НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»


Электрлік шамаларды өлшеу түрлері



бет28/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
Практика, ИЭВ, сов.каз-1

11.2 Электрлік шамаларды өлшеу түрлері

Физикалық шамаларды өлшеудің келесі түрлері бар: тікелей және жанама.


Тікелей өлшеудің теңдеуі мынадай өрнекпен анықталады:


, (11.1)

мұндағы - өлшенетін шама; - өлшенетін шаманың сандық мәні; ХӨ.Б. - өлшенетін шаманың өлшем бірлігі.


Тікелей өлшеу кезінде іздеп отырған шаманың мәнін аспаптардың көмегімен тікелей өлшеу арқылы анықтайды.


Жанама өлшеу кезінде іздеп отырған шаманың мәні басқа бір шамалардың тікелей өлшенген мәні арқылы, осы екі шаманың арасындағы белгілі тәуелділікті пайдалана отырып анықталады.
Жанама өлшеудің теңдеуі мынадай өрнекпен анықталады:


, (11.2)

мұндағы АХ - өлшенетін шама; Х1, Х2,..., Хп - тікелей өлшеудің көмегімен алынған өлшенетін шаманың мәндері.




11.3 Резистордың кедергісін жанама өлшеу

Резистордың кедергісін жанама өлшеудің екі сұлбасы болады (11.1-сурет).


11.1-суретте келесі белгіленулер қабылданған: - амперметрдің ішкі кедергісі, - вольтметрдің ішкі кедергісі, - белгісіз кедергі.
Кедергіні 11.1, а-сұлба бойынша өлшеу кезінде, амперметр кедергінің бойынан өтетін токты көрсетіп қоймай, вольтметр арқылы өтетін токты да көрсететіндіктен қателік пайда болады.
Кедергіні 11.1, б-сұлба бойынша өлшеу кезінде, вольтметр кедергінің бойынан өтетін кернеуді көрсетіп қоймай, амперметр арқылы өтетін кернеуді де көрсететіндіктен қателік пайда болады.



11.1-сурет. Кедергіні жанама өлшеу сұлбасы

Осы қателіктерді ескере отырып, өлшеуіш аспаптардың көрсетуі бойынша кедергінің нақты мәні Rнақ төмендегі формула бойынша анықталады:


- 11.1, а-сұлбасы үшін:


(11.3)
- 11.1, б-сұлбасы үшін:


(11.4)


Осыдан 11.1, а-суретте көрсетілген сұлба бойынша аз шамалы кедергіні өлшегенде аз қателікті беретінін, ал 11.1, б-суретте көрсетілген сұлба бойынша үлкен шамалы кедергіні өлшегенде аз қателікті беретіндігі анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет