НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Экономикалық ықпалдастықтың логикасы



Pdf көрінісі
бет168/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   264
Экономикалық ықпалдастықтың логикасы: 
ЕурАзЭО – КО – БЭК
1990-шы жылдардың екінші жартысында өңірлік ынтымақтастық жолда-
рын іздеу әрекеті Кеден одағын алға бастыру үшін өзара іс-әрекеттің жаңа 
деңгейі қажет екенін анық байқатты. Ол үшін шешімдері шектеліп қалмай, 
міндетті түрде орындалатын көпсалалы экономикалық ұйым қажет еді. 
Менің ұстанымымды 2000 жылдың наурыз айында сайланған Ресей-
дің жаңа президенті В. В. Путин қолдады. Осы жылдың мамыр айында-ақ 
Минс кіде өткен кедендік «бестіктің» Мемлекетаралық кеңесінде Кеден одағын 
халықаралық ұйым ретінде қайта құру жөніндегі келісімге қол жеткізілді.
Ресейлік журналист Александр Гамов өз кітабында Шымбұлақтағы бір 
оқиғаны есіне алады. 2002 жылдың наурызында мен ТМД басшыларын 
бейресми саммитке шақырдым. Путин екеуміз біраз уақыт тауда шаңғы 
тептік. Шың басына шығу үшін көтергішке мініп, біраз жүру керек. Ресейлік 
журналист жол бойы Путин екеуміздің не жайлы сөйлескенімізді сұрады. 
Мен Кеден одағы туралы пікірлескенімізді айттым. Іле Алатауының таула-
рында ерекше атмосфера бар. Көп дүние осы жерде тоғысады. Жүзжыл-
дық шыршалар иісі де, ежелгі қазақ тарихының ізі де, ғарыштық тыныштық 
та. Сондықтан болар, осындағы әңгіме ерекше сенімге құрылады.
Ресей басшысы екеуміз сағаттарымызды тексеріп алдық. Жаңа құрылған 
ықпалдастық құрылымға ешкім ешкімді зорлап кіргізгелі жатқан жоқ. Әр-
кімнің өз ықтиярымен болатын шаруа. Ықпалдастық тек экономикалық си-
патта болады және кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жаңа құрылымды 
қалыптастыру ТМД аясындағы өзге бірлестіктерге қайшы келмейді. 
Біздің әңгімеміздің қысқаша мазмұны осындай. Кейбір ұстанымдар 
нақтыланды. Бірақ істің мәні өзгеріссіз қалды. Күдік туғызатын қандай жайт 
бар және ол әлемдік тәжірибеден несімен ерекшеленеді?
Владимир Путин де дәл осындай жолды ұстанғанына бір емес, бірнеше 
рет көзім жетті. Ұлттық мүддені қорғау қашанда бірінші орында тұрады. 
Стратегиялық серіктестік саяси текетіреспен емес, іспен дәлелденуі керек. 
Маған осындай тәсіл ұнайды әрі оны толығымен заманауи құбылыс деп 
есептеймін. Осындай түсіністіктің арқасында біз әлемнің өзіміз жақ бөлі-
гіндегі ықпалдастық үдерістерге бірлесе отырып серпін бере алдық. Влади-
мир Путинсіз бұл мүмкін емес еді.
2000 жылдың 10 қазанында Астанада Ресей, Беларусь, Қырғызстан 
және Тәжікстан басшыларымен бірлесе отырып, Еуразиялық экономика-
лық одақ (ЕурАзЭО) құру туралы келісім жасастық. Сол күні Л.Н. Гумилев 
атындағы ЕҰУ-да сөйлеген сөзінде В.В. Путин: «Бұл – Қазақстан Прези-


306
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
дентінің идеясы. Біз бұл туралы мамыр айында сөйлесіп, қазан айында 
жұмысты аяқтауға келіскен едік. Қалай айтсақ, солай істедік. Соңғы жылда-
ры тізе қосып, жұмыла істеген жұмыстарымыздың ауқымдысы осы», – деді. 
Жаңа халықаралық одақты құрылтайшылар «Еуразиялық» деп атады. Бұл 
сонау 1994 жылы мен ұсынған жолға өңірлік ынтымақтастықтың да бет-
бұрыс жасағанын нақтылай түсті.
Осылайша, 1990-шы жылдардың екінші жартысындағы интеграциялық 
адасулар дәуірі аяқталды. Өзара іс-қимылдың жаңа кезеңі басталды. 2001 
жылдың 31 мамырында ЕурАзЭО-ның Интеграциялық комитеті құрылды. 
ЕурАзЭО құрылған алғашқы күннен бастап, Қазақстан ұйымның міндеті 
мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне, халықтың қажеттіліктеріне сай болуы 
үшін барын салды. 
2005 жылдың қыркүйегінде Орталық Азия ынтымақтастығы саммитінде 
ОАЫ мен ЕурАзЭО-ны біріктіру туралы шешім қабылданды. 2006 жылдың 
қаңтарында Еуразиялық даму банкі құрылды.
Жүйелі ұстанымдарымыздың арқасында, 2000 жылдардың екінші жар-
тысында шынайы жұмыс істейтін Кеден одағын құру ЕурАзЭО қызметіндегі 
басым мақсатымыз болды. Бұл оңай шаруа емес еді. Өйткені ЕурАзЭО-да 
интеграциялық үдерістердің жылдамдығы мен ерекшелігі мәселесінде 
келіспеушіліктер бар болатын. Дегенмен жол табылды.
2007 жылдың қазанында Душанбеде маңызы жағынан кезеңдік бо-
лып саналатын ТМД – ҰҚШҰ – ЕурАзЭО саммиті өтті. 2007 жылдың 6 
қазанында президенттер В.В. Путин және А.Г. Лукашенкомен бірлесе 
отырып, құрамында тығыз ынтымақтастыққа дайын үш мемлекет – Қа-
зақстан, Ресей, Беларусь бар – Кеден одағын құру туралы келісімге қол 
қойдық.
Бұл жағдайда да ЕурАзЭО өз қызметін белсенді түрде жалғастыра берді. 
2007 жылдың қазанында ЕурАзЭО-ның Бас хатшысы болып қазақстандық 
дипломат Т. Мансұров тағайындалды. Ол осы лауазымда ЕурАзЭО өмір 
сүрген 2014 жылдың желтоқсанына дейін қызмет істеді.
2008–2009 жылдардағы қаржылық-экономикалық дағдарыс өңірлік 
үдерістерді бұрынғыдан да маңызды ете түсті. 2009 жылы Қазақстанның 
бастамасымен ЕурАзЭО-ның дағдарысқа қарсы қоры құрылды. 
Қазақстан, Ресей және Беларусьтің Кедендік одағы ресми жұмысын 
2010 жылдың қаңтарынан бастады. 2011 жылдың шілдесінде кедендік бақы-
лау сыртқы контурға көшіріліп, Кедендік кодекс күшіне енді. Мүше елдердің 
экономикасы біздің елдердің ортақ нарыққа ұмтылуына оңтайлы реакция 
берді – өзара сауда көлемі үш есе артты.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
307
Келесі кезеңде Кедендік «үштік» мемлекеттері Біртұтас экономикалық 
кеңістік қалыптастыруға көшті. 2011 жылдың 18 қарашасында Жоғары Еу-
разиялық экономикалық кеңесінің бірінші жиналысында Ресей және Бе-
ларусь басшыларымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық ықпалдастық 
жөніндегі декларацияға қол қойдық. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ер-
кін тауар айналымын, қызмет көрсету, капитал және еңбек ресурстарымен 
қамтамасыз ететін ЕЭК қызмет ете бастайтыны анықталды. Біз Кеден одағы 
мен Біртұтас экономикалық кеңістік – Еуразиялық экономикалық одақтың 
құрылуына әкелетінін мәлімдедік.
ЕурАзЭО/КО/БЭК ұйымдарының барлық сатыларында еуразиялық 
ықпалдастық мәселелеріндегі көшбасшылық Қазақстанға тиесілі екенін 
қатысушы елдер бірнеше рет атап өткен еді. Өйткені мен 1990 жылдар-
дың бас кезінен-ақ еуразиялық экономикалық ықпалдастық жобасының 
өзара тиімді болатынын дәйектеген едім. Мен экономикалық бірлестік құру 
үшін аса ауқымды жұмыс атқарылғанын түсіндім. Осының бәрі еліміздің 
бейбіт те бақытты болашағы үшін жасалған қам еді. Сонымен бірге, мен 
қазақстандықтарға экономикалық ынтымақтастықтың мән-мағынасын мей-
лінше анық түсіндіруге тырыстым. Біртұтас заңы бар, 170 миллион адамы 
бар өңірлік үлкен нарық Қазақстанның ұлттық экономикасының, бизнес-
қоғамдас тығының және индустриасының өсуіне қажетті барлық мүмкіндік-
терге жол ашады. Біртұтас экономикалық кеңістік қазақстандық өндірушілер 
үшін Брестке және Владивостокқа дейінгі тауар нарығын кеңіте түсті.
Осылайша еліміздің сыртқы экономикалық саясаты мүлде жаңа са-
паға ие болды. Қазақстан әлемдік үдерістерге, өңірлік және жаһандық қа-
уіпсіздікке пәрменді ықпал ете алатын геосаясаттың және халықаралық 
құқықтың толыққанды субъектісіне айналды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет