Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет224/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
196
Көбіне метастаздың құрылысы негізігі түйіндегідей болады. Метастаздағы 
жасушалар да негізгі түйіннің жасушалары түзетін экскреттер мен инкреттерді 
бөліп шығара алады. Дегенмен, ісіктің алғашқы түйініне қарағанда, 
метастаздағы жасушаның толысу дәрежесі төмен де, керісінше, одан жоғары 
катаплазиялы да болу мүмкін. Ондайда метастаздың гистологиялық құрылысы 
арқылы ісіктің алғашқы түйінінің тегі мен даму орнын анықтау өте қиын. 
Метастаздың біразында салдарлық өзгерістер де (некроз, қан құйылу, ж.б.) 
байқалады. 
Метастаздану мерзімі, әдетте әртүрлі. Бірде – метастаздар алғашқы түйін 
түзілісімен бір кезде пайда болса, енді бірде, 1-2 жылдан соң қалыптасады. 
Алғашқы түйінді толық алып тастағаннан кейінгі бірнеше (7-10) жылдан соң, 
кешеуілдеп дамитын латенттік, яғни жасырын деп аталатын метастаздар да 
кездеседі. Ондай метастаздар, әсіресе сүт безінің карциномасына тән. 
Ісіктің рецидиві
(қайталануы) – хирургиялық тәсілмен немесе сәулелік 
терапияны қолданып жойғаннан кейін, ісіктің сол жерде қайта пайда болуы. Ісік 
өзінің қалыптасқан аймағында, яғни ісіктік алаңда қалып қойған жекелеген 
жасушалардан өнеді. Кейде ісік бұрынғы түйінге жақын жерде орналасқан, 
операция жасағанда толық алынбаған лимфогендік метастаздардан да қайта 
туындайды. 
Ісіктің организмге жалпы және жергілікті 
әсері
бар. 
Жергілікті
 
әсері
 
ісіктің 
сипатына байланысты: қатерсіз ісіктер төңірегіндегі тіндер мен мүшелерді 
қысып, ығыстырады, ал қатерлі ісіктер бұзып, қатты зақымдап, организмді ауыр 
зардапқа ұшырады. Организмге 
жалпы 
әсер, әсіресе қатерлі ісіктерге тән; 
заттар алмасуы бұзылып, кахексия дамиды. Мысалы, қатерлі ісіктің әсерінен 
қандағы ферменттердің белсенділігі өзгеріп, белоктар мен липидтер азаяды, 
эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ - СОЭ) өсіп, анемия, т.б. үдерістер 
орын алады. 
Өскен жерін зақымдайтын, яғни 
жергілікті
деструкциялы
ісіктер
қатерсіз де, 
қатерлі де болуы мүмкін; инфильтрациялы өсуге бейім болып, метастаз да 
жаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет