Нуржігіт Алтынбеков
102
Қанмен қамтамасыз етілуі қалпынан тайып, функциялық күш түскен мүшеде,
әдетте жүректе, дамитын инфарктіге де
коллатеральдардың жедел
жеткіліксіздігі себеп болады. Қан іркілген венада тромб түзілген кезде дамитын
веналық инфаркті
де анастомоздар мен коллатеральдар жеткіліксіздігінен
туындайды. Инфарктінің қалыптасуына ишемиялық
инфарктіні дамытатын
тіндік зат алмасуыдың
, яғни метаболизмдік ахуалдың да әсері зор. Инфаркт
дамыған мүше мен тіндерде заталмасулық үдеріс,
әдетте қалыпты деңгейде
болмайды; өйткені қанайналымы бұзылып, гипоксия дамиды. Тек магистрал
артериялар
бітелген кезде ғана, қанайналымдық өзгерістер мен тіндік
метаболизм бұзылмаса да, инфаркт дами береді.
Инфарктінің
ақыры
, оның дамуына себеп
болған факторлар мен оны
асқындыратын аурулардың ерекшеліктеріне, қалыптасқан организм мен
мүшенің ахуалына және некроздың ауқымына байланысты.
Ұсақ ишемиялық
некрозды ошақ аутолиз дамып, кейін толық қалпына келеді. Құрғақ некрозды
инфарктінің
ақыры
көбінесе
қолайлы;
тыртықтанып
,
беріштенеді
(
организация;
51-сурет). Геморрагиялық
инфаркт беріштенгенде, әдетте
петрификат түзіледі немесе гемосидероз байқалады. Колликвациялық некрозды
инфарктінің (мысалы, мида) орнында жылауық қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: