Нұрсұлтан Назарбаев Ќазаќстан жолы


Астананы ауыстыру – жүзеге асќан факт



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата31.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#10872
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Астананы ауыстыру – жүзеге асќан факт
1997 жылдың 7 ќазанында министрліктердің, ведомстволар-
дың, сондай-аќ ќұрылысшылардың басшыларымен болған кеңес-
те, мен тағы да Аќмоланы электрмен, сумен жєне т.б. ќамтама-
сыз етуде ешќандай іркілістің болмауы керектігін баса айттым.
Біз осындай ќысќа мерзімде Аќмоланы мемлекеттік органдардың
көшіп келуіне єзірлеп үлгіретінімізге ешкім де сенбеді, біраќ біз
оны жасадыќ.
1997 жылдың 20 ќазанында менің «Аќмола ќаласын Ќазаќ-
стан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жар-
лығым шыќты. Онда 1997 жылдың 10 желтоќсанынан бастап
Аќмола Ќазаќстан Республикасының астанасы болатыны, ал ас-
тананың ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында
өткізілетіні айтылды.
Мен сондағы Парламентте шығып сөйлеген сөзімде, барлыќ
ќұрылыс жұмыстарының өте ќысќа мерзімде аяќталғанын атап
айттым. Ойлап ќараңыздаршы: Аќмоланы ќайта жаңғырту тура-
лы шешім 1996 жылдың ќазанында ќабылданып, аќпанында
жұмыстар басталып кетті, ал 1997 жылдың ќазанында тек ком-
муникация мен электрлендіруді жүргізу ғана ќалды.
Менің ойымша, бізді ќате шешім ќабылдады деп жас ұрпаќ-
тың кінєлауына ешќандай негіз жоќ. Алматы бұрынғысынша
еліміздің ең ірі ќаласы болып ќалды. Ал күшті екі орталыќтың
болуы республиканың экономикалыќ ќуатын тек арттыра түседі.
Єлемде екі астананың өмір сүруіне ќатысты мысалдар өте көп.
Олар – Анкара мен Стамбұл, Мєскеу мен Санкт-Петербург,
Карачи мен Исламабад, Рио-де-Жанейро мен Бразилиа, Мель-
бурн мен Камберра, Оттава мен Торонто, Вашингтон мен Нью-
Йорк. Бұл ќатарда, менің ойымша, біз алдыңғысы да, артќысы
да бола ќоймаспыз.
1997 жылдың 8 ќарашасында Аќмолаға Ќазаќстанның мемле-
кеттік рєміздерің эталондары келіп жетті. Аќмола Мемлекеттік
ту мен Елтаңбаны, сондай-аќ президенттік штандарттарды саќтау-
шы атанып, ерекше жағдайға ие болды. Есімде, бұл оќиға мені

350
  ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
ерекше тебірентті. Өйткені біз таза экономикалыќ жєне геосаяси
түсіндірулер мен есептеулерге көңіл бөлсек те, астана деген сөздің
өзінде адамдар үшін ерекше бір киелі, үлкен мєнді мағыналы
ұғым болды.
Біздің ұрпаќтарымыз да мұны осылайша сезінеді. Бєлкім, ескіні
ойлап, өткенді көксемейтін олар жаңа астананы єлдеќайда терең
ќабылдайтын болар. Тек жаңарудың рємізі ретінде ғана емес.
Тек жаңа дєуірдің басталған шекарасы ретінде ғана емес. Астана
– нысанды ќала, біздің арман-тілегіміздің наќты жүзеге асуының
белгісіндей болған ќала. Бұл даланың үстінде талай ондаған
жылдар бойы бостандыќ пен тєуелсіздік идеясы ќалыќтап жүрген,
ол өз жеріне шексіз берілген адамдардан күш-ќуат алған. Міне,
енді ол жүзеге асты. Сан мыңдаған жылдар мен ғасырларды
артќа салып, уаќыт керуенімен бірге тыныстаған Ќазаќстанның
ұлан-ғайыр даласында, енді мемлекеттік шешімдер ќабылдана-
тын болады. Біз астананы мүлде жаңадан салдыќ. Оны көшіруге
байланысты болған барлыќ проблемаларды жүрегімізден өткіздік.
Бұл арман еді. Енді ол – тамаша ќала, Ќазаќстанның маќтанышы
жєне жүрегі.
Біз жаңа астананы бекітумен бұл мєселеге нүкте ќойғанымыз
жоќ, көп нүкте ќойдыќ. Астананың көшіп келуімен бірге аймаќ-
тардағы өмірдің жандануын ғана күткен жоќпыз, сонымен бірге
бұл факт нарыќтыќ өзгерістерге серпінділік береді, еліміздің ин-
фраќұрылымын дамытуға ќызмет етеді, ќосымша жұмыс орын-
дарын ашуға жағдай туғызады деп күттік. Осы өзгерістердің
ќауырт кезінде біз сепкен дєннің өнімі мен жемісін бүгінгі ұрпаќ
та, болашаќ ұрпаќтар да бірдей көретін болады.
Астана мєртебесін алғаннан кейін Аќмоланың өмірбаянына
алтын єріптермен жаңа бір сөздер жазыла бастады. Жоғарыда
айтќанымдай, Аќмола республика үшін єсіресе, оның бетбұрыс
жылдарында талай рет ќоғамдыќ маңызы зор оќиғалардың бел
ортасында болған. Тың жерлерді игеру жылдары да солай бол-
ды, Аќмола жері сан мыңдаған адамдардың отанына айналып,
сіңірген еңбегіне ќарай атаќ пен даңќќа бөледі. Мұнда, сондай-
аќ, Аќмола кең байтаќ астыќты өлкенің орталығына айналған
кезінде, басќарудың бай тєжірибесі жинаќталды.
Ќазір де, мемлекетіміз үшін осынау түбірлі өзгерістер
уаќытында, біз тағы да Аќмолаға ќарап көз тіксек, ол кездей-
соќтыќ емес. Елімізге патриоттыќ ќұлшыныс тыңды игерумен
тамырлас ерлік керек болды. Тек бұл енді жаңа аќиќаттармен
– тєуелсіздікті нығайтып, мемлекеттігімізді ќұру, єлеуметтік-
экономикалыќ жєне саяси жаңартулармен байланысты еді. Ас-
тананы Аќмолаға ауыстыру, көбіне, осы маќсаттарға жетуге
ыќпал ететініне,біз сенімді болдыќ.

Жаңа дєуірдің жаңа астанасы
  
351
Астананың өсуі мен дамуы туралы армандай жүріп, мен уаќыт-
тың ќалай тез өткенін байќамаппын. Ќұрылыстың алғашќы айла-
рын еске алғанда, өзіммен пікірлес болған адамдар жайлы жиі
ойлаймын. Өте көп адамдар еді. Сол бір күндері менімен ќатар
жүріп, менің шешімімді ќолдаған, сондай-аќ мен секілді жаңа ас-
тана үшін жаны ауырған адамдардың барлығына орасан зор риза-
шылығымды білдіремін. Олар: Кисё Курокава, Владимир Ни, Аман-
жол Бөлекбаев, Єділбек Жаќсыбеков, Николай Макиевский, Ах-
метжан Есімов, Фарид Галимов, Жєнібек Кєрібжанов жєне т.б.
Осы орайда астананы ауыстыру жөніндегі Мемлекеттік ко-
миссияның алғашќы төрағасы Николай Макиевский мен сол кез-
дегі іс басќарушы Владимир Нидің сіңірген еңбектерін ерекше
атап өткім келеді. Олар алғашында сағаттар бойы су берілмейтін,
үйлердегі жылу 10 градустан аспайтын, еш жерден дұрыс тамаќ-
тана алмайтын ќалаға келді. Ќала түнге ќарай электр жарығын-
сыз, ќараңғылыќ ќұшағында болды. Келген соң істі неден бастау
керектігін ойладыќ. Мен ешќашан олардан күмєнді сөз естімедім.
Олар маған сенді. Біраќ мен өз көзіме өзім сенбедім. Сондыќтан
оларға ризамын. Сондай-аќ жаңа астананың алғашќы єкімі Єділбек
Жаќсыбековтың де еңбегін жоғары бағалаймын. Ол осы жауап-
ты лауазымдыќ ќызметте бұрќ-сарќ ќайнаған алғашќы ең ауыр,
алты жыл бойына еңбек етті. Ол Аќмолада туып өскен, туған
ќаласын жаќсы көреді жєне біледі. Алайда Алматыға жаңа ғана
барғанда, ол оған көбірек ұнай бастаған еді. Сөйткен ол бүгінгі
Астана бейнесінің ќалыптасуына бастамашылдыќ танытып, үлкен
үлес ќосты. Маған оның сенімділігі, жұмысы ұнады. Сондыќтан
да ол менің табанды жаќтасым болып алды.
Єлі де «кеңестік» кезеңнен келе жатќан шет аймаќты осы
заманғы астанаға айналдыру – оңай міндет емес еді. Ескі постке-
ңестік мұрадан тез арада арыла ќалу ќиын-аќ. Ебедейсіз үлгідегі
тозығы жеткен үйлер, дамытылмаған инфраќұрылымдар, мораль-
дыќ жағынан тозып ескірген өнеркєсіп жєне тағы сол сияќты-
лар. Жаңа ќаланың ќұрылысы ұлттыќ болмысымызды ескеріп,
халыќаралыќ тєжірибеге негізделген, аќылға ќонымды, жоспар-
лы түрде жүргізілуі керек болды.
Оның үстіне, жаңа идея мен инновациялыќ технологияны
енгізу үшін кадр мєселесін шешу – ќызметкерлерді үйрету жєне
ќайта үйрету ќажет етілді. Аќмолалыќтарды, егерде єсірелеп
айтсаќ, еліміздің бет-бейнесін көрсете алатындай етіп жауапкер-
шілікке үйрету ќажеттігі туындады. Мемлекеттік басќару орган-
дарын ќабылдау үшін олардың жасаған орасан зор көлемді де
ќарќынды дайындыќ жұмыстарына алғысымды айта отырып,
сонымен бірге олардан тек ќонаќжайлыќ пен кеңпейілдікті ғана
емес, ерекше өндірістік, интеллектуалдыќ, шығармашылыќ мєде-

352
  ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
ниетті де талап етуге тура келді. Биліктің барлыќ тармаќтары-
ның органдары алғашќы күннен бастап-аќ өздерінің жоғарғы
мемлекеттік маќсатына сай ќызметін барынша ширата түсуі ке-
рек болды.
Бұдан былай кең байтаќ еліміздің орталығында халќымыз
үшін тағдырлыќ маңызы бар шешімдер ќабылданады. Мұнда
енді дүрс-дүрс етіп біздің Отанымыздың жүрегі соғып тұр. Осы
арадан Ќазаќстан үшінші мыңжылдыќтың басындағы өзінің та-
рихи тағдырын айќындамаќ. Таңдау жасағанда тағы бір көздел-
гені – уаќыт өте келе Астана Еуразия ќұрлығындағы ең күшті
коммуникациялыќ орталыќтардың бірі болмаќ. XXI ғасырда
Еуразия кеңістігінде дамытылған экономикалыќ, технологиялыќ,
аќпараттыќ тасќындар біздің жаңа астанамыз арќылы да ағылып
өтетін болады.
XX ғасырдың аумалы-төкпелі тарихында біз өз мемлекетіміздің
астанасы туралы тұңғыш рет ерікті түрде шешім ќабылдадыќ.
Біздің ќайда, ќалай өмір сүру керектігімізді басќалар айќындаған
уаќыт келмеске кетті. Бєлкім, біз өзіміздің ұлттыќ тарихымызда
алғаш рет өз балаларымыздың болашағы үшін ешќандай ќорќы-
нышсыз бостандыќтың ауасымен дем алған болармыз. Жєне де
XXI ғасырдың табалдырығында өз таңдауымызды – көне дала-
ның ќасиетті аспаны астындағы жаңа астанамызды жария еттік.
Бұл таңдаудың артында тек еліміздің ќазіргі басшылығының ғана
ұстанымы тұрған жоќ еді. Бұл таңдаудың артында Тєуке ханның
көрегендігі мен Абылай ханның ұлылығы да, єйгілі билердің
даналығы да жєне сонау 1986 жылы ұлттыќ намыстың ќандай
болатынын бүкіл єлемге танытќан сол бір жас жүректердің өжеттігі
де бар еді. Бұл таңдаудың артында өз тағдырының ќожасы болу
ќұќығы үшін өмірін ќиған біздің миллиондаған ќандастарымыз-
дың ерік-жігері де болатын.
Егерде астананы ауыстыру туралы алғашќыда пікір ала бол-
са, кейін бір мєселеде барлығы бір ауызды болды. Ол – Аќмола
атауын өзгерту ќажеттігі еді. Єртүрлі ұсыныстар болды –
Ќараөткел, Есіл, Сарыарќа. Тіпті, көп атаудың ішінде еліміздің
атауымен Ќазаќстан деп, соның ішінде – Нұрсұлтан деп те атасаќ
деген де тілектер айтылды. Содан бір күні түнде бейне біреу аян
бергендей маған: «Астана!» деген ой сап ете ќалды. Астана сөзінің
мағынасының өзі де – астана. Барлыќ тілде осылай айтылып,
осылай түсіндіріледі.
Егер ауќымдыраќ ќылып айтар болсам, астананы көшіру ша-
раларын біз өндірістік күштердің біржаќты орналастырылуын
еңсеру, еліміздің оңтүстігіндегі тұрғындардың тығыз ќоныстану-
ынан болған жасырын жұмыссыздыќты жою жөніндегі кең көлемді
жұмыстардан бастадыќ. Бұл аймаќта инновациялыќ, ғылыми

Жаңа дєуірдің жаңа астанасы
  
353
сыйымды, жоғары технологиялыќ өндірістің дамытылуы, ауыл
шаруашылығы машиналарын жасаудың одан єрі кеңейтілуі
өздерінің табиғи жолымен өтеді: солардың ішіндегі єсіресе ма-
ңыздысы – ауылдыќ индустрияның ұќсатушы тораптары еді. Ал
бұл дегеніңіз – тағы да жаңа жұмыс орындары, еңбек ресурста-
рын тиімді пайдалану, бүкіл еліміздің экономикалыќ белсенділігін
арттыру болып шығады.
Жұрттың бєріне бірдей түсінікті осы дєлелдерден басќа стра-
тегиялыќ жорадағы факторларды да назарда ұстау керек еді.
Орталыќ Азияның көлемінде, Ауғанстаннан Батыс Сібірдің
ең ќиыр солтүстік шегіне дейін, Каспийден Монғолияға дейін кең
аумаќта ќұлаш жая орналасќан жаңа астана осы аймаќтағы ора-
сан зор инвестиция легі ағылған орталыќќа айналады. Тыныќ
мұхит жағалауынан Еуропаға дейін созылған коммуникациялыќ
сонарлардың ќиылысында орналасќандыќтан, ол болашаќта ірі
транзиттік тораптың өткізгіш түйініне үмітті болады жєне келе-
шек жүзжылдыќтың көлік-коммуникациялыќ дабылына айќын
үндестік білдіретін болады.
Сонымен, бұдан бұрынғы «революциялыќ» немесе «таптыќ»
тұрғыдан күштеп жүзеге асырылған астанасын ауыспаќтарында
Ќазаќстанның ешќандай мүддесі ескерілмеген. Біздің тұңғыш рет
өз тарихымызда ұлттыќ мүддемізден келіп туындаған астананың
бұл жолғы ауыстырылуы жєне оның ќұрылысы туралы шешім
ќабылдауымызда үлкен саяси жєне салт-саналыќ мєн бар еді.
Астана ќұрылысының бас жоспарын жүзеге асыру жаңа ор-
талыќ ќұрылысынан басталды. Астананың жаңа орталығында
«Бєйтерек» монументі тұрғызылды. Композицияның негізгі ұстап
тұратын бөлігі алып ағаштың діңін бейнелейді, ал композиция-
ның жоғарғы бөлігіндегі үлкен шар – аспан. «Астана – Бєйте-
рек» өзінің жалпы мағынасында негізгі үш философиялыќ ұғымды:
жер, өмір жєне аспан ұғымдарын білдіреді. Ќазаќстан мен оның
астанасы үшін «Бєйтерек», мєселен, Мєскеудегі Ќызыл Алаң не-
месе Нью-Йорктегі Бостандыќ статуясы секілді нысан. Бұл мону-
менттік ќұрылыс бір өзінде философиялыќ, саяси жєне тарихи
ойды тұтас біріктіріп жинаќтаған.
Ежелгі поэзиялыќ аңыз былай дейді: Көктөбенің басында, алып
көк теңіздің жағалауында өмір ағашы – Бєйтерек өседі екен.
Жыл сайын Бєйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұ-
рыќ ќұс күн бейнелі алтын жұмыртќа салады екен. Біраќ жыл
сайын айдаћар-жылан сол күнді жеп ќояды екен. Осы оќиға
жылма-жыл ќайталап тұрады екен. Бұл көрініс күн мен түннің,
ќыс пен жаздың ауысуын, ќайырымдылыќ пен зұлымдыќтың,
жарыќ пен ќара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейтін
болса керек. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұ-

354
  ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
рыќ ќұстың алтын жұмыртќасын аман алып ќалады, ал осыған
разы болған ќұс оның жер асты патшалығынан шығуына көмек-
теседі. Киелі ағаш туралы аңыз – бейбітшілік пен келісімде өмір
сүруге ұмтылған жаңарған Ќазаќстан маќсатының көрінісі.
2003 жылдың ќыркүйегіндегі єлемдік жєне дєстүрлі діндер
басшыларының бірінші Съезінің соңғы кезеңінде биіктігі 97 метрлік
«Бєйтерек» монументінің көру алаңында діндер мен конфессия-
лар басшыларының ағаштан жасалған тарихи полотноға ќол ќою
салтанаты болды, онда ќазаќ, орыс жєне ағылшын тілдерінде:
«Єрдайым, Ќазаќстан бейбітшілік пен келісім жері болсын» деген
сөздер  ойып жазылған. Єлем діндерінің басшылары жер жүзінің
барлыќ адамдарына бейбітшілік, ќайырымдылыќ жєне келісім
мұраттарын таратушы мемлекеттің астанасы ретінде Ќазаќстан-
ның жаңа астанасына осындай бата берді.
2006 жылдың ќыркүйегінде екінші съезд өткізілді. Бұл да өте
маңызды, ќазіргідей єлемдегі соғыстар, апаттар мен сілкіністер
аясында Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы діндер кезде-
сетін жерге айналды. Ал Астанадағы мұндай діни ғимарат –
Бейбітшілік пен келісім сарайы єлемнің басќа жерінде жоќ. Єрине,
өз шатырының астына түрлі діни дєстүрлерді жинаушы ғимарат-
тар бар, біраќ та ќазаќстандыќ ғимараттың олардан айырмашы-
лығы сол, оның түбегейлі мєміле үшін үлкен бір алаңға айналуы
болды. Жалпы түрлі єлемдік дєстүрлі діндердің өкілдері ќайда
бас ќосып, єңгімеге жиналатын болса, сонда Мєдениет мұра-
жайы, кітапхана, концерттік залдың ашылатыны єбден ќисынды.
Біздің пирамида – Ќазаќстанның діни кең пейілдігі мен жеңіске
жігерленген еркінің архитектуралыќ болмысы.
Жаңа астана өзіне өткеннің бай мұрасы мен осы заманғы ең
үздік жетістіктерді үйлестіре білді. Оның көптеген нысандары
ќазірдің өзінде бүкіл елімізге жєне одан тыс жерлерге мєлім
болып отыр. Билеп тұрған фонтандар, Бейбітшілік пен келісім
пирамидасы, Астана океанариумы – өз «ғажайыптарымен» өнердің
не бір кєнігі білгіштері мен тєжірибелі саяхатшыларды да таң
ќалдыруда. Біздің астана бүкіл еліміздің рухын бейнелейді – бұл
оның єрбір бұрышында, көшесінде көрініс береді. XIX ғасырдағы
ќазаќтың ќолөнер бұйымдарының орасан зор макеттері, яғни
«хайтек» стилімен жєне түркілердің мезгілді аныќтауы жөніндегі
ежелгі принциптерімен үйлесім тауып, єр түрлі дєуір монетала-
ры сусып төгілген ќұман, күн сағаттарының мұнарасы – мұның
бєрі ќазаќстандыќ мєдениеттің тек өзіне ғана тєн түрлі үлгілері
болды. Жас астанамызды көз жетерлік болашаќта жер бетіндегі
өте єсем ќаланың атаќ-даңќы күтіп тұр деп мен үміттенемін
жєне соған сенемін.

Жаңа дєуірдің жаңа астанасы
  
355
Астана ќұрылысының алғашќы басталған уаќытын ой елегі-
нен өткізе келіп, мен єрдайым адам ретінде, Астана үшін өте көп
нєрсені істеген жєне маған ќолдау көрсеткен өз серіктестерімнің
бірі ретінде – Есілдің жайын ерекше жылы сезіммен еске ала-
мын. Кеңес Одағы кезінде Есіл шағын ғана өзен еді, оған өз
арнасындағы суын саќтаса болды дегеннен басќа көңіл бөлінбеді.
Екі жаќ жағалауына жыпырлаған саяжайлар салынды. Ал ќала-
ның шетінен бастап орталыќќа келер жеріне дейін жағалауды
көріктендіру деген жоќтың ќасы еді. Ќаланың наќ ортасында
өзенді ќамыс басып тұратын.
Астананың ауысуымен мұндағы жағдай мүлде өзгерді. Өзеннің
арнасы мен екі жағалауы танымастай болып өзгертілді, ал оның
жағалаулары ќалалыќтардың ең сүйікті орнына айналды. Ќазір
Есілдің жағасына ќарап тұрып, таяздап ќалған өзеннің суын тол-
тыруға, сондай-аќ су табаны астына бүкіл ќаланың тіршілігін
ќамтамасыз етуші жүйені өткізуге жєне табиғи апаттың алдын
алуға ќандай ғаламат еңбек сіңірілгенін ойламасќа болмайды.
Бүгінде Есілдегі судың деңгейі бір ќалыпты ќажетті тереңдікше
ќолдан реттеліп отырады. Егерде ќазір алдында тосќауыл тоған-
дары болмаса, өзенді жаяу кешіп-аќ өте беруге болар еді. Есілдің
арнасымен ағатын суды бір ғана арыќтың өзі-аќ жұтып ќояр еді.
Ал ќазір Есіл өзені Ертіс каналымен жєне Нұра өзенімен жалғасты-
рылды. Ќажеттілікке ќарай мұнда су жеткілікті мөлшерде тол-
тырылып тұрады.
Астанада Есілден басќа тағы екі су көзі – Аќбұлаќ жєне
Сарыбұлаќ өзендері бар. Аќбұлаќ өзінің мөлшері жағынан біршама
шағын, алайда атағы баршаға єйгілі: Онда Еуразия Ұлттыќ уни-
верситетінің бас оќу ғимараты алдында еспелі ќайыќтар каналы,
гүл сағаттар, көпірлер мен жағалаулар, жаңа кең, мол жағажай
орналасќан. Сарыбұлаќ өзені теміржолдан єрегірек, ќала  ма-
гистральдарынан шалғайлау жерден өтеді. Дегенмен ќала өсе
келе оның суы да астананың жалпы архитектуралыќ ансамблін-
де өз ќызметін атќаратын болады.
Ќысќасы, Астананың архитектуралыќ бейнесі туралы өте көп
айтуға болады. Ал енді ғана жоспарланып жатќан жұмыстарға
келсек, одан да көбірек сөз етуге болар еді. Біздің астанамыз –
ќайталанбас астана. Біздің ќиялымыздың ұшќырлығы, ойымыз-
дың өткірлігі мен шеберлеріміздің іскерлігі ќаншаға жетеді, оның
бірегейлігі де соншалыќты болады.
Ќазір енді осы керемет жобаны жүзеге асырудың алдын-ала
жасалған кейбір ќорытындыларын ғана шығаруға болады. Осы
жылдар ішінде Астананың дамуын барлыќ ќаржы көздерінен
инвестициялау көлемі 5 млрд. АЌШ долларынан астам болды.

356
  ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Егерде есептей бастасаќ, ќұрылысшылардың таза пайдасы орта
есеппен өзіндік ќұнның 10%-ынан асќан жоќ, ал ќалған ќаржы-
лар ќұрылыс материалдары өндірісіне, еңбекаќы төлеуге жєне
салыќ пен бюджетке жұмсалды. Мұнда жүздеген ќұрылыс, мон-
таждау  компаниялары, ќұрылыс индустриясының ондаған
зауыттары еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жұмыс істеді. Біздің
ондаған мың азаматтарымыз жұмыспен ќамтылды.
Астана ќазірдің өзінде єлемдік көлемде танылды. 1999 жыл-
дың шілдесінде ќала ЮНЕСКО-ның «Єлем ќаласы» сыйлығымен
марапатталды, ал 2003 жылы дүниежүзілік жетекші рейтингісі
бар «Moodys Investors Service» агенттігінің ќолдауымен ќаланың
несиелік рейтингі бірден екі деңгейге – Ва3-тен (тұраќты) Ва1-ге
(тиімді) дейін өсірілді.
Менің тікелей өтінішім бойынша жаңа астананың ќорына
гранттар бөлген достас елдердің үкіметтеріне, шетелдік жєне
отандыќ компаниялардың басшыларына аса разымын. Мұндай
ќаржыдан мен 400 миллион дерлік АЌШ долларын тарттым. Біз
осындай баға жеткісіз көмегі үшін «Аджип» (Италия) компания-
сына, Сауд Аравиясы мемлекетіне, Кувейт ќорына, Абу-Даби
ќорына, Оман мемлекетіне, «ТенгизШеврОйл», «Ќазмұнайгаз»,
Еуразия тобы, «ССС» компанияларына, «ИспатКармет», «Ќазаќ-
мыс», «Ќазцинк» акционерлік ќоғамдарына жєне басќаларға алғыс
айтамын.
Мен бір тарауда біздің жаңа астананы жасаудың барлыќ
жайын толыќтай ашып айта алмаймын, оның үстіне, жоғарыда
ескерткенімдей, осыдан бір жыл бұрын менің Астана туралы
«Еуразия жүрегінде» атты кітабым жарыќ көрген. Єрине, деп
ойлаймын мен, мен жазбасам да, біздің замандастарымыз жаз-
баса да, Ќазаќстанның жаңа астанасы туралы кітаптың бір за-
мандарда жазылып шығары сөзсіз. Ол кітапта Астана ќұрылыс-
шыларының ерлікке толы еңбек жылдары, онда ұлан-ғайыр
еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келгендер туралы єңгіме
болары да хаќ. Мен бұл кітапта тек сол бір тамаша кезең
туралы жєне оның єрбір ќазаќстандыќ үшін мєн-маңызы тура-
лы сєттерді ғана бейнелеп айттым.
Болашаќтың ќаласы
Єр жыл сайын Астана өзінің туған күнін тойлайды. Бұл ал-
тыншы шілде. 1994 жылы Парламент астананы ауыстыру туралы
менің ұсынысымды ќабылдаған – дєл сол күн. Мұндай шешімді

Жаңа дєуірдің жаңа астанасы
  
357
ќалалыќ мєслихат та ќабылдады. Ќалада Астана Күні мерекесіне
арналған түрлі мерекелік шаралар өтеді. Ќазаќстандыќтардың
єкімшілік орталыќты ауыстыруға ќатысты көзќарасы өзгергеніне
біраз уаќыт өтті. Көптеген ќоныс аударушылар, ќазіргі астана-
лыќтар, Астананы шын жүректен өз туған ќаласы санайды. Ќазаќ-
тар: «Сөз ќуған – пєлеге, жол ќуған – ќазынаға жолығады» деп
текке айтпайды.
Ќазаќстанның жаңа нысаны ретіндегі жаңа астанасын ќұру –
бұл орасан зор еңбек. Ќұрылысшыларға, соның ішінде шетелдік
компанияларға мен Президент єкімшілігінің Үкімет пен ми-
нистрліктердің жұмысын ұйымдастыруда барлыќ ауыртпалыќты
көтеріскен мемлекеттік ќызметшілердің орта буынына үлкен ал-
ғысымды білдіремін. Сондай-аќ осыған ќатысты болғандардың
бєріне де ризамын. Кереметтей ауќымды жұмыстар жасалды, біз
үлкен іс атќардыќ. Келесі жылдан мұнда, Аќмолада, жаңа ќала-
ның ќұрылысын бастаймыз, – деп мен сол кезде-аќ айтќанмын.
Астананы ауыстырудың басты себебі, – мемлекеттік даму-
дың перспективаларын толыќтай жүзеге асыру болып табылды.
Астананың тарихи жағынан Азия мен Еуропаны жалғастырған
орталыќ болуы, оның республикалыќ басты көлік, темір жол
жєне єуе жолдарын байланыстырып жатуы да айтарлыќтай
үлкен рөл атќарды.
Жаңа астананың болашағы Шығыс пен Батыс мєдениетінің
жиынтығында болып көрінеді. Еуразия идеясы секілді, идеалдың
өзі де өте ќайшылыќты болып көрінеді. Біраќ бұл бөгет емес.
Астана Еуропа мєдениетінен – прагматизмді, ал Шығыстан –
рухани дєлдікті мұра етіп алады.
Астананы ауыстыру мемлекеттік идеологияны жасаудағы бет-
бұрыс кезеңі болды. Өткен уаќыттағыдай єрбір кеңес адамы
үшін Мєскеу идеал болса, ќазір Астана да мемлекеттігіміздің
ќалыптасу нысанына айналды. Жєне де патриоттыќ пен азамат-
тыќ идеялары дєл осы астана ќұрылысының өнегесі арќылы то-
лыќтырылуы мүмкін. Жаңа астанаға келешегін іздеген мыңдаған
жас ќыз-жігіттер келуде. Жас ќала солармен бірге көркейіп өсуде.
Маған бірде: «Нағыз көшбасшыны адамдар міндетті түрде
ұнатуы керек пе жєне оған ќалай ќол жеткізуге болады? Егерде
єрбір шешім біреулерге тиімді болып, басќалардың мүддесіне
нұќсан келтірсе, ондай ќалай болады?» – деген сұраќ берілді.
Осы орайда менің айтарым мынау, біздің мемлекетіміздің өміріндегі
ең маңыздысы – өте ќиын жєне өте ќолайсыз шешімдер болды.
Алайда нағыз көшбасшыға адамдардың мейірімі міндетті түрде

358
  ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
керек. Єр көшбасшыда өзі игере алатын белгілі бір биіктік болуы
керек, ал айтарлыќтай бірдеңе жасау – арман. Егерде ондай ар-
ман болмаса, саясатќа барудың, ел басшылығын өз ќолына алу-
дың керегі жоќ. Мұндай арманды жүзеге асыру үшін бойдағы
барыңды беруің, тіпті өз болашағыңды, абырой-беделіңді бєске
тігуің ќажет. Жаңа тєуелсіз мемлекетіміздің жєне оның жаңа
астанасының ќұрылысы жөніндегі идея, дєл осындай болды.
Бүгінде бұл маќсат жүзеге асты деп сенімді түрде айта ала-
мын. Ал адамдардың ќолдауына келсек, мен оған талай рет көз
жеткіздім: біздің халыќтың басым бөлігінде алғырлыќ пен сезім-
талдыќ бар, егерде сенің маќсатың жасампаздыќќа, жаќсартуға
бағытталса, онда халыќ єрќашан сені ќолдайды. Соңғы жылдар
ішінде, елорданы Астанаға ауыстырғаннан кейін, елімізде өзінің
маңызы жағынан тереңдетілген єлеуметтік-экономикалыќ жєне
саяси реформалар жүзеге асырылды. Олар адамдардың психоло-
гиясын өзгертті. Ќоғамда орын алған масылдыќ пен бойкүйездік
көңіл-күй Кеңес Одағы ќұлағаннан кейін біртіндеп жойыла бас-
тады. Азаматтарда өзі мен балаларының болашағын өз ќолымен
тұрғызуға деген ныќ сенім пайда болды.
Таяу болашаќта Астана Ќазаќстан Республикасының ірі сая-
си, ғылыми, мєдени жєне іскерлік орталығы, осы заманның єсем
ќаласы болады. Барлыќ осы жоспарларға көз салғанда, мен
єрдайым  олардың єр жағында тұрған адамдарды елестетемін.
Себебі, бұл жоспарлардың бєрі, оларды іске асыратын адамдар
болмаса, түкке де тұрмас еді. Біз жаңа астананың негізін салдыќ.
Арман ќала аќыр-соңына дейін біздің ұрпаќтарымызбен, жас ќазаќ-
стандыќтармен жүзеге асырылады. Ќазір енді ғана Астана парк-
тері мен өзен жағалауында серуендеп, оның фонтандарын ќызыќ-
тап жєне болашаќ туралы армандап жүрген кімдер болса, бұл –
солардың ќаласы. Бұл – Киплингтің айтќанына ќарамастан, Шығыс
пен Батыс болып бірге тұтасќан ќала. Бұл – бостандыќ туралы
ежелден далалыќ арман мекен еткен ќала. Бұл – біздің он бес
жылғы жолымыз бастап єкелген жєне бүгінде осы жол енді ғана
басталатын ќала. Бұл – біздің жол, Ќазаќстан жолы.

Сөз соңында
    359

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет