Ґ
№ 13 (870)
қараша
2011 жыл
19
Біле жүріңіз
А
мерикадағы атаулы мейрамхананың бас аспазшысы Джорд Крамның дайындаған фри картобы келген қонаққа ұнамай,
сөз естіп қалады, оны картопты тым қалың етіп кескені үшін айыптайды. Қателігін жуып-шаймаққа ниеттенген Крам
картопты жұп-жұқа етіп дөңгелектеп кесіп, екі жағын әбден қытырлақ болғанша майға қуырып береді. Бұл қонаққа
керемет ұнап қалады. Тіпті жаңа тағам түрінің атын да қойып кетеді. «Чипсы», ағылшын тілінен аударғанда «бөлшек» деген
мағынаны береді екен. Бүгінде чипсы жасы да, жасамысы да сүйсіне жейтін жеңсік тағам түріне айналып кетті. Бірақ, оның
адам ағзасына тигізер пайдасы мен зияны қандай? Осы мәселе бүгінде көпшілікті мазалап жүргені рас.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі – дұрыс тамақтану. Дүкен сөрелерінде көздің жауын алып, қызылды-жасылды
қораптарда қаптап тұрған тағамдардың бәрі бірдей біздің ағзамыз үшін пайдалы дүние ме? Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының деректерінде, адамдар арасында ең көп кездесетін аурулардың бірі – асқазан, ішек жолдарының сырқаты делінеді.
Тіпті бесіктен белі енді шыққан екі жастағы сәбидің де асқазанында ақау бар. Мектеп оқушыларының үштен бірі «ішінің ауыра-
тынын» айтып шағымданады. Себеп – сапасыз тағамда. Қазір бізде «уақыт жоқ» деген жақсы сылтау бар, жұмыс ортасындағы
түскі үзілісте үйге барып, ыстық тамақ пісіріп ішуге «уақытымыз жоқ», дүкеннен немесе таяу жердегі асханадан оны-мұны алып
жей саламыз. Баламызды да сонымен алдарқатуды әдетке айналдырып алдық. Бүлдіршінді ертеңгісін ашқарын мектепке
жіберетін отбасылар да кездеседі, мұндайда ата-анасы берген тиын-тебенге бала жартылай фабрикат өнімдер мен газдалған
сусын алады. Асқазан осыдан бүлінеді. Кез-келген чипсының құрамында трансгенді, яғни жасанды майлар болады екен. Ал
ғылымда мұндай майлардың ағзаға еніп кері шықпай қалатыны дәлелденген.
мәжілісте көтерілген мәселе
Қоғамдағы қай мәселеден де қалыс қалмайтын Парламент
бұл тақырыпты да айналып өткен жоқ. Бірер жыл бұрын депутат
Майра Айсина тағамдық маңызы аз өнімдердің қаптап кеткенін және
оларға қойылар тосқауылдың жоқтығын Мәжіліс мінберінде айтқан
болатын. «Батыс елдері хот-дог, гамбургер, сэндвич секілді жеңіл
тағам өнімдерінен бас тартуға бел алса, ал біз ұлттық тағамдарды,
құрт, май, ірімшік, қақ, жент, айран өнімдері және тағы басқаларын
өндіруді, насихаттауды қолға алудың орнына, керісінше, фаст-
фуд тағамдарына көрсеқызарлығымыз арта түсуде, осыған үлкен
мән беру қажет. Өзіміз мектеп қабырғасында осындай жеңіл,
қытырлақ өнімдер жеп өсіп пе едік немесе қазақ дастарханының
мәзірінде балалардың денсаулығына пайдалы тағамдар болмаған
ба еді? Тағам өнімдеріне, әсіресе, балаларға арналған өнімдерге
немқұрайлы қараудың неге әкеліп соқтыратынын санамаламай-ақ
қояйын, оны мынау халқымыздың, балаларымыздың денсаулығына
қарап өзіміз-ақ көріп отырмыз. Ендігі жерде, Үкімет тиісті орталық
және жергілікті атқарушы органдарға нақты және тиімді шаралар
қабылдау үшін тағы да тапсырма беруі қажет» деген еді Майра ханым.
Рас, қазір жылдам дайындалатын фаст-фуд өнімдері мен газдалған
сусын, «қытырлақ картоптарды» мектеп асханаларында сатуға тыйым
салынды. Бірақ, бұл мәселе шешілді деген сөз емес. Асханадағы буға
піскен бәлішті жегеннен гөрі балалар мектеп жанындағы дүкендер
мен дүңгіршектерде самсап тұрған чипсылар мен «Колаларды»
алғанша асығады.
тосын тәжірибе
Украинадағы бір мектептің химия пәнінің мұғалімі Татьяна Дейнега
оқушыларымен бірге «қызық» тәжірибе жасапты. 12 егеуқұйрықты
төрт топқа бөліп қамаған мұғалім бірінші топқа «қытырлақ нан», екінші
топқа «қытырлақ картоп», кейінгілеріне тез дайындалатын тағамдарға
қосылатын Е621 қосындысымен байытылған тағам мен табиғи
астықты беріпті. Не болды деп ойлайсыз? Жиырма күннен соң...
бірінші, екінші топтағы егеуқұйрықтардың құлақтары естімей, көздері
соқыр боп, кейін тіпті өліп қалады. Зертханалық тексерулерден кейін
кеміргіштердің бауыр циррозы мен ас қорыту жүйесі жұмысының на-
шарлауынан өлгені анықталады. Үшінші топтағы, Е621 қосындысымен
байытылған тамақты жеген егеуқұйрықтар ашушаңдыққа, әлсіздікке
ұшырайды. Тек төртінші топтағы табиғи тағамдармен қоректенген
кеміргіштер ғана дін аман қалған. Мектептегі оқу кабинетінде
оқушылардың көз алдында жасалған бұл тәжірибені Украина мен
Ресейдегі бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Тәжірибе
нәтижесін, егеуқұйрықтардың аянышты халін көрген оқушылар бұған
дейін сүйсіне жеп келген тағамдарынан бас тартыпты.
е621-дің құпиясы
«Кириешки» мен «Лейзге» құмар бүлдіршіндер біздің елімізде
де көп. Әзірге оның салдарын, енді өсіп келе жатқан жас ағзаға
келтірер зиянын айтып жатқан тағы ешкім жоқ. Осы ретте биоло-
гия ғылымдарының докторы Мұрат Ғылмановтың тағамдардағы
глютоматтың мөлшерін анықтап, қайсысы зиянды, қайсысы зи-
янсыз екенін саралайтын әдіс ойлап тапқаны еске түседі. Нақты
тәжірибеге әзірге ене қоймаса да, тұқымымызды тұздай құртуы
мүмкін тағамдарды абайлап қолдануымыз үшін бұл әдістің рөлі ерек-
ше екенін бағамдауға болады. Өйткені, баспасөз беттеріне берген
сұхбаттарында М.Ғылманов айтып жүр: «Біз адамның миы қалай
шіритінін, оған не әсер ететінін анықтадық» деп. Ғалымның айтуынша,
адам ағзасында глютомат көбейіп кетсе, ол тікелей миға әсер етеді
екен. Глютомат әдетте жылдам дайындалатын тағамдарда болады,
Ұлттық тағамдарды ұлықтай алмай жүрміз немесе
«Кириешки», «Чипсы»
қайдан шыққан кереметтер?
СПорт
ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
7-10 қаза
н аралығында Литваның Рига
қаласында өткен Самбодан Әлем чемпио-
натында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың
1 курс студенті Н.Н. Серіков 60кг. салмақ
дәрежесінде жүлделі ІІІ орынды иеленді.
« Н а м ы с » с п о р т к л у б ы н ы ң
ұйымдастыруымен 27-29 қазан күндері ҚР
Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қазақ
күресінен 1993-1994 жылғы жастар ара-
сында өткен қалалық турнирге М.Өтемісов
атындағы БҚМУ-дың студенттері қатысты.
Нәтижесінде Н.Серіков (60кг.), С.Бақытжан
(66кг.), А.Ғаббасов (ауыр салмақтан жоғары)
І орын, Е.Жақсыбаев (66кг.) ІІІ орын иеленіп,
университет намысын қорғады.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ Спорт
сарайында 25-28 қазан күндері 7 командаға
бөлінген 160 спортшыны қамтыған жарыс
оздырылды. Жарыс қорытындысы бойынша
қыздар арасында экономика және басқару
факультеті І орынға, филология факультеті
ІІ орынға, жаратылыстану-математикалық
факультеті ІІІ орынға ие болса, ұлдар
арасында педагогика факультеті І орын,
жаратылыстану-математикалық факультеті
ІІ орын, тарих және құқық факультеті ІІІ
орынды өзара бөлісті. С.Гельман, Ж.Тапаева,
Ж.Бердіханова, Д.Адиев, Е.Дүкенбаев,
А.Баделов сынды жарысқа қатысушылар
«үз д і к о йыншы» н о ми н ац и я с ым е н
марапатталды.
С 3 по 7 ноября проводилось первен-
ство Кубка города по волейболу, посвящен-
ное 20-летию Независимости Республики
Казахстан. В соревнованиях принимали
участие 12 команд, в том числе и наша
команда ЗКГУ. По итогам соревнования
команда ЗКГУ заняла почетное І место, ІІ
место заняла команда ЗКАТУ, ІІІ место за-
няла команда КазТрансГаз.
Состав команды: Курдюков Алексей,
Толкачев Никита, Чурзин Николай, Адиев
Дулат, Самарканов Еркебулан, Мергали
Жалгас, Прокофьев Владимир, Хайрулин
Асет, Хаиргалиев Нурхат, Чурзин Петр.
Подготовил наших спортсменов тренер
Абдрахманов И.С.
Халықаралық студенттер күніне орай
9-10 қараша күндері жоғары және арнайы
оқу орындары арасында «Заман» ЖҚБ
ұйымдастыруымен Жәңгір хан атындағы
БҚАТУ спорт залында спорттың бес түрінен
– шахмат, дойбы, шағын футбол, гір тасын
көтеру, волейболдан жарыс өтті. Жарысқа
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дан 33 спорт-
шы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша
тамаша ойын көрсеткен біздің спортшы-
лар - шахмат жарысына М.Салаватов,
А . Ж ұ м а ғ а з и е в а , Б . С а м а р б а е в а ,
А.Бигалиевалар І орынға, тоғызқұмалақтан
М.Оразғалиев, А.Батықов, А.Айғалиева,
М.Тәжіғалиева, М.Жорытқановалар ІІ орынға,
гір тасын көтеруден А.Әбдіғалиев ІІ орынға,
Ә.Орынғалиев ІІІ орынға ие болды.
15-18 қараша күндері ҚР Тәуелсіздігінің
20 жылдығына арналған М.Өтемісов
атындағы БҚМУ студенттері арасында
баскетболдан спартакиада өткізілді. 140
спортшы қатысқан жарыс қорытындысы
бойынша қыздар арасында жаратылыстану-
математикалық факультеті құрама команда-
сы І орынға, БҚМУ колледжі құрама команда-
сы ІІ орынға, педагогика факультеті құрама
командасы ІІІ орынға қол жеткізді. Ұлдар ара-
сында тарих және құқық факультеті құрама
командасы І орынға, экономика және басқару
факультеті құрама командасы ІІ орынға,
педагогика факультеті құрама командасы
ІІІ орынға табан тіреді. Қазылардың шешімі
бойынша үздік өнер көрсеткен «Үздік байла-
ныстырушы» номинациясымен А.Баубекова,
А.Мұсахин, «Үздік ойыншы» номинация-
сымен Ф.Аманова, С.Баймұқанов, «Үздік
қорғаушы» номинациясымен А.Жұмалиева,
Т.Бақтығалиевтер марапатталды.
23 қарашада «Дене тәрбиесі» ка-
федрасы мен «Ақжайық» спорт клубының
ұйымдастыруымен «Дене шынықтыру
белсенділігі – денсаулық кепілі!» атты
дөңгелек үстел оздырылды. Бұл шараның
мақсаты - өркениетті елдің денсаулығы, хал-
ахуалы мықты болу үшін ішімдік, нашақорлық
секілді денсаулыққа кесірін тигізетін зиянды
әрекеттерден қашық жүру керектігін түсіндіру,
шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы және
әдемі болуға тәрбиелеу. Дөңгелек үстелге
қатысқан оқытушылар мен студенттер бүгінгі
жастар арасында белең алып жүрген ішімдік,
нашақорлық сынды зиянды әрекеттер жай-
ында өз ой-пікірлерін білдірді. Профессор-
оқытушы қауым студенттерге келешек
қамы үшін, елдің болашағы үшін салауатты
өмір салтын ұстану қажеттігін, жастардың
тиімді іс-шаралармен айналысу қажеттігін
ескертті.
Бұқаралық спорттық іс-шараларға
белсене қатысқан студенттер осы кеш-
те ма дақ тамалармен және бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
ондай тағамдарға жарнамасы теледидардан түспейтін қытайдың,
кәрістердің кеспелері, қатырылған сорпалар (бульон), дәмдеуіштер
кіреді. Бүгінде кез келген отбасындағы ас үйден табылатын мұндай
дәмдеуіштер, әсіресе жүкті әйелдер үшін қауіпті. Е621 деген ресми
атау таққан натрий глютоматын балалар тағамына пайдалануға тый-
ым салынған. Мұндай дәмдеуіштердің бір сиқыры, өзіне құмар қылып
қоятыны. Яғни, Е621 қосылған тағамды жеген адамның сол тағамға
келесіде тәуелді боп, тағы да жегісі келіп тұрады. Жаңа өсіп келе
жатқан жас ағзаның жүйке жүйесінің «жауы» болып табылатын бұл
химикат үлкендердің де денсаулығына кері әсерін тигізеді. Бас ауруы,
бас сақинасы, асқазанның бүлінуі, тыныс алу жүйесінің зақымдануы,
көңіл-күйдің құбылмалылығы секілді біраз «бәлелер» осы Е621-ді
шектен тыс пайдаланғаннан болады екен.
Керек кеңес
Сонымен, бұл өнімдерді пайдаланғанда неге мән беріп,
қандай ережелерді бұлжытпай орындауымыз керек? Алдымен,
сатып алған «қытырлақ нан» не «картобыңыз» салынған қораптың
сыртындағы жазуларға, этикеткасына мән беріп, оқып шығыңыз.
Сыртқы безендірілуі тым ашық, қызылды-жасылды түстері көзіңізді
қызықтыратын өнімнің бәрі бірдей керемет болуы мүмкін емес. Және
сақталу мерзімі тым көп өнімдерді де сатып алуға құмартпағаныңыз
жөн. Тағамның құрамындағы заттар тізімі қаншалықты көп болса,
оған қосылатын дәмдеуіштер де соншалықты көп деген сөз. Егер осы
«кириешкиді» сондай қатты ұнатып қалып, дәмін алмай жаныңыз жай
таппайтын халге душар болсаңыз, өзіңізді тежеуге тырысыңыз. Және
кішкентай балаларға берген жағдайда да мөлшерін сақтаған жөн.
Жартылай фабрикат саналатын өнімдердің балаларды асқазан
жарасы мен гастритке әкеліп соғатыны, ішек, асқазан жолдарын
құртатыны – жиі айтылып жүрген жайт. Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының деректерінде аурулардың 80%-ы белгілі бір
дәрежеде тамақтануға тікелей байланысты болады делінеді. Әрине,
бұл тақырыпты қозғай отырып, бәленің бәрін «Кириешкиге» үйіп
тастаудан аулақпыз. Бірақ сырттан келіп, дүкендегі сөрелерімізді
басып алған сол өнімдерге деген сұранысымыздың жылдан-жылға
көбейіп келе жатқаны – тұқымымызды тұздай құртып, бесіктен белі
шықпаған балаларымызды дертті қылудың оңай жолы емес пе деген
қаупіміз де жоқ емес. Шын мәнінде, қазақтың қара баласының қарнын
құрт пен ірімшектен, сүт пен айраннан артық тойдыратын не бар?
Жетідегі жеткіншегіміздің қолында «Кириешки» емес, құрт, «Лейз»
емес, ірімшік жүрсе қандай жақсы? Импорт боп келгендердің бәріне
имандай сеніп, ұлттық тағамдарымызды ұлықтай алмай жатқанымыз
да осындайда ойға түседі.
оқырман ой бөліседі
Гүлмира Тапалова, ата-ана: -Бір күні қызығушылығым жеңіп,
осы чипсының құрамында не болады екен, үй жағдайында картопты
қаншалықты жұқа етіп кесіп, майға қуырғаныммен бәрібір «Русская
картошка» секілді неге дәмді болмайды, құрамына не қосуым керек
деп қарап көрдім. Атауынан көз сүрінетін небір көмірсутектер мен май-
лар, тұз, дәмдеуіш, бояғыштар болады екен. Әрине, картоп пайдалы
өнім, бірақ өңделу барысында өзінің барлық құнарынан айырылады.
Түрлі дерек көздерінен іздеп жүріп білгенім, чипсының өте калориялы
тағам екендігі, 100 грамм чипсыда 510 грамм килокалорий бар. Ол
баланың күндік нормасының жартысын құрайды. Әсіресе, жазғы де-
малыста компьютердің алдынан шықпай, «Кириешки» мен «Лейзді»
«Кока Коламен» қосып жеп, тойып алып, түскі асқа тәбеті шаппайтын
балалардың сырын енді білгендей болдым.
елдана АСылХАНовА
14 ноября на факультете экономики и управления прошла конференция, по-
священная 20-летию Независимости РК и к Дню национальной валюты на тему
«Посткризисное развитие финансово-банковской системы Республики Казахстан»,
организованная преподавателями кафедры «Учет и финансы» и деканатом
факультета.
К 18-летию Национальной валюты
РеспуБлиКи КАЗАхстАН
Среди приглашенных почетных го-
стей были заместитель дирек тора
ЗКФ «Национальный Банк Республики
Казахстан» Сатыбалдина Г.К., директор
ЗКФ АО «Сбербанк России» Бурахта А.Н.,
директор представительства НПФ «Астана»
в г.Уральск Тыныбекова Г.С. Открыла конфе-
ренцию к.э.н., декан факультета Нестеренко
Г.И.
Основной целью данной конференции
было обсуждение актуальных вопросов
финансово-банковской системы в пост-
кризисный период. Докладчиками были
освещены достижения Казахстана в период
независимости.
В ходе конференции были заслуша-
ны доклады преподавателя Скок Е.А.,
ст.препод. Мустафиной А.С., а также студен-
тов специальности «Финансы» и «Учет и ау-
дит» Забесовой Д. и Исмагуловой Э. (4 курс)
- «Национальный фонд в РК в посткризисном
периоде»; Наримановой А. (2 курс) - «Тенге:
история возникновения и его устойчивость
в посткризисном периоде»; Кабделовой
М. (2 курс) - «Банктік тәуекелдерді басқару
және бағалау әдістері»; Куанышевой Г. и
Кабиевой А. (4 курс) - «Холдинг «Самрук
Казына как поддержание устойчивости
национальной экономики в посткризисный
период»; Мазитовой Г. (3 курс) - «Фондовый
рынок в посткризисный период развития
экономики».
Докладчиками была отмечена истори-
ческая значимость даты введения нацио-
нальной валюты РК – тенге, а также пути
повышения роли работников финансовой
системы в обеспечении устойчивости
экономического роста страны.
В этой связи хотелось бы сердечно по-
здравить всех работников финансовой си-
стемы с профессиональным праздником и
пожелать им крепкого здоровья, достиже-
ния всех намеченных целей, финансовой
стабильности и благополучия.
Пусть казахстанский тенге постоянно
служит на благо народа, способствует
обогащению и процветанию страны!
дана ЗАБеСовА,
студентка 4 курса ЗКГУ им. М.Утемисова