Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет113/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
103
қуысты шектейтін қабық қалыптаса келе, әдетте ылғалды некроз ошағында, 
көбінесе мида, жылауық пайда болады (50-
суретті
қара
). 
52-сурет. Фиброзды қабықпен қоршалған (
инкапсуляция
) некрозды аймақ (
төменде
). 
Некроздың организм үшін ең қолайсыз ақыры — 
өлі ошақтың іріңдеп жидуі; 
мысалы, сепсис кезіндегі инфаркт ошағының іріңдеп жидуі. Құрсақта дамудың 
алғашқы кезеңдеріндегі некрозды мүшеде, оны толық немесе бір бөлігін 
қамтыған кемістік қалыптасады. 
Некроздың маңызы
оның негізгі мәнімен сабақтас, өйткені бұл «жергілікті 
өлім» маңызды мүшелерде дамыса, адам көбіне қаза болуы да мүмкін. Бұл 
жағдайға мидың ишимиялық некрозы, бүйректің қыртыстық қабатының 
некрозы, бауырдың өршімелі некрозы, жедел панкреонекроз ұшыратады. 
Әдетте, өлі тіннің әсерінен бірқатар аурулар ауыр зардапты асқынып (жүректің 
миомаляциядан жарылуы, гипертониялық инсульттен паралич дамуы, 
жауырдың инфекциялық аурумен асқынуы, ж.б.), оның өнімдері (мысалы, 
аяқтың гангренасында) организмді улайды. Өлі тін іріңдеп жидісе, кейде 
төңірегіндегі сірі қабықшалар қабынып, қан кетеді, сепсис дамиды. Ақыры 
организм үшін қолайлы болғанның өзінде маңызды мүшені зақымдаған 
некроздың (мидың жылауығы, миокард тыртығы) зардабы біраз. 
Өлім, оның бейнесі. Өлгеннен кейінгі өзгерістер 
Өлім

биологиялық ұғым; организмнің тіршілік әрекеті қайтымсыз тоқтайды. 
Адам өлісімен өлі денеге, яғни мәйітке, кейін мүрдеге (
cadaver
) айналады. 
Дамытқан 
себебіне
қарай, өлім табиғи (физиологиялық), зорлықтық және 
аурулық түрлерге бөлінеді. 
Табиғи өлім
қарттар мен көп жасағандардың организмінің табиғи 
(физиологиялық) тозуының нәтижесінде орын алады (
физиологиялық
өлім
). 
Адам өмірінің табиғи ұзақтығы әлі белгісіз, дегенмен біздің планетада ұзақ өмір 
сүргендердің өмірінің мерзіміне сүйенсек, ол 150 жыл, одан да астам сияқты. 
Кәрілік пен қартаю мәселесіне ерекше назар – түсінікті жайт. Бұл мәселемен 
медицина мен биологияның дербес саласы — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет