Нуржігіт Алтынбеков
192
Электрондық мироскоппен зерттегенде ультрақұрылымдық атипизммен бірге,
ісіктік жасушалардың арнаулы,
яғни жоғары, орташа, төмен дәрежелі
толысу
деңгейі де анықталады.
Жоғары дәрежеде
толысқан ісіктік жасушаларға әртүрлі дәрежеде толысқан
жасушалар типі араласады (мысалы, өкпе карциномасында І және ІІ типті пневмоцит,
кірпікшелі немесе шырышты жасушалар).
Орташа дәрежеде
толысқан ісікте
жасушалардың бір-ақ типі немесе гибрид-жасуша болады (мысалы, өкпе карциномасы
тек қана пневмоцит
немесе шырышты жасушар, кейде пневмоцитке де, шырышты
жасушаға да тән ультрақұрылымдары бар гибрид-жасуша).
Төмен дәрежелі
ісіктің
кейбір жасушаларында толыспағандағы ультрақұрылдымдық нышандардың бірен-
сараны ғана кездеседі.
Толысқан ісіктік жасушалар тобындағы электрондық микроскоппен
анықталатын арнаулы ультрақұрылымдық нышандардың,
яғни толысу
нышандарының айқындық дәрежесі біртекті емес: ісіктік жасушаның кейбіреуі
сол типтің қалыпты элементімен ұқсас болса, енді біреуінен, жасушаның нақты
бір типіне тән арнаулы нышандар табылады.
Ісіктің нақты диагнозын анықтау үшін электрондық микроскоппен зерттеп,
ісіктік жасушаның толысу дәрежесін дәйектеудің маңызы зор. Ісіктік
жасушаның ультрақұрылымын талдау қатерлі ісікте толыспаған түпкі және
ізшар жасушалар басым болатынын көрсетті.
Ісікте толысқан жасушалар
көбейсе және олардың толысу дәрежесі үдесе, онда ісік жетіліп, қатерлілік
дәрежесінің төмендегені.
Биохимиялық
Достарыңызбен бөлісу: