НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»



бет29/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
Практика, ИЭВ, сов.каз-1

Әдістемелік ұсыныстар

1. Электрлік өлшеу әдістерін қарастырғанда тікелей бағалау әдісін және салыстыру әдісін қолдану ерекшеліктеріне назар аудару.


2. Өлшеу түрлерін қарастырғанда тікелей және жанама өлшеу түрлерін қолдану ерекшеліктеріне назар аудару.
3. Резистордың кедергісін жанама өлшеу әдісін оқу кезінде аз және үлкен кедергілерді өлшеу үшін әртүрлі сұлбаларды пайдалану себептеріне көңіл бөлу керек.


Өз бетінше дайындалуға тапсырмалар

1. Жанама өлшеу әдісінің теңдеуімен танысу.


2. Электр кедергісін жанама өлшеу әдісін оқып үйрену.
3. Екі сұлба үшін электр кедергісінің нақты мәндерін анықтау формулаларын тұжырымдауды оқып үйрену және білу (11.1-сурет).
4. Аз және үлкен кедергінің R мәндерін өлшеу үшін жанама өлшеуде неліктен екі тізбектің қолданылатынын зерттеу.


Бақылау сұрақтары:



  1. Аз кедергіні жанама әдіспен өлшеу кезінде кедергінің нақты мәнін қандай формуламен анықтайды?

  2. Үлкен кедергіні жанама әдіспен өлшеу кезінде кедергінің нақты мәнін қандай формуламен анықтайды?

  3. Кедергіні R жанама өлшеу кезінде неліктен аз мәнді және үлкен мәнді кедергілерді өлшеу үшін екі сұлба пайдаланылатынын түсіндіріңдер.

  4. Электр кедергісін жанама өлшеу кезінде қандай формула пайдаланылады?

  5. Тікелей бағалау әдісін және салыстыру әдісін қолдану ерекшеліктері.

12-тәжірибелік сабақ
Индуктивті катушканың индуктивтілігін және конденсатордың сыйымдылығын жанама өлшеу


Сабақ жоспары

12.1 Өлшеу аспаптарын қосу сұлбасының индуктивті катушкалардың үлкен және аз индуктивтілігін жанама өлшеу ерекшеліктерін зерттеу.


12.2 Конденсаторлардың үлкен және аз сыйымдылықтарын жанама өлшеу ерекшеліктерін, өлшеу аспаптарының қосылу сұлбасын зерттеу.


12.1 Индуктивті катушканың индуктивтілігін жанама өлшеу

Индуктивті катушканың индуктивтілігін жанама өлшеу 12.1-суретте көрсетілген сұлба бойынша амперметр мен вольметрдің көмегімен жүзеге асырылады.





12.1-сурет. Индуктивті катушканың индуктивтілігін жанама өлшеу


Омметрдің көмегімен өлшенетін катушканың активті кедергісін RК белгілі деп аламыз. Сұлбаға айнымалы кернеу көзінен синусоидалы кернеу беріледі. Катушканың индуктивтілігін келесі реттілікпен жүргіземіз. Алдымен амперметр мен вольтметрдің көмегімен ток пен кернеуді өлшеп аламыз да, катушканың толық кедергісін ZК есептеп шығарамыз:


. (12.1)

Катушка индуктивтілігінің іздеп отырған шамасы келесі формула бойынша анықталады:




(12.2)

Индуктивті катушканың индуктивтілігін жанама анықтау үшін келесі реттілікті сақтау керек:


- жиілікті 50 Гц тең деп алу;
- амперметрмен токты өлшеу;
- вольтметрмен кернеуді өлшеу;
- формуласы бойынша катушканың толық кедергісін анықтау;
- индуктивті катушканың активті кедергісін омметрмен өлшеу;
- формуласы бойынша индуктивті катушканың индуктивтілігін анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет