данагүл БӨлеГеНовА,
әлеуметтік педагогика және өзін-өзі
тану мамандығының студенті
Базартөбем
Туған жерім-
Базартөбем,
Табиғатың
қандай көркем.
Ару Жайық,
қалың орман,
Жасыл желек
сұлу өлкем!
Әнге қосып мақтана алам,
Сәйгүліктер шапқан далам,
Саған арнап Жұбан атам,
„Базартөбем” жыр арнаған.
Куәгерсің өткеніме,
Балалық шақ- көктемі ме.
Мәз-мейрам боп қуанамын,
Самал желдің өпкеніне.
Құт мекенім көркей, гүлде,
Жер жетпейді бөктеріне.
Жан-жүрегім шымырлайды,
Сенен жырақ кеткенімде.
Гүлмаржан КеНЖеБАевА,
бастауышты оқыту педагогикасы мен
әдістемесі мамандығының студенті
Біле жүріңіз
Жыр толғағы - туған жер
«тАғылым»,
«САлАуАтты өмір САлты»
басылымдарына ақ жол!
студент-жастар. Саналы да сапалы, білімді
де белсенді студенттері бар университет
қашан да еңселі, келешегі кемел.
Бізге тынымсыз ізденімпаз, таңдаған
мамандығының қыр-сырын жете меңгеруге
ұмтылымпаз, өзі тәлім алып жүрген білім
ордасын – Альма-Матерін қадірлей
білетін жүректі түлек қажет. Осы ізгі
жолда «Тағылым» және «Салауатты
өмір салты» жаршылары студенттердің
әлеуетін оятуға түрткі болғай; жастардың
білімділікке, интеллектіге ұмтылысын
оятуға, Отан мен халыққа қызмет етуге
деген көзқарастарын өзгертуге септес-
кей; ұлттық интеллектінің діңін құруға
ұмтылыс танытқай; студенттердің эру-
дициясын кеңейткей; білім алу үдерісіне
мүмкіндігінше кеңірек қарауға баулығай;
студент ізденісінің озық үлгісі болғай.
Қысқасы, педагогика факультетінің
«Тағылым», «Салауатты өмір салты»
жаршылары бүгінгі студенттерді ертеңгі
білікті кадр, педагог-психолог, әлеуметтік
сала педагогы, дене тәрбиесі ісінің май-
талман маманы тұрғысында, болашақ
Қазақстанның интеллектуалды элитасы
ретінде тәрбиелеуге тамшыдай болса да
үлес қосқай! Сондай-ақ, жеке тұлға сөз
құдіреті арқылы қоғамдық ортамен қарым-
қатынасқа түсіп, кез-келген жағдаяттан
іскерлік, білімділік дағдысын орынды
пайдалана білгенде ғана тұлға ретінде
танылады. Осы бағытта ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен шұғылданып жүрген
факультетіміздің ғалым-оқытушыларына,
о с ы жол ғ а де н қ о й ғ ан і з де н імп аз
студенттерімізге жемісті еңбек тілеймін.
Абат ҚыдыРШАев,
п.ғ.д., профессор,
педагогика факультетінің деканы
Болашақ мұғалімге талап зор
жоспарын жүзеге асырудан еш уақытта
бас тартпайды. Алайда күрт өзгерістерге
құмарлықтың соңы сағымдай құбылған
алдамшы мақсаттарға еруге ұласуы
мүмкін. Сондықтан шаш етектен шығынға
батып қалып жүрмеңіз. Ал сары түсті
ұнатпайтындардың мінезінде ұстамдылық
пен психологиялық байсалдылық жетісе
бермейді.
Күлгін түс екі бояуды - көк пен қызылды
бойына жинаған. Әлгінде айтқандай, көк түс
тұрақтылық пен адалдықты, қызыл түстің
жігерлілікті, құштарлықты білдіретіні мәлім.
Күлгін түсті ұнататындар ішкі қарама-
қайшылығы мол адамдар. Олар алдағанға
сенеді, азғырғанға көнеді. Сөйте тұра,
айналасындағыларға ықпалын жүргізуге
кет әрі емес. Алайда, ең шешуші сәтте,
яғни шұғыл шешім қабылдау кезінде таса-
да қалып қойғанды жақсы көреді. Мұн дай
адамдар жалғыздықтан қорқады. Өзінен
гөрі өзгелерді дәріптеп, олардың жаманын
жасырып, жақсысын асыруға тырысады.
Қоңыр түс - әсершілдікті білдіреді.
Дені сау, жігерлі адамдар бұл түсті онша
жақтырмайды, ал оны жақсы көретіндер
- әбден қажып, тынығуды қалаған жан-
дар. Егер бұл түс ұнамаса, сіз бірізділікті,
жаттандылықты және жадағай шешімді
жек көресіз.
Қара түс - сыртқы әсерді тежеу мен
шектеу үлгісін бейнелейді. Бұл түсті жақсы
көретіндер тағдырмен бетпе-бет кел-
генде ылғи жеңіліске ұшырап, аз ғана
ғұмырын ағысқа қарсы жүзумен өткізеді.
Егер жақтырмайтын болсаңыз, онда сіз
еш нәрседен бас тартпайсыз, сол арқылы
өміріңізде көптеген оқиғаға душар болып,
қиындық көруіңіз ықтимал. Сондықтан кейбір
оқиғалардан бас тартып, әлдекімдермен
санасуға үйренгеніңіз ләзім.
ғаламтор материалдары
бойынша әзірлеген:
венера НұРмұХАНБетовА, 06301-топ
Ґ
№ 13 (870)
қараша
2011 жыл
17
Халық тұжырымына жүгіне айтсақ, денсаулық кепілі – тазалық. Тәні саудың -
жаны сау. Әлсіз денеге ауру ұялағыш. Он екі мүшең сау болса, сәулет емей немене, он
саусағың сау болса, дәулет емей немене. Иә, дені сау адам – табиғаттың ең қымбат
жемісі деген осы.Бабаларымыздан мынадай да дана сөз қалған: «Ақша жоғалтқаның,
ештеңе жоғалтпағаның; уақыт жоғалтқаның, көп нәрсе жоғалтқаның; денсаулық
жоғалтқаның, бәрін жоғалтқаның».
Педагогика факультетінің студент жастарына айтарым, сіздер - егемен
еліміздің келешегісіздер. Қоғамдағы жат қылықтардан, жаман әдеттерден аулақ
болғайсыздар! Спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын сақтау - басты
кредоларыңыздың бірі болсын! Ал, факультет деканатының бастамасыман тұңғыш
жарық көргелі отырған
«Салауатты өмір салты» атты жаршыларыңыз осы
бағыттағы жастардың мол ақпарат көзі, сенімді тірегі болғай!
Қамеш ИСмАғұлов,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
жаттықтырушысы, ҚР Құрметті спорт қайраткері
Педагогика факультеті
5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»,
5В010400 «Бастапқы әскери даярлық»
бөлімінің жаршысы
№1, қараша, 2011 жыл
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
Жастардың сенімді тірегі болғай!
В. И. Вернадскийге сүйене айтсақ, «жер ғаламшары - біздің үйіміз ғана емес,
біз оның бөлінбейтін бөлшегіміз». Үлкендердің айтуынша, ауру батпандап кіреді,
мысқалдап шығады. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», - дейтініміз
де осыдан болса керек. Ол үшін не керек? Тазалық керек. Аристотельге жүгінсек,
«жанды дене қозғалмаса, өледі». «Емнің алды - еңбек» екенін естен шығару
келіспес...
Алғашқы байлық - денсаулық. Құлаққа жағымды, көңілге қонымды-ақ.
Өкініштісі, осы түйін сөздің салмағын салмақтауда, жүктер жауапкершілігін
сезінуде тереңдей алмайтын секілдіміз. Қай нәрсеге де үстірт қарау адам бала-
сын түбі орға жығары даусыз. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің
жиынтығы екендігін мойындасақ, денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың
сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - күллісі де
адам денсаулығын түлетер алғышарттар.
Салауатты өмір салтын сақтаудың
басты міндеттерін білеміз бе?
Бүгінгі өз тәуелсіздігіне қол жеткізген егеменді қазақ
еліне денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, салауатты
өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғалар қажет. Иә, са-
лауатты өмір салтын мұрат тұтқан. Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев: «Халық денсаулығы – ел дамуының аса
маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі», - дейді.
Аксиомалы тұс: салауатты өмір салтын ұстанбаған
мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны. Айтыңыздаршы,
ауру адам қандай жүйелі іс тындырмақ. Демек, салауатты
өмір салтын тұту - ауадай қажет іс, аса керекті күнделікті
дағды. Бөлімнің студенттерге арналған жаршысын
«Салауатты өмір салты» атауымыз да тегін еместігін
енді түсінген шығарсыздар. Ақиқаты, студент жастарымыз
- болашағымыздың алтын тірегі.
Ал салауатты өмір салтын жіті сақтау үшін не қажет?
Бұл ретте әрбір жеке тұлға төменгі мәселелерді баса
ескеріп, назарға тұтса дейміз:
- адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін, дене
құрылысының биологиялық, физиологиялық, анатомиялық
құрылымымен таныс болуы тиіс;
- ағзаның қай мүшесінде кемістік пайда болса, оны
табиғи заттардың әсерімен қалпына келтіру;
- адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін, оған
саналы түрде жағдай жасау;
- жанды дененің үнемі қозғалыста болуы қағидасын
жетекшілік ету;
- жеке бастың тазалығын сақтау;
- дұрыс тамақтану жүйесін ескеру;
- жас ерекшелікке сәйкесті ағзаның күш-қуатын пайда-
лану міндеттерін білу;
- дененің жан-жақты үйлесімді дамуын есте ұстау;
- дене шынықтыру ісімен жүйелі айналысу;
- серуен, саяхат жасау жүйесінен хабардар болу;
Бұл орайдағы сөзіміздің түйіні – қоршаған ортаны
сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды
және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастыру
келешегіміздің жарқын кепілі екенін айту ғана.
Қадірлі ұстаздар, студенттер! «Дені сау адам –
табиғаттың ең қымбат жемісі» екенін үнемі есте ұсталық.
Ибраим АБдРАХмАНов,
педагогика факультеті деканының
тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
Хочешь быть здоровым?
Под здоровым образом жизни понимается оптимальный
режим работы и отдыха, сбалансированное питание, до-
статочная двигательная активность, соблюдение правил
личной гигиены, закаливание, отсутствие пагубных привы-
чек, любовь к людям, положительное восприятие жизни.
Здоровый образ жизни позволяет быть до старости здоро-
вым психически, нравственно и физически.
Несколько советов для тех, кто хочет вести здоровый
образ жизни и прожить долгую жизнь:
1. Беспокойтесь о здоровье, начиная с молодости, есть
много болезней, которые проявляются с годами, хотя их
корни в детстве.
2. При проблемах со здоровьем начинайте периоди-
чески проходить диспансеризацию.
3. Не волнуйтесь, чтобы не осложнять работу организма,
ускоряя процесс старения.
4. Не держите обиды, учитесь прощать.
5. Помните, что семья и близкие друзья - уникальная
ценность и главное в Вашей жизни.
6. Занимайтесь физическим трудом или фитнесом,
стараясь проводить максимально много времени под от-
крытым небом.
7. Спите 8 часов в день - отдых восстанавливает жиз-
ненную силу и часто лечит лучше любых лекарств.
8. Не курите, не употребляйте алкоголь и наркотические
вещества.
9. Не поддавайтесь скуке и не разрешайте себе падать
духом.
10. Найдите время для хобби, оно помогает рассла-
биться и делать жизнь более разнообразной.
Советы студентам
Здоровье - это достояние всего общества, которое невоз-
можно оценить. Мы желаем друг другу крепкого здоровья,
когда встречаемся или прощаемся, потому что это - основа
счастливой и полноценной жизни. Доброе здоровье обе-
спечивает нам долгую и активную жизнь, способствует
выполнению наших планов, преодолению трудностей,
дает возможность успешно решать жизненные задачи. Но
жизненный опыт показывает, что заботиться о своем здоро-
вье люди начинают лишь после того, как недуг дает о себе
знать. А ведь можно предотвратить эти заболевания в корне,
нужно только вести здоровый образ жизни. Очевидно, что
здоровье зависит не только от лечебно- профилактических
мероприятий, но и от самого человека.
Существует 10 советов, разработанных международной
группой врачей, диетологов и психологов, которые состав-
ляют основу здорового образа жизни. Следуя им, можно
продлить, сделать более приятней нашу жизнь.
1. Работа- важный элемент здорового образа жизни.
Найдите для себя работу, которая будет вам в радость.
2. Чаще двигайтесь. Учеными доказано, что даже восемь
минут занятий спортом в день продлевают жизнь.
3. Спать лучше в прохладной комнате, это способствует
сохранению молодости.
4. Не ешьте слишком много. Вместо привычных 2500
калорий обходитесь 1500. Это способствует поддержанию
активности клеток, их разгрузке.
5. Меню должно соответствовать стандартам.
6. Периодически балуйте себя. Несмотря на рекоменда-
ции, касательно здорового образа жизни, иногда позволяйте
себе вкусненькое.
7. Имейте на все свое мнение. Осознанная жизнь поможет
как можно реже впадать в депрессию и быть подавленным.
8. Дольше сохранить молодость помогут любовь и неж-
ность. Укреплению иммунной системы способствует гормон
счастья (эндорфин), который вырабатывается в организме,
когда человек влюблен.
9. Не всегда подавляйте в себе гнев. Различным заболе-
ваниям, даже злокачественным опухолям, более подверже-
ны люди, которые постоянно ругают самого себя вместо того,
чтобы рассказать, что их огорчает, а иногда и поспорить.
10. Разгадывая кроссворды, изучая иностранные языки,
производя подсчеты в уме, мы тренируем головной мозг.
Таким образом замедляется процесс возрастной деградации
умственных способностей; активизируется работа сердца,
система кровообращения и обмен веществ.
Рания НАСыРовА, 05302-гр.
Дін – қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Ол
құдай мен адамның байланысы арқылы адам өмірінің мәніне
айналған сана формасы. Дін адамның жеке сеніміне қатысты
анықталғанымен, оның белгілі әлеуметтік топтарда және
қоғамда алатын орны ерекше.
Бүгінгі қоғамды ойландырып отырған мәселе – діни
мәдениетіміз бен діни сауатымыздың төмендігі салда-
рынан туындайтын лаңкестік әрекеттер. Қоғамымызда
түрлі діни ағымды насихаттаушылар көбейіп, сол себепті
адамдар арасында рухани адасушылық орын алуда. Мұны
біз жат діннің жетегіне еріп адасқандар мен Аллаға серік
қосқандардың әрекетінен көре аламыз. Олардың әрекеттері,
түрлі террорлық, экстремистік, суицидтік үгіт-насихаттары
бүгінгі күнделікті өмірдің көрінісі ретінде қалыпты жағдайға
айналып кетпесіне кім кепіл? Кейде сан алуан қым-қуыт
шиеленісті жағдайларға қарап, адамзат тарихында дүниені
дүр сілкіндірген екі дүниежүзілік соғыс орын алса, бүгінгі
қоғамдағы адамзат ендігі тағы да бір дүрбелеңнің қарсаңында
тұрғандай сезіледі. Бейбітшілікті орнатудан өзге мақсаттарды
көздейтін топтар халықтың бейбіт тірлігін бұзып, санасын
қарусыз-ақ жаулап алуды көздейді. Әрине, оның бетін әрі
қылсын!
Ислам діні - ұлттар мен ұлыстарды түрі мен нәсіліне
жіктемей, бір шаңырақ астына біріктіретін бүкіләлемдік
бауырмашылықты насихаттайтын дін. Алайда, бұл ақиқат
мұсылман баласының өз ұлтынан, мәдениетінен бас тартып,
халқынан безуі дегенді білдірмейді.
Ислам діні - ақиқат пен парасаттылық, адамгершілік пен
кішіпейілділік секілді адамға қажет қасиеттерге үгіттейтін ұлы
дін. Дегенмен дінді жамылып, саяси, экономикалық мақсат
- ойлары бар топтар халқымыздың діни сауатсыздығын пай-
далану арқылы санамызды теріс діни көзқарастар арқылы
уландырып, арбап, жалған психологиялық және материалдық
қолдау көрсетуінің есебінде түрлі секталарға тартып өз топ-
тарын мүшелермен толтырудың алдында тұрғандай.
Шүкіршілігі, соңғы уақытта ислам дініне бет бұрып,
құбылаға бет түзегендердің қатары артып келеді. Өзіміздің
білім ордамыз М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да да дінге бет
бұрып, бес парызын өтеп жүрген жастарымыз жетерлік.
Тек толғандыратыны, жастарымыз дәстүрлі дінді ұстанып
жүр ме, әлде жат діннің құрығында кетіп, дәстүрлі емес
діндердің құрбанына айналуда ма, міне, осы өзекті мәселе.
Әрине, егер дәстүрлі дінге бет бұрып, бойларын таза ұстап,
имандылыққа бастау алса - ізгі іс. Дегенмен елімізде ара-тұра
орын алып жатқан бүліктерді де айтпай кету мүмкін емес.
Атыраудағы жағдай, Ақтаудағы түрмеден қашу, Алматыдағы
атыс-шабыс, т.б. өңірлердегі зираттарға шабуыл, Ақтөбедегі
жарылыс, Тараздағы оқиға мұның бәрі теріс діни әрекеттерге
деген тосқауылдың әлсіздігінен болуы мүмкін. Десек те
жастарды осындай теріс ағымдардың жетегінен арашалап
қалу әрекетімен арнайы мекеме мен қоғамдық бірлестіктер
айналысып жатқандығын баса айта аламыз.
Біздіңше, жастарымыз саналы түрде өзге діннің ағымында
кетіп жатқан жоқ, олар діни сауаттылықтың төмендігі мен
қоғамдағы алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі сал-
дарынан адасып жүр. Осы орайда М.Өтемісов атындағы
БҚМУ-дың педагогика факультетінде «Педагогика және пси-
хология» мамандығында оқитын 06401-тобы студенттерінің
ұйғарымымен «Қазақстан Республикасының Діни қызмет және
діни бірлестіктер туралы» Заңымен таныстыру мақсатында
дөңгелек үстел ұйымдастырылды. №7 оқу ғимаратымыздағы
оқу залында кітапхана қызметкерлерінің қолдауымен
«Дін – даналық, тазалық» атты кітап көрмесі әзірленді.
Діни ағарту мақсатында облысымыздағы діни секталар
жөнінде бейнефильм көрсетілді. Педагогика факультетінің
деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
А.С.Қыдыршаев «Діни қызмет және діни бірлестіктер тура-
лы» Заң баптарымен таныстырып, заң аясында туындаған
діни мәселелерге жіктеме жасады. Күн тәртібіндегі мәселе
жөнінде педагогика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары И.С.Абдрахманов, 4 курс студенттері Гүлшәрбат
Қыдырашева, Арайлым Төремұратова, кітапхана қызметкері
Меңзипа Дінғалиевалар сөз алып, студент қауымына қарата
өзіндік пікір-түйіндерін ортаға салды. Факультет деканының
басшылығымен ұйымдастырылған шара студенттердің діни
сауатын белгілі бір деңгейде арттыруға септігін тигізді деген
ойдамын. Сөз соңында, шара факультетіміздің әрбір тобында
кураторлық сағаттарында қолға алынып, Заң талқылануға
келісілді. Қысқасы,
жастарымызды имандылыққа, ата-
бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келген асыл
дініміз исламға баулысақ, түрлі жат ағымдардың жетегіне
кетпейтін болады деген тұжырымға ден қойсақ, жас ұрпақтың
өмірде дұрыс бағытын таңдауында аға ұрпақтың дұрыс жол
сілтеуі аса қажет! Иә, әрбір ұлтты ұстап тұрған үш алтын
діңгек бар: тіл, дін, жер. Міне, осы үшеуі мықты болса, ол
халықтың рухы биік саналады, осыны баса назарда ұстайық,
құрбы-құрдастар!
венера дАУлетовА,
06401-топ студенті
«Салауатты өмір салты» жаршысын әзірлеуші жауапты редактор - Рания Насырова, 05302-топ, «дене шынықтыру және спорт» мамандығы
Діни қызмет Заңын талқылаған жиын
Ґ
№ 13 (870)
қараша
2011 жыл
18
Махамбет
Сахараның мекендеп кең құшағын,
Қазағым желдей жүйрік тез ұшатын.
Алтайдан Атырауға кең көсілген
Даласын қазағымның мен құшамын.
Дана бар ма қазақтай жер бетінде,
Жер бетінде жоқ, сірә, ел шетінде.
Көкпар ойнап, қыз қуған қазағым-ай,
Жатыр дала сазымен тербетіле...
Тарих тұнған қазағымның даласы,
Елі үшін жанын қиған баласы.
Қара жерде қадауланған төбелер,
Зұлмат жылдың ойып салған жарасы.
Көк теңізде қазағымның кемесі,
Дайын міне, дауылдарға келесі.
Ж ас жүрекке шоқ түсірген бір жан бар,
Ол - Махамбет марғасқаның елесі.
Оққа оранып, жалын құшқан Махамбет!
Тайғақ жерде тіреу болған Махамбет!
Қазағымның аспанында түнерген,
Қайғы бұлтын қалқалаған Махамбет!
Алдамшы өмір адамзатты арбады,
Алмас уын шаша түсіп, қарғады.
Малғұн ойдың мазағына ие боп,
Бір ақымақ Махамбетті жалмады.
Ей, Махамбет! Болмысың бекзат асыл ең,
Жарқылдап тұрған жасын ең.
Өзіңдей өрен өсірген мына халқымды,
Ойласам шалқардай шалқып, тасыр ем!
Құбылмалы дүние құйқылжып ырғалады,
Жүрегінде жұртыңның сыр қалады.
Сен шығарған күйлердің, өлеңдердің,
Ғасыр бойы сақталар ырғағы әлі.
Жадыра ЖАУмытБАевА,
экономика және басқару факультетінің
1 курс студенті
Болмысы бекем-Еркіндік!
Қайранда менің қазағым ...
Тағдырың кетті бұғаулы күндер тұсаған,
Ұшпайтын еді ұясынан да құс аман.
Азалы жылдар, қазалы күндер өткен-ді,
Тар кеудең шерге көкірегің толып құсадан.
Жанында болып жазықсыз жын мен жыбырдың,
Қаңғыбас жауға қынапсыз қылыш суырдың.
Қайғымен көшіп Қаратау асқан елім-ай,
Алқакөл жаққа Ақтабан күйде шұбырдың.
Аштықты көріп, жоқтықты естен шығармай,
Жалындың күнде Тәңірге ұлы дұға арнай.
Арқаңа батып бодандық деген қу қамыт,
Алты алашым-ай азапқа болдың сыңардай.
Еріңнің басы домалап жатты қансырап,
Бұйырмаған-ау бұйығы елге тамшы бақ.
Арысыңның әруағын айтып арты өлген,
Қоясың кейде намысыңды қамшылап.
Махамбет сынды ұлдарың өтті ақырып,
Қаймана елді бірлікке бастап шақырып.
Қайраттай ұлдың басы да кеткен жазықсыз,
Еркіндік болды өшпейтін бізге тақырып...
Тәуелсіз ел боп тұғырды биік сайладың,
Арасын шалғай Атырау-Алтай жайладың.
Дінің мен тілің қауышты қайта еліммен,
Туыңды көкке құламас қылып байладың.
Азаттық алып азанды шақта желпіндік,
Азаптан ан-о-оу сабырмен ғана серпілдік.
Қамаса торға торғайға дағы қиянат,
Сен аман болшы ...
Тамыр терең, болмысы бекем - Еркіндік!
Тіл туралы...
Жанарымнан қан емес, жас тамбайды,
Әлі күнге кетпей жүр бастан қайғы.
Өзге елдің мансұғын таңсық етіп,
Бұл қазақ жағынудан жасқанбайды.
Кеткен-ді ұлт іргесін қорлап жалған,
Енді бізге не қайыр қолда бардан?!
Даласына кірме тілдер «күйеу» болып,
Санасына социализм орнап алған.
Келсе-дағы еркіндік теңдігі арай,
Мұң-наламды шағамын енді қалай?
20 жылда ештеңе оқсатқан жоқ,
Түрсе де көкелерім жеңді талай.
Тілім деп шырылдаса текті балаң,
Кеудемнен кетірейін кекті қараң.
Ана тілдің қадірін аспандатып,
Тіл жайлы толғанар сәт жетті маған.
Қазақты қазақтыққа жаратар сын,
Киеңмен күллі әлемді қаратарсың.
Арымның бүршігіңдей – ана тілі,
Анамның ақ сүтіне пара-парсың.
Бәрімізге биік қой жалпақ құны,
Кетпесе де шаң қаптырып қалпақтыны.
Ана тілім қадірің төмен болса,
Ол сенің қазағыңның жалтақтығы.
Алтынбек еРмеКҚАлИев,
БҚГА, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
1 курс студенті
Тәуелсіздік таңы
Алып Алаш - сан ғасырлы тарихым,
Санамдағы сансыз сұрақ жайратып.
Қазақ дана, қазақ әлем - мекенім,
Осы әлемде шексіз бейбіт бар бақыт.
Туып-өстім, өркендедім мекендеп
Қазақстан менің елім екен деп
Сүйіп өтем, мақтан етем әрдайым
Осы әлемде өсіп-өнем өркендеп.
Ел кірпіші қаланады басшымен
Қазақстанның туын көкке көтерер.
Мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жыл.
Желтоқсанның бірінен
Назарбаев халықты алға жетелер.
Тәуелсіздік сан ғасырлы арманда
Азаматтар құрбан болып жалғанда.
Бас иеміз қанша боздақ қыранға
Қуанамын әр таңым бейбіт атқанға.
Қазақстанның алтыны шығып қаңтарда
Елім менің дамып жатты сол таңда
Ұлттық теңге мәртебесі асқақтап
Бекітілді дербес ту мен елтаңба .
Үш биімді үш төбеге көтерді.
Батырларды байрақ етті басына.
Қару алып қорғаған асыл мекенді
Қалайша біз тастаймыз жау қасына!
Тәуелсіздік - ата баба арманы,
Ұрпағына мол мұраны салғаны.
Бейбітшілік күнге бізді жетелеп
Келер күнге үміттерін жалғады.
Тәуелсіздік мерейлі елдің күні еді,
Аспанымыз бейбіт, мәңгі күледі,
Елім, жерім дейтін әрбір азамат
Соқсын мәңгі «қазақ» дейтін жүрегі!
Шаттық оРыНБАевА,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
колледжінің 1 курс студенті
Бір ел жайлы
(Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 20жыл толуына)
Сен немен мақтанасың, дардайынсып алдымда?
Қиындыққа бар күшіңді аянбастан салдың ба?
Мен көкірек керіп қойып, айтар едім масайрап,
Бұл ел білер қадірін, батқан түнмен таңның да!
Жерінде талай бодандық туы желбіреп,
Күн-түн демей, мазасыздап қанға толды көкірек.
Сол кездегі шын алқынған жүректердің дүрсілі,
Ақиқатта бар сезімнен орны бөлек, тым ерек!
Көресің бе, көздерінде зілдей жатқан ауырды?
Атам қазақ кем болса да сүйрелеген бауырды.
Осы бір елге қонақжайлық туғаннан тән болған,
Білемісің, қазақ-қайсар, дүркіреткен дәуірді!
Түпкіл дүние еш иланбай мойындаған бұл елді
Болашаққа қадам басқан етек жиып, буып белді.
Әлемді шарласам да дамылдамай, бұл елдей,
Көрмедім еш елді еңбек еткен түріп жеңді!
Небір шебер ақындар бар әр сөзінен нәр тамған,
Бұл елде әр сәбидің туғанында нұр жауған.
Небір мықты дарындар бар әлемге шулы, атақты,
Бұл елге кел, ғажайып бар, орындалар бар арман!
Жері жатыр ұлан-ғайыр, бес елменен шектесіп,
Осы елде тұрады шуақты жұпар күнде есіп.
Кел бізге, мақтанайық, шын мәнінде қазақпен,
Тұратын баршаға айқара ашып күнде есік.
Тербелсін «қазақ»деген халқы аман ақ бесік!
ұлжан ҮКіБАевА,
филология факультетінің 1 курс студенті
Студенттер шығармашылығынан
Достарыңызбен бөлісу: |