мешіттер мен медреселер ашу єдетке айналды. Осы-
лай жасай отырып, олар көп жағдайда онда жастарды кім жєне
неменеге оќытатынын ќаперлеріне алмайды. Сонымен бірге, неге
екені белгісіз осы бизнесмендердің өздерінің немесе ата-аналары-
ның оќыған мектептеріне көмектесу деген жоќтың ќасы, ілуде
біреу ғана. Елімізде 8 мыңға жуыќ мектептер бар, осылардың єрбір
төртіншісі күрделі жөндеуді ќажет етеді. Біз 12-жылдыќ білім
беру жүйесіне өтуді, бағдарлы мектептер, ресурстыќ орталыќтар
ќұруды, кєсіптік мектептер мен лицейлердің желісін кеңейтуді
жоспарлауға кіріскен кезде бұл мєселе ерекше өзекті бола түседі.
Бизнес бір немесе екі мектепті өз ќамќорлығына неге алмайды?
Бизнес кітапханаларды, оќу-өндірістік цехтарды жөндеуден өткізуге
немесе спорт жабдыќтарын сатып алуға неге көмектеспейді? Батыста
жаңа ғимаратты салуға аќша бөлген меценаттың аты дєрісха-
наларға, залдарға, кейде тіпті сол ғимараттардың өзіне беріледі.
Осындай өнегелі тєжірибені енгізсе бізге кім бөгет болады? Соны-
мен бірге, осы сияќты оќу орындарына байланысты меценаттыќ
тың єлемдік тєжірибеде жоғарғы оќу орындарына да ќатысы бар.
Осы үрдістің негізінде біздің жоғарғы оќу орындары таяу ара-
дағы болашаќта дүние жүзілік стандарт деңгейінде, өздерінің дип-
ломдары дүние жүзінің барлыќ елдерінде танылатындай білім бе-
рудің керек екендігін ұмытпаулары керек. Мен 10-15 жылдан кейін
Ќазаќстан университеттерін бітірушілердің де, єлемдегі жетекші
университеттерді бітірушілер сияќты бағаланатынына сенгім ке-
леді. Иє, бүгінде осындай объективті мүмкіндік біз үшін єлі ар-
ман. Сондыќтан, осыған жету үшін, бүгіннен бастап дүние жүзілік
деңгейдегі ұлттыќ таңдаулы университеттер ќұруды бастау керек.
Білім беру жүйесі еліміздің адамдыќ, аќпараттыќ, материал-
дыќ, ќаржылыќ ресурстарының барлығын тиімді пайдалануды ќам-
тамасыз етуі, ал мемлекет – халыќтың барлыќ єлеуметтік топта-
рына білім беру жолының ашыќ болуына кепілдік беруі жєне
білім беруді басымдылыќпен ќолдауы тиіс.

Сөз соңында
    363
Білім беру жєне жеке тұлға
Ќазір, біз ќұќыќтыќ, демократиялыќ ќоғам жєне тиімді нарыќ-
тыќ экономика ќұруға талаптанып жатќан кезде, проблемалар пайда
болады. Бұл проблемалардың тууы, адамдардың өмірлік ќұнды-
лыќтарға ќатынастарының өзгеруіне, күнделікті кездесіп отырған
жєне осы өзгерістер үрдісінде алда да кездесуі мүмкін экономика-
лыќ жєне саяси ќиындыќтарға байланысты. Мұндай жағдайда білім
беру жүйесіне бірінші кезектегі єлеуметтік талаптармен бірге жаңа
рухани-өнегелі талаптар да ќойылады.
Азаматтыќ жєне экономикалыќ дамудың ќазіргі кезеңінде ќазаќ-
стандыќтар, ќоғам мен экономикадағы болып жатќан өзгерістерге
жылдам бейімделуге мүмкіндік беретін, жан-жаќты білім алула-
ры; білімдерін єрі ќарай жалғастыруға мүмкіндік беретін тыңғы-
лыќты базалыќ білімдер мен дағдыларды алулары; аќпараттарды
сараптап соның негізінде таңдау жасап, шешім ќабылдауға ќабі-
летті болулары; азаматтыќ тєртіптің жалпы ќабылданған нормала-
рын ќұрметтейтін, єртүрлі проблемалар мен ахуалдарға байланыс-
ты басќаша көзќарастарды бірдей ќабылдайтын болулары тиіс.
Білім алу үрдісі барысында біздің жас ұрпаќ проблемаларды өз
беттерімен дербес шешуге үйренулері; жаңа аќпараттар мен жа-
ңаша білім алу машыќтарын меңгерулері; сын көзімен кең өрісті
ойлаулары: ынталылыќ пен тапќырлыќ көрсетулері керек. Ќай елдің
халќы оќу мен білімнің арќасында алған аќпараттарды, білімді
жєне технологияларды өмірде тиімді ќолдана білсе толыќќанды
болашаќ сол елге тиісті.
Мектеп – жеке тұлғаның ќалыптасатын жері. Ол жеткіншектің
тек ќана одан арғы оќуына негіз болатын базалыќ білім мен ма-
шыќтарды ғана беріп ќоймайды, сонымен бірге өмірлік тєжіри-
бенің де алғашќы тєжірибесін береді. Дєл осы жерде жеке тұлға-
ның ќоғаммен арадағы ќатынастарының, үлкендер мен ќұрдаста-
рына деген ќұрметтің, заңды жєне ќұќыќтыќ тєртіпті сыйлаудың
негіздері ќаланады. Оќушы мемлекеттің міндетін түсінуге, оның
єлеуметтік институттар арќылы өзінің жеке басына ќатысты жос-
парларын іске асыруға ќолдау жасайтынын ұғынуға үйренеді.
Мектеп өмірдің алғашќы сабаќтарын береді. Ќоғамда өмір сүруге,
оның тєртіптеріне бағынуға үйрете отырып, мектеп сонымен бірге
єрбір баланың жеке ерекшеліктерін басып тастамауы керек. Өзінің
жеке пікірі жоќ оќушы, өзінің позициясын дєлелді түрде ќорғай
алмайды, оның ойлау ќабілеті болмайды жєне ол жаңа идеяларды

364    
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
туғыза алмайды. Ондай адам дұрыс шешімдер ќабылдауға, жаңа
инновациялар жасауға ќабілетсіз. Мектептің осындай түлегі, аќиќат-
ты өз бетімен түсінудің орнына, ќашанда басќа біреудің ой-пікіріне
сүйенуге дайын тұрады. Осыдан ќұтылу үшін, мұғалімнің оќушыға
деген ќамќорлыќ ќатынасын өзгерту ќажет. Бұған ќатысты:
«Мұғалім жауаптарын бермейді, ол сұраќтар ќояды. Мұғалім
Білімнің жолымен жетектеп жүрмейді. Ол тек оны көрсетеді» де-
ген бір тамаша айтылған сөз бар.
Білім беру жєне бєсекеге ќабілетті экономика
Интеллектуалдыќ єлеуетті біздің ел ќаншалыќты пайдалана
алады – халыќтың өмір деңгейінің жағдайы жєне Ќазаќстанның
тұраќты экономикалыќ өсуі соған байланысты болмаќ.
Аќпаратты ќоғам дєуірінде білімге жєне сауаттылыќќа байла-
нысты ұғымдар терең өзгерістерге ұшырады. Аќпаратты берудің,
ќабылдап алудың, өңдеуден өткізудің жєне саќтаудың жаңа єдістері
мен ќұралдары толассыз пайда болуда. Осындай жағдайда өткен
ХХ ғасырдың білім беру жүйесі тиімсіз жєне нєтижелі ќызмет
жасап, біздің ќоғамның талаптарына жауап беруге ќабілетсіз.
Бүгінде Ќазаќстан жаңа бір секірістің, өзінің дамуындағы жаңа
кезеңнің табалдырығында тұр. Біз үшін жаңа уаќыт – бұл ең
бастысы Ќазаќстанға өз дамуының ќарќынын саќтауға мүмкіндік
беретін, осындай жаңа адамдардың жєне жаңа міндеттердің уаќыты.
Ќазаќстанның Еуразия аймағында көшбасшылығын саќтауы үшін,
алдымызға асќаќ міндеттер ќоя алатындай жєне өзгелерге ќара-
ғанда єлдеќайда көп істер атќаруға тиіс батылдыќ керек. Ќазаќ-
станның єлемдегі бєсекеге ќабілетті елу елдің ќатарына кіруі үшін
дєл осындай міндеттер ќойылады.
Бірінші тарауда мен бєсекеге ќабілетті ұлт туралы айтќанмын.
Ал бєсекеге жеке тұлғаның ќабілетті болуы деген нені білдіреді?
Жеке тұлғаның бєсекеге ќабілеттілігі – бұл, үнемі ќұбылып оты-
ратын бүгінгі мен белгісіз ертеңгіге дайын болуға көмектесетін,
өмірлік машыќтардың шоғырлануы. Бұл – белгісіз ертеңгінің
емеурінін өз пайдаңа ќолдана білу ќабілеті. Басќаша айтќанда,
жас ќазаќстандыќтар бүгін, жаћанданған єлемде, тек ќана лайыќ-
ты өмір сүруге көмектесетін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі күннің
өмір шындыќтарына белсенді ыќпал ете алатындай,оларды жаќсы

Сөз соңында
    365
жағына ќарай өзгертетін машыќтар мен біліктілікке ие болулары
керек. Бізге бағдарламаның шеңберінде ќалып ќойғандар емес, еркін
жол таба білетіндер керек.
Уаќыт жылдам, ол өзінің жаңа тєртіптерін ұсынады жєне
ешкімді де күтіп тұрмайды. Ќазаќстанның алдыңғы ќатарлы ел-
дерден ќалып ќоюына мүлде хаќысы жоќ. Ќазаќстанға жаңа түрдегі
таңдаулы оќу орындары күні бүгін ќажет. Бұлар, индустриямен
тығыз байланыстағы, ќуатты білім беру, зерттеу жєне ғылыми-
өндірістік кешендер болуы керек. Менің тікелей араласуыммен
ЌМЭБИ (КИМЭП), Гумилев атындағы Еуразия университеті жєне
Ќазаќстан-британ университеттері ќұрылды. Бұл университеттер
– білім берудің ќазаќстандыќ жүйесін єлемдік деңгейге шығару-
дың сіз бен біз жасаған алғашќы талпынысы.
Білім шекараны білмейді. Сондыќтан да біздің университеттер
жаћандыќ бєсекенің тынысын айќын сезінулері керек. Мектептің
дарынды жастарына, мысалы, Халыќаралыќ олимпиадалардың
жеңімпаздарына, дүние жүзінің ең бір беделді университеттерінің
есіктері ашыќ. Біздің жас физиктер, математиктер, химиктер Мас-
сачусетс технология институтында, Гарвардта, Оксфордта тегін
оќиды. Университеттер стипендиялар мен гранттар ұсынып, перс-
пективасы жоғары ғалымдар үшін күреседі.
Осы маќсатпен 1993 жылы, ең бір ќиын кезеңде, Ќазаќстанның
тєуелсіздігінің алғашќы жылдарында, бюджет саласының ќызмет-
керлеріне жалаќыға төлеуге ќаржы болмай жатќан кезде, мемле-
кет сондай-аќ мамандарды дайындау бойынша бағытты саясатты
ойластырды, халыќаралыќ «Болашаќ» стипендиясын тағайындады.
Бұндай стипендиялар Жапонияда, Сингапурда жєне Оңтүстік
Кореяда ќолданылды. Біраќ кейін келе, бұл елдер өздерінің бєсе-
кеге ќабілетті жоғарғы білім жүйесін ќұрды.
Жоғарғы білім берудің осы тєрізді ќазаќстандыќ моделін, ерек-
ше өзіндік академиялыќ ортасын ќалыптастыру үшін Астана ќала-
сында халыќаралыќ деңгейдегі беделді университет ќұру ќажет.
Бүгінгі күні Астана ќаласында халыќаралыќ деңгейдегі жаңа
университетті ќұру тұжырымдамасы бекітілді. Бұл сапасы бөлек
жаңа институттары жєне орталыќтары бар, ең бір осы заманғы
єлемдік талаптарға жауап беретін жоғарғы оќу орны болмаќ. Уни-
верситетте білім беру, инновациялар, зерттеулер кєсіпкерлік үйле-
сімділікпен сыйысулары керек.
Университет Ќазаќстанның интеллектуальдыќ, ғылыми-техни-
калыќ элитасының ќалыптасуына; экономиканың кластерлі сала-
сының талаптарына ќарай көзделген білімді, талдамаларды жєне

366    
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
технологияларды ќалыптастыруға оларды трансферттеуге жағдай
жасауы керек. Студенттері «білім алу баға үшін емес, білімді болу
үшін» деген принципті ұстанатын, ерекше корпоративті рухы бар
жєне білімге табынушылыќ ќалыптасќан орта университеттің
бөлінбес бөлшегі болуы керек.
Сонымен бірге, сіздердің назарларыңызды, осы ќабылданып
жатќан шаралармен ќатар, оќытушылардың өздерінің біліктілікте-
ріне жєне дайындыќ деңгейлеріне талаптың ерекше жоғары бо-
луы керектігіне аударғым келеді. Білім берудің сапасы көп жағ-
дайда оќытушыға – оның біліміне, ќабілетіне, машыќтарына, пе-
дагогикалыќ шеберлігіне жєне рухани ізгілік позициясына байла-
нысты. Біз єңгіме етіп отырған мамандардың жаңа буындарын
ќалыптастыруға, оларды, былайша айтќанда, «ќолдан баптап» өсіруге
кім тікелей жауапкершілікті сезінсе, оќытушы – сол.
Білім беру жєне ұлттыќ сєйкестік
Бєсекеге ќабілетті ұлт туралы айтќанда ұмытылмайтын бір
тиіс нєрсе – бєсекеге ќабілеттілік; Бұл – ең алдымен өзіңнің
барлыќ артыќшылыќтарыңды пайдалана білу деген сөз, біраќ
оларды өзіміздің кім екендігімізді ұғынғаннан кейін барып ғана
аныќтауға болады.
Біз – ғасырлар бойы єлемдік өркениеттердің тоғысќан жерін-
де өмір сүрген єулеттердің ұрпаќтарымыз. Ұлы Дала ќашан да єр
түрлі мєдениеттер, тілдер, єскерлер, діндер, тауарлар жєне идея-
лар тоғысќан ќиылыста тұрды. Мыңдаған жылдар бойы Дала
халыќтардың генераторы болды. Ал ХХI ғасырда ол ерекше сапа-
дағы адамның генераторына, жаңа идеялардың генераторына ай-
налуы тиіс. Біздің табиғатымызға біткен далалыќ ойлау машыќ-
тары, ғаламдыќ трендттер –икемділік пен жүйелілікті барынша
толыќ бейнелеп көрсетеді. Көшпелілер ќашанда икемделгіш бол-
ған жєне, бір ќарағанда, ешбір аќылға сыймайтын бір ќасиеттері,
олардың барлыќ іс-єрекеттері ќашанда табиғаттың белгілі бір
ќайталанбалы кезеңіне жєне ќоғамдыќ өзара ќатынастың прин-
циптеріне сєйкес келетін.
Ќазіргі ахуалда бұл машыќтар бізге ќалай көмектесе алар еді?
Мысалға жылжымалы байланыс пен сымсыз Интернетті алып
ќарайыќ. Бұл технологиялар адамды белгілі бір жерге байлап ќой-
майды, ќайта ќозғалуына кең еркіндік береді. Ұлт аралыќ корпора-

Сөз соңында
    367
циялар көптеген бағыттар бойынша 10-нан 100-ге дейін адамнан
тұратын жылжымалы топтарға сүйенеді. Олар єр түрлі континент-
терге орналасќан жєне наќты бір іс пайда болғанда ғана сол іске
жұмылдырылады. Бүкіл дүние жүзінде, білім беру саласына «бүкіл
өмір бойы білім алу» тұжырымдамасы енгізілуде. Бұл үздіксіз білім
алуға жєне жеке ќабілетті үнемі жаңартып тұруға негізделген.
Өзіндік ортада туған, бєсекеге ќабілетті тұлға, алдымен, өз
халќының мєдениеті мен тілін білуі керек. Білім беру жүйесі
арќылы сіңірілетін, туған тілдің мєдени бастаулары мен рухани
дєстүрлерін саќтау, жас ұрпаќтың бойында жаћанданудың барлы-
ғын жұтатын, бірыңғайлайтын жєне кіріктендіретін үрдістеріне
ќарсы тұра алатындай иммунитеттің ќалыптасуына көмектеседі.
Сонымен бірге, «ұлттыќ багаж» жас ќазаќстандыќтардың
дүниежүзілік жалпы білім беру кеңістігіне ќосылуына кедергі бол-
мауы жєне олардың бєсекеге ќабілеттіліктерін төмендетпеуге тиіс.
Єрбір ќазаќстандыќта өзінің ќадір-ќасиетін білу сезімі болуға
тиіс, өзінің жасаған істеріне жєне өзінің өміріне өзі жауапты
болуы керек.
Ќалыптасќан ахуалды талдауға, сын көзімен бағалауға, жауап-
кершілікті шешім ќабылдауға жєне аќпараттармен, оның ішінде
ќазіргі компьютерлік ќұралдарды пайдалана отырып, өнерпаздыќ
негізде жұмыс істеуге үйрену ќажет.
Бүгіндері күн тєртібіне, елімізде іске асырылып отырған жаңа-
рулардың мазмұнына сєйкес, ќазаќстандыќ жаңа ќоғамдыќ сананы
ќалыптастыру ќажеттігі шыќты. Бұған жалпы адамзаттыќ мєдени-
еттің, ќазіргі заманғы білімнің жєне ұлттыќ дєстүрдің элемент-
терінің кіру ќажеттігі күмєнсіз. Демек, үнемі өзгеріп отырған єлемге
жєне білім беру саласындағы жаңа єлеуметтік талаптарға ќарамас-
тан, білім беру жүйесінің міндеті сол күйінде – толыќќанды жєне
бєсекеге белсенді азаматты тєрбиелеу, білім берудің рөлін эконо-
микалыќ пайда табудың тұрғысынан емес, сонымен бірге – ойлай-
тын, ќоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін жєне еліне жаны
ашитын азаматтарды ќалыптастыру түрінде ќалып отыр. Бұл ќаси-
еттер єрбір адамның бойына жанұя, мектеп, университет сияќты
єлеуметтік институттарда сіңірілуі тиіс.
Өз мүмкіндіктеріне сенбейтін жєне орынды тєуекелге бармай-
тын шығармашылыќ ізденістері жоќ адамдардың болуы Ќазаќстан-
ның ғылыми сыйымды экономикасын ќұру жолындағы ең үлкен
кедергі болуы мүмкін. 2003 жылы ќабылданған Индустриялыќ-
инновациялыќ дамудың стратегиясы бізге бұл мєселені шешуге
көмектеседі. Аталмыш стратегияны іске асыру барысында эконо-

368    
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
миканың кадрлыќ жєне технологиялыќ деңгейін аныќтайтын негізгі
фактор ретіндегі жоғарғы мектеп жетілдіріледі. Оны іске асыру-
дың іс жүзіндегі нєтижесі, ғылыми-технологиялыќ прогрестің бо-
лашағы бар тенденцияларына жауап беретін ғылыми зерттеулерді
ќамтамасыз етуі жєне оның алға оза отырып дамуы болып табыла-
ды. Міне сондыќтан да біз білім беру мєселесіне ерекше ќараймыз.
Мен ќоғам дамуының білімге негізделген дұрыс бағытын таң-
дай алғанымызға сенімдімін, елдердің салыстырмалы артыќшылыќ-
тарын, табиғатының байлығымен жєне арзан жұмыс күшімен аныќ-
тау бірте-бірте азайып, оның орнына техникалыќ инновациялар-
мен жєне білімді наќты пайдаланудың мысалдарымен аныќтау
бірінші орынға шығуда.
Аяќтай келе тағы да атап айтќым келетіні, елімізге өздеріне
жауапкершілік ала алатын жас адамдардың жаңа буыны ќажет.
Бұл жаңа буын ірі проблемаларды шеше алатындай болулары жєне
өзгерген экономикалыќ жєне технологиялыќ жағдайларға бейім-
деле білулері тиіс; сондай-аќ олардан ғаламдыќ трендтерді екі
ќадам бұрын сезіне отырып, ќалыптасќан жағдайларды тиімді түрде
пайдалана білу талап етіледі.
Менің Ќазаќстан жастарына айтар тілегім мынадай: Сіздерге
міндетті түрде сапалы білім алу керек, ол сіздерге сенімді ірге-
тас болады, олсыз сіздер өзіңіздің болашағыңызды, өз балалары-
ңыздың болашағын, бүкіл еліміздің болашағын жасай алмайсыз-
дар. Сіздерге жұмыс істеу керек жєне тағы да жұмыс істеу
керек, ең бірінші – өзіңізді жетілдіру бағытында. Білімге де
жетілуге шек жоќ. «Адамның өміріне шек бар, білімге ондай
жоќ» дейді ќытайдың даналыќ маќалы. Бұнымен келіспеуге бол-
майды. Сондай-аќ біздің өзіміздің ќазаќтың да маќалдары бар,
олар: «Жеті тілді білуге ұмтыл жєне жеті ғылымды меңгер» деп
үйретеді, астарына үңілсек, одан да оќу мен білімнің күш екенін,
байлыќ екенін түсінеміз.
Ұлы Абай да кезінде: «Бай болғың келсе – өнерге үйрен»
деген. Оның сөздері, менің пікірімше, ќазіргі білім беру стратегия-
сының идеологиясын дєл көрсетеді.
Күшті жєне гүлденген мемлекет болу жєне тұраќты дамуға
ќол жеткізу үшін біз интеллектуалдыќ элитаға, жоғарғы техноло-
гияға, еліміздің ғылыми єлеуетіне сүйенуіміз ќажет. Тек өзінің
интеллектуалдыќ єлеуетінің арќасында ғана ел єлемдегі өзінің
лайыќты орнын ала алады. Сондыќтан Сіздердің – біздің жастар-
дың алдында үлкен жауапкершілік жатыр.

Сөз соңында
    369
Адамның өмірі тағдырдың кездейсоќ бұрылыстарына жєне оның
беріктігін тексеретін сынаќтарға толы. Адамдардың Жаратушыдан
өздерін ќауіп-ќатерден, сєтсіздіктерден саќтауын тілеп, жалбары-
нулары тегін емес.
Адам ќашанда жаќсылыќ пен жамандыќтың, жарыќ пен
ќараңғының, махаббат пен өшпенділіктің, білімділік пен надан-
дыќтың арасындағы мєңгілік таңдаудың алдына ќойылған сияќты.
Адамның алдынан кездесетін проблемалардың барлығын ќиын-
дыќтарды жеңу үшін жєне өзінің алдына ќойған маќсаттарына
жетудің тиімді жолдарын табу үшін пайда болатын сияќты көрінеді.
Єрбір ќас-ќағымда адам дұрыс таңдау жасаса жєне сол арќылы
өзімен-өзі үйлесімділікке жетсе, нағыз баќыт деген сол болар.
Егер де жастар гуманизмді, білімді, жауапкершілікті, єділдікті
таңдап алса жєне өзімшіл болмаса, онда олармен бірге табыс та
ілесіп жүреді.
Мен єрбір кеш сайын өзіме өзім «Бүгінгі күнді дұрыс өткіздім
бе?» деген сұраќ ќоямын да, соған жауап беруге тырысамын. Мен
үшін, Президент үшін, бұл сұраќ: «Менің отандастарымның өмірін
жаќсарту үшін барлығын істей алып отырмын ба?» дегенді білдіреді.
Бұл менің ұстанымымның негізі.
Мен сіздерге Отанды сүюді жєне оған ќамќорлыќ жасауды
тілеймін. Елімізді саќтасаќ, бір-бірімізге ќол ұшын берсек, бєріміз
бірге болсаќ, міне сонда ғана біз кез келген сынаќтар мен ке-
дергілерден сүрінбей өтеміз жєне оларды абыроймен жеңіп шыға-
мыз.

370    
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Алғы сөз ..................................................................................... 3
I тарау: Тєуелсіздік стратегиясы .............................................. 7
II тарау: 1995 жылғы Конституция ....................................... 47
III тарау: Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі ............. 101
IV тарау: Теңге – біздің тєуелсіздік нышанымыз .............. 143
V тарау: Мемлекеттік меншіктен – жеке меншікке .......... 181
VI тарау: Ұлттыќ ќаржы жүйесі .......................................... 213
VII тарау: Жер мєселесінің эволюциясы ............................. 267
VIII тарау: Жұлдыздарға жол салған Ќазаќстан ................ 305
IX тарау: Жаңа дєуірдің жаңа астанасы ............................. 333
Сөз соңында ........................................................................... 359

Сөз соңында
    371
Жауапты редактор
А. Єбдімомынов.
Редакторлар:
А. Нүсіпова, Е. Сүлейменов,
Ж. Ќожахметов, А. Нүсіпова,
А. Айтќалиев, С. Дүйсекеева, С. Нұрғалиева.
Техникалыќ редакторлар:
А. Майкопова, Е. Теремов.
Мұќабаны єрлендірген
А. Зуева
Басуға 14.02.2007 ж. берілді.
Пішімі 60х84 
1
/
16
 . Ќағазы офсеттік.
Басылым офсеттік. Көлемі 46,5 баспа табаќ.
Таралымы 7000 дана. Тапсырыс № 55.
«Арко» ЖШС баспаханасында басылды.
Ќарағанды ќаласы, Ленина көшесі, 2.

372    
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Астана ќ., 2006 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет