НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»



бет17/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
Практика, ИЭВ, сов.каз-1

7.2 Кванттау қателіктері

Өлшенетін шаманың деңгейі бойынша квантталуынан дискреттік қателік пайда болады, бұл қателіктің пайда болу себебі өлшенетін шаманың шексіз көп мәндері тек СӨА көрсеткіштерімен ғана шектелуімен түсіндіріледі. 7.1-суретте дискретті шаманың пайда болуы көрсетілген.


Көрініп тұрғандай, өлшеу кезінде көбінесе СӨА көрсеткіштері мен өлшенетін шамалардың мәндері арасында айырмашылықтар болады. Бұл айырмашылық дискреттіктің ∆Хд абсолюттік қателігін береді.
Дискреттік қателігі тек қана СӨА-ға тән, ал аналогтық аспаптарда болмайды. Бірақ бұл қателік аспаптың дәлдігін арттыруға бөгет болмайды, себебі квантталу деңгейін дәл таңдай отырып, дискретті қателікті өте аз мәнге кішірейтуге болады.
Бұл жерде, аналогты аспаптың есептеу құрылғысының көрсетуін жуықтау нәтижесінде пайда болатын қателіктер, сандық аспаптың дискреттік қателігімен бірдей (сәйкес) болатынын атап өту керек.
7.3 Сандық аспаптардың бөлшектері

СӨА-да электрондық элементтерді пайдаланатын бір қатар арнаулы тораптар қолданылады. Қазіргі кезде СӨА өндірісінде микроэлектроникалық бұйымдар - өте шағын, әрі сенімді функционалдық тораптар болып табылатын интегралдық сұлбалар кеңінен қолданылады.


Жалпы түрде кейбір жиі кездесетін СӨА тораптарын қарапайым түрде қарастырып көрейік.
Триггерлер (Тг) - екі тұрақты тепе-теңдіктегі күйі бар, сыртқы сигналдың көмегімен бір күйден екінші күйге секіріп өте алатын қабілеті бар құрылғы. Жаңа тұрақты күйі басқа сыртқы сигнал келіп, оны өзгерткенше сақталады.
Қазіргі уақытта СӨА-да күйлері шығыстық түйіспелердің потенциалдық деңгейімен айрықшаланатын, потенциалды деп аталатын триггерлерді қолданады. СӨА-да қолданылатын триггерлер жартылай өткізгіш элементтерді (транзисторларды, диодтарды) резисторларды, конденсаторларды пайдалана отырып жасалынады.
7.2-суретте триггердің үш көрінісі бейнеленген: нөлдік Х0, бірлік Х1, санақ кірмесі СК, және екі шығысы: нөлдік У0 және бірлік У1.



7.2-сурет. Триггердің үш көрінісі


Басқару импульсі Х0 кіріске келіп түскенде триггер "1" -ші жағдайында болады да, ал импульс Х1 кіріске түскенде "0" жағдайда болады. "0" жағдайында болғанда шығыстағы потенциал у0 төмен, ал у1 шығысындағы потенциал жоғарғы болады "0" жағдайында у0 шығысында потенциал жоғары, ал у1 шығысында потенциал төмен болады.


Басқару импульсін санақ кірісінде берген кезде триггер әр импульске байланысты бір күйден екінші күйге өтеді. Сонымен қатар триггерлердің басқа түрлері де қолданыс табуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет