Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет223/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   832
Байланысты:
струков патан

малигнизация
(лат.: 
malignum 

 
қатерлі), яғни қатерлілену байқалуы 
мүмкін. 
Қатерлі, 
яғни
жетілмеген ісік
шамалы немесе мүлде толыспаған 
жасушалардан құрылып, өзі туындаған тінге (мүшеге) ұқсастығын жоғалтады 
(
гетерологиялық
ісік
). Олардың органтиптік және гистотиптік қана емес, 
цитотиптік те толысуы ауытқиды. Бұл ісіктерге тіндік атипизмге қоса, 
жасушалық атипизм де тән. Олар инфильтрациялы жайылып, жылдам өседі. 
Қатерлі ісіктердің толысқан (аса, орташа және шала толысқан) – қатерлілеу 
және толыспаған – өте қатерлі түрлері болады. Ісіктің толысу дәрежесін 
анықтаудың сол ісіктің қатерлілік дәрежесінің, яғни даму беталысының 
болжам жасау
(прогноз) үшін клиникалық маңызы өте зор. Қатерлі ісіктер, 
әдетте жиі 
қайталанып
(рецидив), өскен жерін қатты зақымдап, зардабы бүкіл 
организмге ауыр болады. 
Метастаздану
– ісіктік жасушаның қан немесе лимфалық тамырға өтіп, 
эмболға айналып, негізгі түйінінен үзіліп, қан немесе лимфа ағысымен барып, 
мүшенің капиллярларында немесе лимфалық түйіндерде бөгеліп, көбеюі. 
Лимфалық түйіндерде, бауырда, өкпеде, мида, т.б. мүшелерде ісіктің жаңа 
түйіні, яғни 
метастаз
осылай қалыптасады. Ісіктік эмболдың (қан немесе 
лимфа ағысындағы) бәрінен бірдей метастаз дами бермейді; өйткені 
метастаздың 
қалыптасуына 
«метастаздануға 
бейім 
жасуша» 
және 
«метастаздануға бейімсіз жасуша» деп аталатын фенотипі ортақ ісіктік 
жасушалардың өз арасында да әртүрлі дәрежеде болатын ерекшелік әсер етеді. 
Айналымдағы ісіктік жасушалар рецепторлық жүйелері арқылы метастаз 
қалыптастыруға болатын мүшенің қан немесе лимфалық тамырын «таңдайды». 
Метастаздар гематогендік, лимфогендік, имплантациялық және аралас 
жолмен жайылады. Қатерлі ісіктердің бір тобы (мысалы, саркомалар) негізінен 
қанның ағысымен – 
гематогендік
метастаздар
жайса, енді бір тобы, (мысалы, 
карцинома) – лимфаның ағысымен лимфалық түйіндерге – 
лимфогендік
метастаздар
таратады. Ісіктік жасуша ісік түйінінің төңірегіндегі сірі 
қабқшаларды қуалай, 
жабысып
, – 
имплантациялық
жолмен жайылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет