51-сурет. Инфарктінің беріштенуі ( организация
): а — бүйректегі инфаркт тыртықтанып жазылған жерлері
ойыстау; б — талақтағы тыртықтанған инфаркт аймағы (лупа).
Инфарктінің организм үшін ең қолайсыз ақырының бірі –
іріңдеп жиду ;
әдетте ол сепсистік тромбылық-бактериялық эмболияның салдары ретінде
дамиды.
Инфарктінің маңызы организм үшін өте зор, өйткені ол – ишемиялық
некроз. Некроздың организмге әсері жайлы жоғарыда айтылғанның бәрі
инфарктіге де қатысты. Дегенмен, инфаркт жүрек-тамыр ауруларының ең жиі
және аса қатерлі зардаптарының бірі екенін атап өткен жөн. Әсіресе,
атеросклероз бен гипертония ауруының орны ерекше. Себебі атеросклероз бен
гипертония ауруы кезіндегі инфаркт көбіне өмір сүру үшін өте маңызды
мүшелерде, яғни жүрек пен мида дамиды; оның кенеттен болатын өлім мен
мүгедектік пайызының өсуіне үлкен әсері бар. Сондықтан миокард
инфарктісінің медициналық және әлеуметтік зардабын ескере келе, ол дербес
ауру –
жүректің ишемиялық ауруы деп танылды.
Некроздың ақыры организм үшін жайлы болса, өлі тіннің айналасында оны
шектейтін реактивтік қабыну өрбиді. Бұл қабыну –
демаркациялық қабыну деп,
ал шектейтін аймақ,
демаркациялық аймақ деп аталады. Осы аймақтың қан
тамырларын қан кернеп, кеңітеді, тіні су сіңіп ісінеді. Көбейген лейкоциттер
гидролиздік ыдыратқыш ферменттер бөліп, өлексені жидітіп, сіңіреді. Кейін
дәнекер тіндік жасушалар көбейіп, некроз ошағы мен оның айналасын дәнекер
тін түгел жайлайды. Өлексені дәнекер тін жайласа, оны
беріштену (организация) деп атайды. Некрозды ошақта тыртық пайда болады (51-
суретті
қара
). Некроз ошағының айналасы дәнекер тінмен қоршалып қабықтанады
(
инкапсуляция; 52-сурет). Құрғақ некроз өлексесі мен өлі ошаққа кальций
тұздары шөгіп,
ізбестенеді (
петрификация ) («
Минералдық дистрофияларды »
қара
»). Кейде өлі аймақта сүйек түзіледі (
оссификация ). Тіндік өлексе тарап,