антигендік атипизмі оның өзіне ғана тән бірқатар антигендер арқылы
анықталады. Ісіктік антигендердің (Абелев Г.И.,1974): вирустық ісік антигені;
концерогендік ісіктер антигені; изоантигендердің трансплантанттық типі;
эмбриондық антиген; гетерооргандық антиген деп аталатын түрлері бар.
Вирустық ісіктердің антигендері ісік жасушасынан туындағанмен ДНҚ және РНҚ-
лы вирустардың геномымен детерминантты; бірақ ісіктік жасушаның заты. Олар
вирустық ісіктердің бәріне тән ядроның мембраналық антигендері.
Канцерогендік ісіктердің антигендері әр ісікке және сол ісік дамыған әр организмге тән болады.
Трансплантациялық типті изоантигендер онкарновирус индукциялаған ісіктерден
табылады (лейкоз, сүт безінің карциномасы, т.б.).
Эмбриондық антигендер –
организмнің эмбриондық кезеңіне ғана тән, постнатал кезеңде болмайтын ісіктердің
антигендері. Ол антигендер тобына: бауыржасушалық карцинома және аталық бездің
эмбриондық карциномасынан табылатын α
1
-фетопротеин; нейробластома мен қатерлі
лимфомалы баладан анықталатын α
2
–фетопротеин; ішек пен ұйқы безі карциномасында
болатын карцин-эмбриондық антиген жатады.
Гетерооргандық антигендер –
ісік
дамыған мүшеге сәйкес келмейтін органспецификалық антигендер (мысалы, бауыр
карциномасындағы спецификалық бүйрек антигені, немесе, керісінше, бүйрек
карциномасындағы бауыр антигені). Ісік жасушаларында атипиялық антигендерден
басқа, типтік түрспецификалы, органспецификалы, изо-және басқа да антигендер
болады.
Толыспаған қатерлі ісіктерде
антигендік қарапайымдану байқалады. Бұл
эмбриондық антиген түзілуі сияқты ісік жасушасының катаплазиясын
көрсетеді. Типтік және атипиялық антигендерді иммунгистохимиялық
тәсілдермен (моноклондық антиденені қолдану) анықтау ісіктердің диагнозын
қою және олардың гистогенезін айқындау үшін пайдаланылады.