Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет215/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
189
әр жеріндегі көрсеткішінде айырмашылық өте зор. 
Ісікпен 
сырқаттанудың ең жоғары көрсеткіші - әр 100 000-ға 242,3–361,1 – 
Италияның, Францияның, Данияның АҚШ-тың, Бразилияның кейбір 
аудандарында. 
Еуропада сырқаттану және өлім-жітім көрсеткіші бойынша өкпе 
карциномасы мен асқазан карциномасы алда. АҚШ-та сырқаттану 
көрсеткішінде өкпе карциномасы, қуықасты безінің карциномасы, тоқ 
ішек пен көтен ішектің карциномасы, ал әйелдер арасында – сүт безінің 
карциномасы, тоқ ішек пен көтен ішектің карциномасы, жатырдың 
ісіктері алдыңғы орында. Азия мен Африкада қатерлі лимфома
бауыржасушалық және кеңсірік-жұтқыншақтық карциноманың үлесі 
басым. 
КСРО-да 1986 жылы қатерлі ісікпен сырқаттанғандар саны 641 000 (әр 
100000 тұрғынға 191,0) болған. 544 000 науқастың арасында –18%-ы 
асқазан карциномасымен, 14,3%-ы өкпе карциномасымен, 11,3%-ы тері 
карциномасымен, 7,4%-ы сүт безі карциномасымен ауырған. 371000 
өлгендердің – 23,7%-ы асқазан карциномасынан, 18,5%-ы өкпе 
карциномасынан, 5,4%-ы сүт безі карциномасынан қайтыс болған. 
Ісіктерді 
онкология
(грекше: 
onkos

ісік) зерттейді. Патологиялық анатомия 
ісіктің құрылысын, шығу тегін, гистогенезі мен морфогенезін сипаттап, 
классификациясын бір жүйеге келтіріп, оларды тіршілікте және өлгеннен кейін 
анықтау және қатерлілік дәрежесін дәйектеу мәселелерімен айналысады. Бұл 
мақсатта заманауи гистологиялық және цитологиялық әдістер қолданылады (93-
сурет). 
93-сурет. Карциноманың пунктаты. Атипиялы жасуша. 
Ісіктің құрылысы. Ісіктік жасушаның ерекшеліктері 
Ісіктің 
сыртқы пішіні 
әртүрлі. Оның бітімі (формасы) түйін сияқты, 
сыңырауқұлаққа немесе түсті қырыққабатқа ұқсас болуы мүмкін; ал үсті тегіс, 
бұдырлы немесе бүртікті болып келеді. Ісік мүшені толық жайлап, диффузды 
өсуі мүмкін (94-сурет) немесе кілегейлі қабықшасында жайғасып, сабақпен 
жалғасқан бүртік (полип; 95-сурет) тғзеді. Ісік қуыссыз мүшенің қабығына 
қарай өсе келе, оны бұзып, үстіңгі бетіне жайылып, кейде қан тамырларын жеп 
(аррозия), ішке қан кетіреді. Ісікте некроз дамып, үсті ойылып, жара жиі 
қалыптасады (
карциномалық
ойық
жара
). Ісіктің кесінідісінің беті, әдетте 
біртекті ақшыл бозғылт немесе бозғылт қызылдау болады, тіні балық етіне 
ұқсайды. Қан құйылып, некроз ошақтары пайда болса, көбіне кесіндісінің беті 
шұбар болады, кейде талшықты жолақтар түзіледі. Кейбір мүшеде (мысалы, 
аналық бездегі ісік) ішіне сұйықтық немесе жалқаяқ жиналған жылауықтар 
(киста) қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет