Жер кіндігі
О
сыдан он бес жыл бұрынғы оќиғаларды еске ала отырып,
мен, бір үлкен рєміздік мєні болған тарихи жағдайдың
түйісуіне таң ќалдым. Ќазаќстан егемендігінің орнауы ғарыштың
өзінен басталды. Кеңес Одағының ыдырауы ќарсаңында,1991 жылы
тамызда «Байќоңыр» ғарыш айлағы республиканың меншігі деп
жарияланды, осы жылдың ќазанында ғарышќа бірінші ќазаќ ғарыш-
кері ұшты, ал Ќазаќстанның тєуелсіздігі туралы Декларацияны біз
желтоќсанда ќабылдадыќ. Яғни, ұлттыќ мемлекет болғымыз кел-
ген ниетімізді, біз, жерден гөрі, ғарышта бұрыныраќ мєлімдеген
сияќтымыз! Мен бұл жөнінде ќазір, көп жылдар өткеннен кейін,
жоғарыдан берілген ишараны көремін.
Менің ғарышќа деген көзќарасым, басќа да адамдардікі сияќты,
ерекше болды жєне бүгін де солай ќала береді. Бұл – бүкіл ғалам-
ның, жерден тыс өркениеттердің кереметтей ќұпияларын бойына
жинаған, ата-бабалар рухымен байланыстырып тұрған тылсым
дүние. Ол мені ќашанда ќызыќтыратын, жан дүниемді баурайтын.
Бір ќызығы, Байќоңыр жерінің ғарыштыќ болашағы туралы, өз
заманында Ќорќыт-ата көріпкелдікпен айтып кеткен. Саќталып
ќалған аңыздарда, бірен-саран жазбаларда, Ќорќыт-атаның ќаси-
етті жерді жєне мєңгілік өмірді іздегені айтылады. Жер-дүниені
кезген ізденістері кезінде, оның соңынан ылғи да, өзі ќатты
ќорќатын өлім еріп жүреді. Аќырында ол ғайыптан: «Егер жердің
кіндігін тапсаң, онда аман ќаласың» деген сөзді естиді. Ќорќыт-ата
Шығыстың көптеген елдерінде болады. Ол еш уаќытта соғыс, та-
биғат апаттары болмайтын жєне өлім дегенді білмейтін жерді іздеген.
Ол Жер бетінде сондай жердің бар екеніне сенген жєне оны
жырлап өткен.
Аќырында, Ќорќыт ата туған жеріне, Сырдарияның жағасына
ќайтып оралады. Ойлана келе, ол мєңгілік өмір – өнерде деген
тоќтамға келеді. Сөйтіп, жан дүниенің тебіренісін сыртќа шығара
алатын аспапты – ќобызды ойлап табады. Аңыз бойынша, Ќорќыт-
ата дарияның ортасына, судың бетіне кілемін төсеп, ќобызын тар-
308
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
татын көрінеді. Сонда күйдің ќұдіреті оны судың бетінде ќалќы-
тып, батып кетуге жібермепті. Ќорќыт-ата ќобызын тартып отыр-
ғанда өлімнің өзі де ол жерден ќашып, баќытты өмір ғана ќалады
екен. Бірде ол ұйыќтап кетсе керек, сол кезде судан бір кішкентай
жылан шығып шағып алыпты, абыз содан көз жұмыпты.
Данышпанды кең даланың төріне жерлеген. Өлерінің алдында
ол өзінің ќасиетті жерді тапќанын айтады. Бұл жер – Сырдария-
ның бойы екен. Ол өзі көз жұмған жерін «жер кіндігі» деп атаған
көрінеді. Ќорќыт-ата дєл осы жерде өзінің аспанмен жєне Жара-
тушымен байланысты сезінгенін айтыпты.
Талай ғасырлар өткеннен кейін Сергей Королев бастаған кеңес
ғалымдары ғарыш айлағын салу үшін ќазіргі Байќоңырды таңдап
алды. Бұл Ќорќыт-ата жерленген өңірге таяу тұрған жер. Ќате-
леспепті. Бірнеше ондаған ғарыш айлаќтарының ішінде, Байќоңыр
өзінің орналасуы бойынша ең ќолайлысы деп табылды. Ол эква-
торға єжептєуір жаќын орналасќан. Механиканың заңы бойынша
ғарышќа ұшыру үшін отын аз жұмсалатын көрінеді. Сонымен
бірге экватордың өзінде орналасќан ғарыш айлаќтарынан ерек-
шелігі сол, мұнда жауын-шашын жоќтың ќасы. Күн жылдың 300
күнінде жарќырап тұрады.
Шынында, Байќоңыр дүние жүзі ғарышкерлігінің бесігіне, ғарыш
орталығына, адамдар ғарышќа аттанатын Жердің айлағына айнал-
ды. Дєл осы жерде, ќазаќ жерінде, олар ғарышкерлер атанды.
Ал біздің ќазаќтан шыќќан ғарышкеріміз ќайда? Осындай ќисын-
ды, наќ жєне аныќ сұраќ менің, яғни Ќазаќ КСР-і Президенті
ретіндегі менің алдымнан 1990 жылы шыќты. Оның көкейтестілігі
КСРО-ның өміріндегі болғалы тұрған үлкен өзгерістердің ќарса-
ңында тіпті айќындала түсті. Жалпы бұл идеяны ќолдаған Ре-
сейдің ғарыштыќ жєне єскери ведомстволарының басшыларымен
алдын ала келіскеннен кейін, біз КСРО Жалпы машина жасау
министрі Олег Николаевич Шишкин екеуміз арнайы ұшаќпен ғарыш
айлағына ұшып келдік.
1991 жылы 12 ќаңтарда Байќоңыр бізді ќоңырќай күн райы-
мен ќарсы алды. Ленинскі ќаласының «Крайний» єуежайына ұшып
келген ұшаќтың басќышынан түсіп келе жатќан мен, бізді ќарсы
алған єскери басшылардың сұр шинельдерінің арғы жағынан жа-
бырќау табиғаттың көрінісін байќағанмын. Кенет ќыстың ызғарлы
аязы мен өңменіңнен өтетін желіне ќарамай, от-жалындай шал-
ќып, ќолдарында гүл шоќтары бар балалар маған ќарай жүгіріп
келе жатты. Бес-алты жастағы ќазаќтың ұлы маған ќан-ќызыл
ќалампыр гүлін ұсына берген. Мен сол кезде еріксіз ойланып ќал-
дым. Байќоңырға байланысты жоспарлардың, ќандай да болмасын
кедергілерге ќарамай, іске асуы керек деген берік ойға келдім.
Мен үшін табан жолда Ќазаќстанның болашаќ ғарышкерлігінің
Жұлдыздарға жол салған Ќазаќстан
309
рємізіне ұќсап кеткен жеткіншек баланы бауырыма басып, үлкен
ризалыќ сезіммен ќолын ќыстым, сонсоң жанында тұрған ќыз ба-
ланың басынан сипадым.
Екі тєулік біз Байќоңырда жұмыс істедік. Жұмыс кестесі өте
тығыз болды. Маған ғарыш айлағындағы, Ленинскі ќаласындағы
жағдайды бүге-шігесіне дейін білу, Байќоңырдың іргесіндегі Төре-
там жєне Аќай елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу, респуб-
ликалыќ ғарыш мектебіне бару жєне ең бастысы – Ќазаќстанның
атынан Байќоңырға байланысты саяси мєлімдеме жасау керек бол-
ды. Орталыќ жєне Ќазаќстан тележурналистері ќатысќан бас-
пасөз конференциясында мен Ќазаќстанның ғарыш кеңістігін иге-
руге ќатысу ниеті туралы айта келіп, ғарыш кешенін ұстап тұру
жєне саќтау Кеңес Одағы республикаларының ортаќ күш салуы-
ның арќасында ғана мүмкін екендігіне баса назар аудардым. Ѓарыш
айлағының жаңа, ќазаќстандыќ мєртебесі туралы ой єлі ешкімнің
басына ќона алмай, ауада ќалќып жүр еді. Сондыќтан осында
отырған адамдардың ой-ниетінің єрќилы екенін айтпай-аќ көруге
болатын. Байќоңырға Ќазаќстанның Президенті ретінде барған
бірінші сапарымда, біз «Прогресс» жүк тасу кемесінің дайынды-
ғын көрдік. Сол кезде ғарыш айлағында жылына екі рет, көктем-
де жєне күзде, пилот басќаратын ұшыру іске асырылатын, ќазір
де солай. Мен біздің ғарышкердің ұшуы ќажеттігі туралы мєсе-
лені күн тєртібіне ќойдым, єңгіме іс жүзінде 1991 жылдың ќыр-
күйек-ќазаны туралы болды.
«Байќоңыр» ғарыш айлағы Ѓалам жағалауындағы бірінші
айлаќќа айналды. 1954 жылы ғарыш айлағын салатын жерді
таңдап алу үшін Мемлекеттік комиссия ќұрылды. Комиссия-
ның төрағасы болып, «Капустин Яр» сынаќ полигонының бас-
тығы, артиллерия генерал-лейтенанты В.И. Вознюк тағайын-
далды. Елдің бірнеше аудандарында болып, жер жағдайын
байќағаннан кейін, комиссия ғарыш айлағын Арал теңізінен
шығысќа ќарай жатќан Байќоңыр елді мекенінен бірнеше жүз
шаќырым ќашыќтыќтағы Ќазаќстанның шөлді өңіріне орна-
ластыруды ұсынды. Бұл жердің басќалармен салыстырғанда
бірнеше артыќшылыќтары бар еді. Атап айтќанда, олар: ғарыш
айлағының ғана емес, сонымен бірге зымыранды ұшыру трас-
сасының өн бойындағы жерлерде де халыќтың аз ќоныста-
нуы; ортаазиялыќ ірі Сырдария өзенінің болуы; таяу маңнан
темір жол магистралі мен автомобиль трассасының өтуі;
үш жүз күн бойы күннің жарќырап тұруы жєне, ең бастысы,
Жер айналып тұрғанда, ќосымша жылдамдыќты пайдалануға
мүмкіндік беретін, экваторға жаќын орналасуы болатын.
310
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Осы жылдардың бєрінде Байќоңыр Ќазаќстан үшін жабыќ
болды, енді ќазаќ ғарышкерінің ғарышќа ұшатын уаќыты келді
– өмірдің өзі тудырған, менің дєлелім ќарапайым да ќисынды
болды. Баќытымызға ќарай, одаќтыќ басшылыќтың көптеген
өкілдері мұндай ұшу сапарын жерінен отыз жыл бойы ғарышќа
ғарыш кемелері самғап жатќан республика үшін єділеттіліктің
ишарасы деп түсінді. Мен, Ќазаќстанның ғарышќа ќарай жасай-
тын осы бір алғашќы ќадамы уаќыттың өзі ќойған талабы екенін
айќын ұғындым.
Ѓарышкер болуға үміткерлерді іздеу сияќты едєуір ќиын жұмыс
басталды. Оларды єскери ұшќыштар арасынан іздедік. Мен КСРО
Ќорғаныс министрінен Єскери-єуе күштері ќызметкерлерінің ара-
сынан ұшќыш ќазаќты іздеулерін сұрадым. Шағын ұшаќтармен
биікке ұшудан рекордтар жасаған нұсќаушы-ұшќыш – Талғат
Мұсабаевтың кандидатурасын ұсынды. Біраќ оны дайындауға уаќыт
ќажет болды. Одаќтыќ ғарыш ведомствосы біздің ғарышкерді аса
ќаламады, кезекте олардың өздерінікі тұрды. Біраќ мен бұл мєсе-
лені жылдам шешкім келді. Өйткені, М.С. Горбачевпен жєне Ќор-
ғаныс министрлігімен жүргізілген ауыр келіссөздердің барысында
бұл мєселе шешілген болатын. Бірде мен, біздің газеттерді оќып
отырсам, Шымбұлаќта, біздің жерлесіміз – єскери ұшаќтардың
сынаушы-ұшќышы Тоќтар Єубєкіров демалып жатыр дегенді жа-
зыпты. Мен ќолма-ќол оны өзіме шаќырып алдым. Содан кейін-аќ
ќандай ќиындыќтар болды десеңізші: біресе оның жасы 45-те,
жарамайды деді, біресе денсаулығынан кінєрат тауып алды. Біраќ
мен де тұрып алдым, аќыры ол ғарышќа көтерілді.
Бірнеше айдың ішінде Ќазаќ КСР-і Ѓылым Академиясының
Президенті Өмірзаќ Сұлтанғазин жєне Виктор Дробжев бастаған
республиканың жетекші ғалымдары, менің тапсырмам бойынша,
Ќазаќстанның бірінші ұлттыќ ғарыш бағдарламасын ќұрастыруға
кірісті. Атап айту керек, бағдарламаның ғылыми жағы бұрыныраќ
жасалып ќойылған болатын, ол өзінің жұлдызды сєтін күтіп жат-
ќан. Бірінші ќазаќ ғарышкерінің ұшуына байланысты бағдарла-
маға сєйкес түзетулер енгізу ќажет болды.
Ѓарыш бағдарламасын дайындауға байланысты бєрі осылай ап-
аныќ болса, ал анау ғарышкерді дайындау жайы оңайға түскен
жоќ. Ұшу сапары кезектен тыс еді, дайындыќќа уаќыт мүлде аз
ќалған жєне сондыќтан ғарышкерге үміткер, сол кезде Кеңес Ода-
ғының Батыры атағы бар, КСРО-ның еңбегі сіңген сынаушы-ұшќышы
Т. Єубєкіров негізгі экипаждың мүшесі ретінде, ал Т. Мұсабаев
оның дублері ретінде белгіленді.
Жұлдыздарға жол салған Ќазаќстан
311
Ресейдің ғарыш ведомстволарының жєне Ѓарышкерлерді дай-
ындау орталығының жоспарларындағы үлкен өзгерістерге байла-
нысты, жетекшілерімен, мамандармен, єскери адамдармен көпте-
ген келіссөздер жүргізіліп, аќыл-кеңестер алынды. Нєтижесінде
єзірге саяси шешім ќабылданғанға, дейін менің КСРО Ќорғаныс
министрі Дмитрий Язовќа жєне тіпті Кеңес Одағының Президенті
Михаил Горбачевке тікелей шығуыма тура келді.
1991 жылы аќпанда біздің шаќыруымыз бойынша Алматыға
Мєскеуден ғалымдардың үлкен бір тобы – Ресей ғарыш агенттігінің
бас директоры Юрий Коптев, «Энергия» ғылыми-өндірістік
бірлестігінің бас директоры Юрий Семенов, Ѓарышкерлерді
дайындау орталығының бастығы Владимир Шаталов, КСРО Ѓарыш-
тыќ зерттеу институтының директоры жєне т.б. ғарыш маманда-
ры келді. Республиканың Ѓылым академиясында кездесу болды,
нєтижесінде Ќазаќстанның бірінші ғарыш бағдарламасы бекітілді.
Осы уаќыттарда Байќоңырда Юрий Гагариннің ғарышќа ұшу-
ының 30 жылдығын ұйымдастыру жөнінде Одаќ жєне Ресей ве-
домстволарының басшыларымен де ќатарлас келіссөздер жүріп
жатќан. Бірінші ќазаќ ғарышкерінің ұшуы ќарсаңында осы мере-
келік шараларды ғарыш айлағында Ќазаќстанның басшылығымен
өткізу шешілді. Мен республиканың Министрлер Кеңесіне Байќо-
ңырдағы салтанатты дайындау мен өткізуді өз ќолдарына алу
жөнінде тапсырма бердім. Үш айдың ішінде ұлан-ғайыр жұмыстар
атќарылды.
1991 жылы 12 сєуірде Байќоңырда менің ќатысуыммен кере-
меттей үлкен сауыќ болып өтті. Ол тікелей эфир арќылы Мєскеу-
ге берілді. Ленинскі ќаласының көшелерінен мыңдаған карнавал
шеруі өтті, Орталыќ стадионда жұртшылыќќа сирек кездесетін
жүк тасушы, бортында Ресейлік «Энергия Буран» атты зымыран-
тасушы бар «Мрия» ұшағының үлгілі ұшуы көрсетілді.
Байќоңырдың маңайындағы асығыс жасалынған ипподромда
ат жарыстары болды, ал ғарыш айлағының Гагарин старт алған
алаңында кеңестік эстрада жұлдыздарының гала-концерті анш-
лагпен өтті.
Бір сөзбен айтќанда, фестиваль көлемі жағынан да, елді баура-
ған жан тебіренісі жағынан да ғарыштыќ болды. Көрген жұрттың
айтуы бойынша, Байќоңыр Жердің бірінші перзентінің ғарышќа
ұшуының 30-жылдығы ќұрметіне өткізілген мұндай орасан зор
көріністі – халыќаралыќ «Ѓарыш, спорт, эстрада жұлдыздары» си-
яќты фестивальді бұрын-соңды көрген емес. Бұл менің Байќоңырға
312
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
екінші келуім, ал Ќазаќстанның ғарышќа ќарай жасаған алғашќы
саяси ќадамы болатын.
Сөйтіп, тарихи күн – 1991 жылғы 2 ќазан да келді. Бұл Бай-
ќоңырға жасалған менің үшінші сапарым болатын. Мен ғарыш
айлағына таңертеңгі сағат 7-де ұшып келдім, 11:59-да кеңестік-
австриялыќ экипаждың старты күтілуде еді. Бірнеше сағаттың ішінде
251-ші алаңќайдағы «Юбилейный» аэропорты бірнеше ондаған
ұшаќтарды ќабылдады. Ѓарыш айлағына Австрия канцлері Франц
Враницкий, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Иван Степанович
Силаев, барлыќ одаќтас республикалардың басшылары, Ресейдің,
Ќазаќстанның, Украинаның, Австрияның ќұрамында көп адамда-
ры бар делегациялары, шетел мемлекеттерінің ғарыш ведомствола-
рының өкілдері келді. Халыќаралыќ экипаждың ұшуына көңіл
аудару саяси себептерге байланысты да жоғары болды. Бір ай
шамасы бұрын, 1991 жылы 31 тамызда, Ќазаќстанның территория-
сында орналасќан Байќоңыр ғарыш айлағы республиканың меншігі
деп жарияланды. Сондыќтан мені тек болғалы тұрған ұшу ғана
емес, сонымен ќатар Байќоңырдың болашағы да толғандырды.
1991 жылғы 2 ќазан, сағат таңертеңгі 10:00. «Союз» старт
кешені ќұрастыру-сынаќ корпусы алдындағы алаңға ғарышкерлер:
ресейлік Александр Волков, ќазаќстандыќ Тоќтар Єубєкіров жєне
австриялыќ Франц Фибек шыќты. Бірнеше килограмдыќ салмағы
бар ќондырғылармен жабдыќталған өздерінің скафандрларында олар
ебедейсіз, жерде алғашќы ќадамдарын жасай бастаған нєресте
сияќты көрінді.
Командир, полковник Волков Мемлекеттік комиссияның төра-
ғасына саңќылдатып, экипаждың ұшуға дайын екендігін мєлімдеді.
Осы жерде Мемлекеттік комиссиясының төрағасы, генерал Влади-
мир Иванов, тегі, сол сєттің маңыздылығын түсінген болуы керек,
алдымен маған ќарап, содан кейін микрофонды Єубєкіровке бұрды,
оның сөз айтуына мүмкіндік берді.
Тоќтар абыржусыз ќазаќ тілінде: «Ќұрметті Президент! Ѓарыш-
кер Єубєкіров Ќазаќстан жерінен ғарышќа ұшуға дайын!» – деп
рапорт берді, мен ќолдап басымды изедім. Барлығы жоспар бойын-
ша жүріп жатты. Біз ќонаќтармен бірге стартќа дайындыќтың,
ғарышкерлерді зымыранның өзіне дейін шығарып салған барлыќ
кезеңдеріне ќатыстыќ. Оларға жєне ұшуды басќару үшін бункер-
де ќалған «Энергия» ғылыми-өнеркєсіп бірлестігінің бас директо-
ры Юрий Семенов пен «Байќоңыр» ғарыш айлағының бастығы,
генерал-лейтенант Алексей Шумилинге сєттілік тілеп, мен №18
баќылау пунктіне келдім.
Жұлдыздарға жол салған Ќазаќстан
313
Бұл шағын старт алаңы жалаулармен безендіріліпті, айналдыра
киіз үйлер тігілген, олардың жанына Ќазаќстан ғарышының тірі
символы – аќ бота ноќтасынан байланыпты, барлыќ жерде халыќ
музыкасы естіліп тұрды. Маңайдағының бєрі шағын мерекелік ауыл-
ды елестеткендей.
Стартќа дейін бірнеше минут ќалды. Маған журналистердің
болып жатќан оќиғаға түсінік айтыңыз деп ќайта-ќайта айтќан
өтініштеріне ќұлаќ асуға тура келді. Баспасөзге берген өзімнің
сұхбатымда: «Болашаќта ғарышты игеруді Одаќтың барлыќ рес-
публикаларының ќатысуымен іске асыру керек деп ойлаймын,
өйткені ғарыш айлағы – біздің дүниежүзілік экономикалыќ жа-
рыстағы бірден-бір басымдылығымыз», – деп ерекше атап көрсеттім.
Ал баќылау пунктінде жанымда тұрған КСРО Жоғарғы Кеңесінің
төрағасы Иван Степанович Силаев: «Нұрсұлтан Єбішұлы, мен
Сізді толыќ ќолдаймын. Енді ғана жаңа экономикалыќ формация
ќұрылды (ТМД-ның ќұрылғанын айтып тұр), бұл ғарыш айлағы-
ның жєне ғарыш кеңістігін игерудің болашағына байланысты
жағдайды өзгертеді. Осы жерде республикалардың барлыќ бас-
шылары тұр. Жєне осы жағдайда, олардың өздері Байќоңырдың
мүмкіндіктерін, єлеуетін, орасан зорлығын өз көздерімен көрген-
дері маңызды» – деп ќосты.
Міне сөйтіп көтеріңкі дауыспен байланыс арќылы минуттыќ
дайындыќ жарияланды. Мен сағатыма ќарадым, тілектестік белгісі
ретінде жанымда тұрған Тоќтардың туысына: «Жолы болсын!»
дедім. Айналада ќұлаќќа ұрған танадай тыныштыќ орнады, тек:
«Стартќа кілтті аш, от алдыр, жібер!» – деген наќты бұйрыќтар
естіліп тұрды.
Мыңдаған көздер металл конструкцияға оранған «Союз ТМ-
13» ғарыш кемесі тұрған старт позициясына ќадалды. Көрініс ай-
дан-аныќ көрініп тұр. Міне ќызмет көрсетіп тұрған фермалар баяу
ќозғалып кейін жылжыды, бұрќ еткен аќ түтіннің ортасынан
көрінген, ғарыш кемесін өзімен бірге ілестіре, айбынды отты шар
көтерілді. Жердің тартылу күшін жеңе отырып, зымыран көкке
ќарай ұмтылды. Тек біраз уаќыт өткеннен кейін ғана барып, бізге
жерді сілкіндіріп жіберген ќуатты гүріл естілді.
Бұл єрбір адам Ѓаламның ќуатын жєне адамдардың ғарыш
алдындағы бірлігін шын мєнінде түйсінген ерекше бір сезім еді.
Өзінің ұлдарын ќауіпті алыс сапарға шығарып сала тұрып, жер
тұрғындарының біртұтас жанұясына айналған біздің бєріміз, осы
бір ғарыш стихиясының алдында өзіміздің тең екендігімізді сезіндік.
314
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Мен ғарышќа ұшу сапарларын бұрын да талай көргенмін, біраќ
бұл жолғы ұшу, єрине, ерекше болатын. Тұрғандардың біреуі
алаќанын шапалаќтап ќалды. Мен: «єлі ерте, ќолды орбитаға шыќ-
ќаннан кейін соғу керек», – дедім.
Зымыран Байќоңырдың үстіндегі күздің ашыќ аспанына ќарай
самғап барады. Оны көзден таса ќылмай, жұрттың бєрі кеменің
ұшу траекториясын баќылап, жоғары ќарап тұр. Жалпы елдің
толќуы маған да берілді, біраќ мен сабыр саќтауға тырыстым.
Иван Степанович Силаевтың баќылау пунктінің күнќағарының
астынан, зымыранды көремін деп төмен еңкейгені сондай, таяныш
сөреге жатып ќалған сияќты болды. Осы бір «жанды» суреті бар
телевизия кадрлары дүние жүзін айналып шыќты.
Бұл кезде артында тек аќ жолаќ ізін ќалдырған «жұлдызша-
ның» көзден таса болғанына ќарамастан, елдің бєрі он минуттай,
ќобалжумен аспанға ќарап тұрды.
Трибуналар босап ќалды, жаќсылап көру үшін елдің бєрі алаң-
ќайға жүгірді.
Тек Мєскеу митрополитті Питирим ғана сол орнында ќалып,
алысќа ойлана ќарап тұрды. «Бєлкім, ол осының бєрін өз көзімен
көріп: Ќұдайдың жєне Ѓарыштың алдында біз – пенделердің ќан-
шалыќты бір екенімізге көзі жеткен шығар» деген ой келді маған.
Міне, аќырында, радиодағы дауыс, өзінің ресми үнінен ќайтып:
«Ажырасу болды! Кеме орбитаға шығарылды!» деп айғайлады.
Тыныштыќты ду ќол шапалаќтау бұзып жіберді. Маңайдағы-
лардың бєрі ќұшаќтасып, бір-бірімен сүйісіп жатты. Көбінің көзінде
ќуаныштың көз жасы тұрды. Көптеген ќұттыќтауларды ќарсы ала
тұрып, біз канцлер Враницкий екеуміз өзімізді баќытты сезіндік:
біздің елдерімізден жұлдыздарға ќарай жол салынды.
Ќазаќтың ќонаќжайлыќ дєстүріне сєйкес, Гагарин старт ке-
шені бір күнге, 1991 жылдың 2 ќазанында, Ќызылорда облыстыќ
атќару комитеті мен жергілікті атќару орындарының тырысуы
арќасында, безендірілген киіз үй ќалашығына айналды. Бұл жерде
көл-көсір ас та, сыйлыќтар да, базарлыќтар да, ұлттыќ киімдегі
єртістер де, ең бастысы менің ќазаќ халќымның орнымен келген
єділетті салтанат рухы болды. Байќоңырдағы күздің осы бір шуаќ-
ты күні Ќазаќстан ғарышкерлігінің жылнамасын ашты.
Біраз уаќыттан кейін, осы жерде, баќылау пунктінің аумағын-
да, біз Австрияның канцлері Ф. Враницкий екеуміз журналистерге
баспасөз конференциясын бердік, онда мен тағы да: «Байќоңыр –
бұл кеңес халќының игілігі, бүкіл елдің байлығы ғана емес, соны-
мен бірге біздің єлемдегі ортаќ басымдылығымыз» деп атап көрсеттім.
Жұлдыздарға жол салған Ќазаќстан
315
Осы жерде мен өзім жарлығыммен Ќазаќстанда Ѓарыштыќ
зерттеулер бойынша агенттіктің ќұрылатындығын жєне оны рес-
публика академиктерінің бірі басќаратынын хабарладым. Біздің ал-
дымызда, конверсия шеңберінде, ғарыш кешенінің мүмкіндіктерін
Ќазаќстанның экономикалыќ мүддесіне ќарай бұру міндеті тұрды.
Ел бюджетінің ғарыштыќ ведомстволар талаптарын ќамтама-
сыз ете алмайтындығы жұрттың бєріне айќын болатын, ал бұл
дегеніміз ғарыштыќ жобалардың іс жүзінде тоќтауы деген сөз еді.
Мен ғарыш айлағына келген барлыќ республикалардың басшыла-
рына: «Байќоңырда жұмыстың тоќтамауы үшін ќолдан келгеннің
бєрін жасау керек» – дедім.
Біздің кеңестік-австриялыќ экипажбен ғарыштыќ байланысы-
мыздың бірінші сеансы ќалай болғаны єлі есімде. Ұшу сапарларын
басќару орталығының ќызметкерлері, менің «Мир» орбиталыќ стан-
сасы арќылы Алматыдан сөйлесуімді ќамтамасыз ете отырып, ел
Президентінің өзінің ғарышкерлермен сөйлескісі келетініне таң
ќалғандарын жасыра алмады. Менің халыќаралыќ экипажбен сөйлес-
кен сөздерім кєдімгі ќарапайым адамдыќ, керек десеңіз – єкелік
ќамќорлыќ сөздер болатын.
Иє, ќазаќ халќының ұлы тұңғыш рет ғарышќа ұшты, мен бұған
өз маќтанышымды жасырған жоќпын. Өзіміздің ана тілімізде сөйлес-
кен кезде, Тоќтар ғарыштан ќарағанда біздің Жердің ќандай єдемі
екендігін жєне Ќазаќстанның аумағын зерттеу жөнінде ќандай
сынаќтар жүргізіп жатќанын айтты. Жалпы, экипаж өте ынты-
маќты, көңілді, ұшќыр ойлы болып шыќты. Кейіннен Ұшу сапар-
ларын басќару орталығының басшысы Владимир Соловьев атап
өткендей, жігіттер орбитада бірде-бір аќаусыз жұмыс істеді, бұл
олардың тек кєсіби біліктілігін ғана көрсетіп ќоймай, сонымен
бірге шағын ұжымның ішіндегі ќалыптасќан жағымды ортаны да
көрсететін еді.
Ќиын перзент – Байќоңыр
Байќоңыр – бұл, шындығында, Кеңес Одағының ќолтума пер-
зенті. Біраќ, Ќазаќстан ең соңында жүрген «суверенитеттер шеруі-
нен» кейін, біздің бұрынғы одаќтас республикалардың ғарышќа
ќарауға да уаќыттарының жоќ екендігі айќын көрінді. Ѓарыш ай-
лағын іс жүзінде ќамтамасыз ету негізгі ғарыштыќ бағдарламала-
ры Байќоңырмен байланысты болған Ресейдің жєне тарихи ќалып-
316
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
тасќан жағдайлармен оның меншік иесіне айналған Ќазаќстанның
ғана ќолынан келетін еді.
Жас егемен мемлекеттің атќару билігінің жаңа түрі – єкімшілік
басшылығы Ленинскі ќаласын да орағытып кеткен жоќ. 1992 жылы
аќпанда менің Жарлығыммен Байќоңырдың тарихында бірінші рет
Ленинскі ќаласының єкімшілік басшысы болып – Виталий Брын-
кин тағайындалды.
Сол кезде ғарыш айлағының єкімшілік орталығы – Ленинскі
ќаласы республикалыќ дєрежедегі ќала мєртебесін алды, ал оған
іргелес жатќан Төретам жєне Аќай елді мекендері ќала ќұрамына
енді. Өтпелі кезеңнің барлыќ ќиындыќтарына ќарамай, дєл осы
уаќытта ќаланың коммуналдыќ ќызметінің негізі ќаланды, Ќазаќ-
стан Республикасының жергілікті мемлекеттік органдары ќұрыл-
ды, ғарыш айлағында ќазаќстандыќ ќоғамдыќ ұйымдарды дамыту
да белсенді түрде жүріп жатты. Біздің республиканың көгілдір
жалауы Байќоңырдың үстінде сенімді түрде желбіреп тұрды.
1993 жылы 25 аќпанда Ќазаќ КСР-нің Ѓарыштыќ зерттеулер
агенттігі Ќазаќстан Республикасының Ұлттыќ аэроғарыштыќ
агенттігіне айналдырылды, бас директоры болып бірінші ќазаќ
ғарышкері Тоќтар Єубєкіров тағайындалды. Байќоңырда іле-шала
«Байќоңыр ғарыш айлағы» деп аталған Ќазаќстанның Ұлттыќ аэро-
ғарыштыќ агенттігінің басќармасы ќұрылды.
Ќазаќстанның Байќоңырдағы екі жылғы басќаруы кезінде біздің
отандастарымыздың көбіне ғарыш айлағын көруге, Ќазаќстан бас-
пасөзіне жабыќ болған режимді нысандарды көрсетуге мүмкіндік
туды. Өйткені сол кездегі идеологиялыќ міндеттердің бірі ғарыш-
тыќ кешеннің мүмкіндіктерін Ќазаќстанның мүддесіне ќарай бұру
болатын. 1993 жылдың жазында ғарыш айлағына Ќазаќстан жур-
налистерінің үлкен бір тобы келді, мұнда олар Ќазаќстан Журна-
листер одағының көшпелі мєжілісін өткізді.
Байќоңырды ќорғау жєне ќолдау ќажет болды, өтпелі кезеңнің,
экономикалыќ жєне єлеуметтік төмендеудің жалпы ТМД бойын-
ша барлыќ проблемаларын мүдделілік көрсеткен бұќаралыќ аќпа-
рат ќұралдары жергілікті жердегі ќазаќстандыќ атќару билігінің
ќауќарсыздығына жапты. Ресейдің орталыќ телевизиялыќ арнала-
ры Байќоңырдың ќұлдырауының «жан түршіктірерлік» көріністерін
беріп жатты. Бұған кінєлі ретінде, жанамалап болса да, «кеудем-
соќтығы» мол Ќазаќстанды айыптауға тырысты.
Уаќыт жєне жағдай өз талаптарын ќойды. Ресей жағының
ќаржыны ќысќартуына байланысты тоза бастаған Ѓарышкерлік
кешенді саќтауға шұғыл шаралар ќабылдау керек болды. Ленинск
ќаласы бүтіндей Ќазаќстанның мемлекеттік ќамтамасыз етуінде
Жұлдыздарға жол салған Ќазаќстан
317
болды, біраќ одаќтыќ маңызы бар ќаланы ұстап тұруға бюджет
тапшылығы ќол байлау жасады. Осы кезде Байќоңырды кєдімгідей
ќұрып кетуге апарып соќтыруы мүмкін «адам факторының» дағда-
рысы пайда болды.
Адамдар, ғарыштыќ техниканың табылмайтын білікті маманда-
ры, ғаламның ғарыш айлағының романтиктері мен патриоттары
Байќоңырдан өздерінің тарихи отандарына ќоныс аудара бастады.
Миграция ұлттыќ сипатта болған жоќ, адамдар жай ғана тєуір
тұрмыс пен тыныштыќты іздеді.
Сондыќтан республиканың Ұлттыќ Аэроғарыштыќ агенттігі бүкіл
дүние жүзінен бірлесіп ғарыштыќ ќызмет жасауға єріптестер іздеді.
Байќоңырдың негізінде Халыќаралыќ ғарыштыќ компания ќұру
идеясы оның жұмысындағы басты бағытќа айналды. Біраќ уаќыт
өтіп жатты, ғарыштыќ дамуды жєне Байќоңырды игерудегі шын
мєніндегі серіктестер тағы да Ресей мен Ќазаќстан болып шыќты.
1994 жылы 28 наурызда біз Ресей Федерациясының Прези-
денті Борис Николаевич Ельцин екеуміз Байќоңыр жөнінде тең-
десі жоќ жауапты шешім ќабылдап, «Байќоңыр» ғарыш айлағын
пайдаланудың шарттары мен негізгі принциптері туралы» халыќ-
аралыќ келісімге ќол ќойдыќ. Онда егеменді екі мемлекеттің тари-
хында бірінші рет «Байќоңыр» ғарыш кешенін жалға беру туралы
мєселе ќойылған.
Біз Ресей Президентімен екеуміз осы шешімді жариялаған-
да, Кремльдің Георгий залында таң-тамаша болған дауыстар гу
ете түсті.
Ресейліктер риза еді, өйткені жұмысты жалғастыру үшін оларға
да бұл бірден-бір ќолайлы шешім болатын. Ал бірталай жыл-
дан бері Халыќаралыќ ғарышкерлік компаниясы туралы идеямен
жүрген ќазаќстандыќтар опынып ќалды. Сонымен ќатар «жалға
беру» деген ұғымның өзіне көпшілік түсінбей жатты. Мен маман-
дардың жалға беру деген тек ғарыш айлағындағы нысандар мен
техникаға ғана ќатысы бар, єңгіме адам туралы емес деп дєлелдеп
жатќандарын естідім. Шын мєнінде, барлыќ проблемалар сол «адам
факторына» тіреліп жатты. Ѓарыш айлағын ќаладан бөлуге бол-
майтын. Аќырында біз «ғарышкерлік кешені» деген атауды тап-
тыќ, бұл ұғым ғарыш айлағының нысандарын жєне Ленинскі ќала-
сын тұрғындарымен бірге ќамтыды. Тек осындай жағдайда ғана
ресейліктер Байќоңырдың одан арғы ќызмет жасауына баратын
болды, біздің жаќ осыны ќабылдады. Мен Байќоңырдағы біздің
отандастарымыздың мораль тұрғысынан алғанда ќысым көру ыќти-
малдығын айќын түсіндім. Біраќ ғарышкерлік кешенінің ғылыми-
техникалыќ жєне интеллектуалдыќ єлеуетін саќтаудың ќажеттігі
Ќазаќстанның мемлекеттік мүдделерінен де жоғары тұрды, ол
318
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
єлемдік деңгейдегі міндет болатын. Сонымен ќатар бізге, ќазаќ-
стандыќтарға, ғарышкерлік ќызметте орасан зор тєжірибе жинаќ-
таған ресейліктерден єлі де көп нєрсені үйрену ќажет еді.
«Байќоңыр» кешені бойынша ќазаќстандыќ-ресейлік келісім-
шарт негізінің өзіндік ерекшелігі бар. Ќол ќойылып, жасалынып
жатќан жаңа келісімдер тек бірлескен ғарышкерлік ќызметті ғана
ќамтып ќоймайды, ең бастысы – Ресей Федерациясы жалға алу
жағдайындағы «Байќоңыр» кешенінің жан-жаќты тіршілік єре-
кетін де ќамтиды. Сонымен бірге «Байќоңыр» кешені дегенде,
«Байќоңыр» ғарыш айлағындағы сынаќтыќ, технологиялыќ, ғылы-
ми, өндірістік-техникалыќ, єлеуметтік жєне ќамсыздандыру ны-
сандары жєне єлеуметтік ќұќыќтары тиісті екі жаќты келісім-
дердің араласуымен реттелетін, тек Ресей азаматтары ғана емес,
Ќазаќстан Республикасының азаматтары да тұратын Байќоңыр
ќаласы деп түсінуіміз керек-ті.
Байќоңыр жөнінде негізгі єріптесімізбен арадағы ќатынастарды
орныќтырған келесі наќты ќадам Ќазаќстан Республикасының
Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісім
болды, соның негізінде 1994 жылы 10 желтоќсанда «Байќоңыр»
ғарыш кешенін одан єрі он жылға ұзартуға болатын, жиырма
жыл мерзімге жалдау туралы келісім-шартќа ќол ќойылды. Бұл
ќұжаттың кіріспесінде екі жаќ екі мемлекетті мүддесі үшін ғарыштыќ
зерттеулердің одан єрі жалғастырылуын ќамтамасыз етуге екі
жаќтың да ниеті бар екендігін айта отырып, осы ќадамның Ресей
мен Ќазаќстан үшін тарихи маңызы бар екенін атап көрсетті.
Ѓарыш айлағын пайдалану үшін төленетін жал аќысы 115 млн.
АЌШ долларына тең болды. Екі жаќтың жұмысын реттеп отыра-
тын орган болып, Ќазаќстан Республикасы жєне Ресей Федерация-
сы арасындағы Өзара ынтымаќтастыќ жөніндегі үкіметаралыќ
комиссияның ќарамағында болатын «Байќоңыр» кешені жөніндегі
комиссия көрсетілді.
Мен Байќоңырдың күрделі тағдыры туралы жиі ойланамын.
Мұнда ғарыштыќ биіктіктер мен жер үстінің проблемалары ұшта-
сып жататын, ол ешќашан екі жаќтың ешќайсысына ешбір жаќќа
басымдылыќ бергізбей, мемлекетаралыќ маќсаттардың тең орта-
сында тұрды. Ұлы Одаќтың осы бір ќолтума жұрағаты Ќазаќстан
мен Ресейдің ортаќ, біраќ шөре-шөре емес, сүйікті перзентіне ай-
налды, ол өзіне кім ыстыќ, кім жаќын деп ешуаќытта ойламайды.
Бұған тек уаќыттың өзі ғана бас төреші бола алады. Біздің
бірінші ќазаќ ғарышкері ұшќан сєттен бергі өткен он бес жыл
жєне жалға беру туралы келісім-шартќа ќол ќойылғаннан бергі он
екі жыл бұл шешімнің дұрыс екендігін тағы да дєлелдеп отыр.
Жұлдыздарға жол салған Ќазаќстан
319
Осы жылдары Ресей өзінің негізгі ғарыш бағдарламасын орындау
үшін басты старт алаңын саќтап, ќайта жараќтандырды.
Ќазаќстан, ресейліктермен тығыз ынтымаќтастыќтың арќа-
сында, екі ғарышкердің-ғарышта бірінші ұлттыќ ғылыми бағдар-
ламаны орындаған Тоќтар Єубєкіровтың жєне Ќазаќстан Рес-
публикасының мүддесінде ғарыштыќ сапарда үш рет болып,
орбитаға шығудың ардагері атанған Талғат Мұсабаевтың ұшуын
ќамтамасыз етті.
Ќазаќстанның ғарыштағы жетістіктері туралы айтатын болсаќ,
Ресейдің Батыры жєне Ќазаќстанның Халыќ Батыры, екі елдің
ұшќыш-ғарышкері Талғат Мұсабаевтың рөлін ерекше атап өткім
келеді. Оның ғарышкер болып ќалыптасу тарихы Байќоңырдың
тарихын таң ќаларлыќтай етіп ќайталайды. Өзі ќазаќ – ол ғарыш-
тағы жұмыстарды жалғастыру үшін, Ресей азаматтығын алды. 1994
жылғы бірінші ұшуынан кейін, орбитада бортинженер ретінде
жарты жылдыќ вахтада болған Талғат Мұсабаевќа Юрий Мален-
ченкомен бірге Ресейдің жоғары наградасы тапсырылды. Екінші
рет ұшуға дайындалу ќарсаңында ол менімен аќылдасты. Талғат
экипаждың командирі болып ұшќысы келді, біраќ ол үшін «Ѓарыш
туралы» Ресей Федерациясының Заңына сєйкес, оған Ресейдің аза-
маттығын алу керек болды.
Оның бірінші ұшу сапары кезінде жүргізген ғылыми экспери-
ментті єрі ќарай жалғастыруды ќажет етті.
Дєлел аз емес еді, біраќ азаматтыќтың этикалыќ жағы ќатты
ойландырды. Мен оның күдігін сейілттім: «Сен бұрын да ќазаќ
болатынсың, ќазір де ќазаќсың, Ќазаќстанның ғарыш бағдарлама-
сын орындау үшін саған бұл шартќа баруың керек» дедім. Бір
емес, үш рет ұшу сапарларының барысында Т. Мұсабаев өзінің
батылдығы мен ерлігін көрсетті. Т. Мұсабаев 1998 жылғы екінші
ұшу сапарында төтенше жағдайда «Мир» орбиталыќ стансасын
шын мєнінде ќұтќарып ќалды дегенді естігенде, мен таң ќалған
жоќпын. 2001 жылы орбитаға ғарыштыќ бірінші турист, амери-
кандыќ миллионер Деннис Титоны «апарып келу» тікелей соған
тапсырылған болатын. Екі елдің ғарыш бағдарламаларын орындау-
дан басќа, Талғат мүмкіндігі бола ќалған жағдайда Ќазаќстанға
көңіл бөлуге үлгіретін. Оның халыќаралыќ «Азия дауысы» фести-
валін ќұттыќтауы, ұлы Абайдың өлеңін ғарышта жүріп айтуы,
Ќазаќстанның жаңа астанасы – Астананың тұсау кесеріне ќаты-
суы – соның көрінісі.
Ќазаќ тілінде ғарыштан лебіз есту адамның жан дүниесін ќалай
тебіренткенін, ќаланың халќы єлі де ұмытпаған шығар, сірє. Орби-
тадағы бірінші жалау, мұсылмандардың ғарыш нұрымен ќасиет-
320
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
телген Ќұраны, ќазаќ жерінің бір уыс топырағы – осының бєрі
Талғаттың атымен байланысты еді.
Ѓарышќа ұшу барысында да жєне орбитадағы жұмыстары
аяќталғаннан кейін де, ол ќашанда өзінің орнын ќажетті жерден
тауып отырды.
Міне ќазір де, белсенді ұшу ќызметін аяќтағаннан кейін, ол
бірлескен Ресей-Ќазаќстан «Бєйтерек» кєсіпорнының басшысы ќыз-
метінде жүріп, жаңа зымырандыќ ғарыш кешенін ќұру жөнінде
жауапты міндеттерді атќаруда. Жауапкерлігі үлкен осы ќызметке
тағайындағанда тағы да Мұсабаевтың ресейлік-ќазаќстандыќ бол-
мысы ескерілді.
Ізбасарлар туралы ойланудың керектігін жұрттың бєріне жа-
риялап айтќан да сол болатын. 1997 жылы Мұсабаев маған Ќазаќ-
стан Республикасының ғарышкерлігіне үміткерлерді дайындау мєсе-
лесінің созылып бара жатќандығы туралы баяндамамен келді.
Осыдан кейін сұрыптаумен айналысатын жұмысшы тобы ќұрыл-
ды. 800 адамның ішінен медициналыќ комиссиядан тек төртеуі
ғана өтті, ал Мєскеудегі негізгі медициналыќ комиссияның талап-
тарына Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов ќана сєйкес
келді, олар осыдан кейін Жұлдызды ќалашыќќа дайындыќтан өтуге
жіберілді.
Т.Мұсабаев «Союз ТМ-19» Ѓарыш кешеніне бірінші ғарыш-
тыќ ұшу сапарын 1994 жылы 1 шілдеде жүзеге асырды, бортин-
женер ретінде Ю. Маленченкомен жєне В. Поляковпен бірге
орбитада 126 сағат жұмыс жасады. Жалпы ұзаќтығы 11 сағат
07 минутќа созылған уаќыт бойы екі рет ашыќ ғарышќа шығу-
ды іске асырды.
29 ќаңтар – 25 тамыз 1998 жыл – Н. Бударинмен жєне
Л. Эйартицпен (Франция, 1998 ж. 19 аќпанға дейін), сол сияќты
Э. Томаспен (АЌШ, 1998 ж. 8 маусымға дейін) «Союз ТМ-27»
Ѓарыш кешені жєне «Мир» орбиталыќ кешені командирі ретінде
екінші рет ғарышќа ұшты. Ұшу барысында жалпы ұзаќтығы 30
сағат 08 минутќа созылған уаќытта 5 рет ашыќ ғарышќа
шығуды іске асырды. Ұшудың ұзаќтығы 207,5 тєулік болды.
2001 жылғы 28 сєуірден 6 мамырға дейін - «Союз ТМ-32»
Ѓарыш кешені командирі ретінде Ю. Батуринмен (бортинже-
нері) жєне бірінші ғарыш турисі, АЌШ азаматы Деннис Тито-
мен бірге үшінші рет ұшуды іске асырды.
Жұлдыздарға жол салған Ќазаќстан
321
Єңгіменің хронологиясына ќайтып орала отырып, 1995 жылды
еске түсіремін. Мемлекетаралыќ келісімдерге сєйкес, Ленинскі ќала-
сының мєртебесі өзгерген. Ќазір ол, бұрынғыша, Ќазаќстан Рес-
публикасының єкімшілік-аумаќтыќ бөлшегі болып табылады, біраќ
жалға беру уаќытына сєйкес, Ресей Федерациясының федералдыќ
маңызы бар ќалалары ќатарлы мєртебеге ие. Бұл ќаланың Ресей
Федерациясының ќұзырына жататынын, ќаржыландыру көздері
де Ресейдікі екендігін көрсетеді. Ленинскі ќаласында тұратын Ќазаќ-
стан азаматтарының конституциялыќ ќұќыќтарын Ќазаќстан Рес-
публикасы Президентінің «Байќоңыр» ғарыш айлағындағы арнайы
өкілі ќорғайды. Менің шешіміммен 1995 жылы ќаңтарда осы ќыз-
метке Байќоңырдың ардагері, ғарыш айлағының ќұрылысшысы
Ерғазы Нұрғалиев тағайындалды.
Біртіндеп ќала мен ғарыш айлағының тіршілік тынысы ќалпына
келе бастады. 1995 жылы Байќоңыр тұрғындары маған Ленинскі
ќаласын Байќоңыр деп атау туралы ұсыныспен шыќты жєне жыл-
дың соңына ќарай бұл шешім ќабылданды, ќала өзінің ќазаќша
Байќоңыр деген байырғы атын алды.
Ѓарыш айлағымен бірге, 1955 жылы 5 мамырда, сынаушылар
поселкесінің ќұрылысы басталды, ол бас кезінде «Заря» посел-
кесі деп аталды да, кейіннен, саяси ахуалға байланысты, атын
талай рет өзгертіп, Ташкент-90, Төретам поселкесі, Ленинск,
Звездоград поселкесі, Ленинскі ќаласы (21 маусым 1966 жыл)
жєне, аќырында, 1995 жылы 20 желтоќсанда бүгінгі, дүние жүзіне
белгілі – Байќоңыр деген атќа ие болды. Бүгінгі Байќоңыр –
заңды түрде шөлдегі жазира деп атауға тұратын, осы заманғы
єлеуметтік-мєдени жєне єкімшілік орталыќ. Ќаланың инфра-
ќұрылымында 1200-дей нысандар мен ғимараттар бар, тұрғын
ќоры жалпы көлемі миллион шаршы метрден артыќ көп ќабат-
ты 367 үйден тұрады. Ќалада жалпы білім беретін 13 мектеп,
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 9 мекеме, Мєскеу
авиация институтының филиалы, электрорадиотехника техни-
кумы, медицина училищесі, кєсіптік-техникалыќ училище бар.
Байќоңыр ќаласының халќы – 80 мыңға жуыќ. Байќоңырлыќтар
жылына Ресей мен Ќазаќстанның 16 мерекесін атап өтеді.
Бүгінде Байќоңыр ќаласында Ресей ќұрылымдарымен ќатар,
Ќазаќстан Республикасының мемлекеттік заң ќұзыретін жєне Бай-
ќоңыр тұрғындарының тең жартысынан астамын ќұрайтын Ќазаќ-
322
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
стан азаматтарының конституциялыќ ќұќыќтарын ќамтамасыз ететін
ќазаќстандыќ басќару органдары ќызмет жасайды.
Ќаладағы ресейлік кєсіпорындар мен мекемелерде Ќазаќстан
Республикасының жеті мыңнан астам азаматтары жұмыс істейді.
Өткен он екі жылда Байќоңырдағы ќазаќ тілінде сабаќ жүргізетін
мектептердің саны бірден алтыға дейін көбейді, яғни ќаладағы
мектеп үлгісіндегі оќу орындарының тең жартысын ќұрайды.
Жалға берудің тағы бір шарты ғарыш саласында жұмыс істеу
үшін ќазаќстандыќ мамандарды дайындау болатын, бұл мєселеге
ќазір ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы бес жылдың ішінде Мєскеу
авиация институтының Байќоңыр ќаласындағы филиалын Ќазаќ-
стан Республикасы Білім министрлігінің квотасына сєйкес ғарыш
мамандыќтары бойынша жүзден астам адам ойдағыдай бітіріп
шыќты. 2006 жылы, министрліктің күш салуымен, мемлекеттің
есебінен оќитын студенттердің саны 100 адамға дейін көбейтілді.
Байќоңыр электрорадиотехника-байланыс техникумының ќырыќ
жылдыќ тарихында Ќазаќстан Республикасының жүздеген азамат-
тары Байќоңырда өз білімдеріне ќолданыс тапты.
Бүгінгі күні «Байќоңыр» ғарыш айлағы – техникаға ќаныќќан
ғылыми-техникалыќ кешен. Ѓарыш айлағының жердегі инфра-
ќұрылымында, ғарыш аппараттарын, зымыран жеткізгіштерді
жєне жылдамдыќты үдету блоктарын жинауға жєне сынауға
арналған 11 монтаждаушы-сынаќ корпустары, 9 старттыќ ке-
шен (14 ұшырғыш ќондырғы), 8 шахталыќ ұшырғыш ќондырғы,
ғарыш аппараттарына жєне жылдамдыќты үдету блоктарына,
отын компоненттерін жєне сығымдалған газды ќұятын 4 ќұйғыш-
бейтараптандырғыш стансалар, 2 аэродром, есептеу орталығы
ќұрамындағы өлшеу кешені жєне 5 өлшеу пункті бар.
Сонымен бірге, Байќоңырдың инфраќұрылымына 360 км жылу
тораптары жүйесі, 470 км темір жол, 1200 км астам автомо-
биль жолдары жєне 2500 км байланыс жүйесі кіреді.
Байќоңырда 13 ракета-ғарыш техникасын пайдалану мен сынаќ
орталыќтары ќұрылып, ќызмет жасауда. Ѓарыш айлағын ќұрған
жылдардан бері 2500 ғарыштыќ жєне єскери маќсаттағы зы-
мырандар, 3000-нан астам ғарыш аппараттары мен жер серік-
тері ұшырылды, ғарыштыќ орбитаға 150-ден астам ресейлік
жєне шетелдік ғарышкерлер көтерілді.
Жұлдыздарға жол салған Ќазаќстан
323
Ќазіргі «Байќоңыр» ғарыш айлағы туралы айтќанда, оның
бес түрлі зымыран-жеткізгіштерді ұшыруға мүмкіндігі бар
екендігін атаған жөн. Ќазіргі кезде жеңіл («Циклон-2»), орташа
(«Протон-К») жєне аса ауыр («Энергия») кластарындағы 15 ұшырғыш
ќондырғысы бар зымыран-жеткізгіштерден тұратын 9 старт-
тыќ кешені, зымырандар мен ғарыш аппараттарын дайындау
34 техникалыќ кешен пайдаланылуда.
Ќазаќстандағы ғарыш ќызметінің даму барысын жалпы сарап-
тай отыра, оны бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.
Бірінші кезең 1991-1994 жылдарды ќамтиды, ол ашыќ ұлттыќ
сипатта болды: екі ќазаќ ғарышкері ұшты, Ќазаќстанның бірінші
ғарыш бағдарламасын іске асыру басталды.
Екінші кезең, ғарыш кешенінің экономикалыќ жєне саяси жағ-
дайымен тығыз байланыстағы, 1994-2004 жылдарды ќамтитын соңғы
он жылдағы нормативтік-базалыќ кезең. Бұл кезеңде Ќазаќстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында «Байќоңыр» ке-
шенін жалға беру жағдайындағы ғарыштыќ жєне єлеуметтік-
ќұќыќтыќ ќызметтерді реттейтін, 30-дан астам халыќаралыќ келі-
сімшарттар мен келісімдер жасалынды.
Үшінші кезең 2005 жылдан басталды. Бұл кезеңді мен Ќазаќ-
станның іс жүзіндегі ғарыш ќызметінің белсенді даму кезеңі деп
атар едім. Ол туралы мен тереңірек айтќым келеді, себебі ол осы
саладағы біздің болашағымызды ќамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |