Дәрігер стоматологтың орналасу қалпы:науқастың оң және алдыңғы жағында, сол қол саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекітеді (І саусақ-таңдайлық беткейінен, ІІ саусақ – ерін жағынан)
Науқастың қалпы:науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басы басқойғышқа қойылған, аузы ашулы, жоғарғы жақсүйек тістері дәрігердің иық буыны деңгейінде орналасады.
3
Өтпелі қатпар бойымен кілегей қабықты тілу:альвеолярлы өсіндіге скальпельді 45градуста ұстап тұрып, кілегей - кілегейасты қабат - сүйектысы деңгейінде тілік жасайды, тіліктің ұзындығы 3 тіс көлемінде, себепші тіс ортасында..