Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет227/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
198
Ісіктің гистогенезі 
Ісіктердің
гистогенезі
– оның тіндік тегін бейнелейді. Ісіктердің 
гистогенезін анықтаудың, морфологиялық диагнозды дұрыс қою үшін ғана 
емес, дәлелді, әрі тиянақты емдеу үшін де үлкен практикалық маңызы бар. 
Түрлі тіндерден өнген ісіктердің сәулелік терапия мен химиялық препараттарға 
сезімталдығы әртүрлі екендігі белгілі. 
Ісіктердің гистогенезі мен ісіктердің гистологиялық құрылысы деген 
ұғымдардың мәні бірдей емес. Ісіктердің құрылысы белгілі бір тінге 
ұқсағанымен, оның гистогенезі басқа тінмен байланысты болуы мүмкін. 
Өйткені онтогенезде жасушаның құрылымдық бейнесі өзгеруге бейім
сондықтан оның морфологиясы сол өзгерістерге сәйкестенеді. 
Ісіктің гистогенезі морфологиялық тәсілдермен жасушаларының құрылысын 
зерттеу және сол ісік туындаған мүше немесе тін жасушаларының онтогенездің 
әр кезеңдегі бейнесімен салыстыру арқылы анықталады. Толысқан 
жасушалардан құрылған ісіктің гистогенезін анықтау онша қиын емес, бұл 
ісікте бастау болған тін мен мүше жасушаларымен ұқсастық айқын сақталып 
қалады. Толыспай, ұқсастығын жоғалтқан, жетілмеген жасушалардан түзілген 
ісіктің гистогенезін анықтау өте қиын, кейде тіпті мүмкін емес. Сондықтан 
гистогенезі анықталмаған ісіктер әлі де бар, бірақ электрондық микроскоп, 
иммундық гистохимия, гисто – және цитоферменттік химия, әсіресе тіндер мен 
тіндік құрылымдарды эксплантациялау сияқты жаңа тәсілдерді қолданып 
зерттеудің арқасында олардың саны азайып келеді. Электрондық микроскоп 
және тіндік культура (тінді организменен тыс өсіру) тәсілімен жинақталған 
деректер организмнің жасушалары ісікке айналғанда да фило – және 
онтогенездегі арнаулы қасиеттерін жоғалтпайтынын көрсетті. 
Ісіктер, әдетте, тіндермен мүшелердің жасушалары көбейіп, регенерациясы ең 
жанданған, 
пролиферациялы өсу орталықтары
деп аталып жүрген жерлерінде 
қалыптасады. Бұл жерлерде толысуы кемшін камбийлік элементтер (түпкі, шала 
түпкі жасушалар, бластылар, ізашар жасушалар) ұшырасады және дисплазиялы 
жасушалардың, ісікке айналуына қолайлы жағдайлар жиірек туындайды. 
Әлгіндей орталықтар тамырлардың төңірегінде, көпқабатты жайпақ 
эпителийдің базал аймағында, кілегейлі қабықшалардың крипталарында 
байқалады. Эпителийі метаплазиялы жерлерде ісік дамуы мүмкін; ол жерлерде 
толыспаған жасушалар пайда болып, катаплазиялық нышандар қалыптасады. 
Ісік кейде эмбриогенезде бөлініп қалған ұрықтық тіндерден, тіндік 
дистопиялардан өнеді. 
Дериваттары қалыптасқан ұрықтық жапырақшалардың тегіне қарай, ісіктер: 
эндо-, экзо– және мезодермалық
деп жіктеледі. Екі немесе үш ұрықтық 
жапырақшаның дериваттарынан түзілген ісіктер – 
аралас
ісіктер
деп аталады 
және тератомалар мен тератобластомалар тобына жатады (грекше: 
teratos
– 
ғажап, керемет). Ісіктер дамығанда 
тіндердің арнаулы өнімділік заңы
сақталады, яғни эпителий ісіктері эпителийден ғана дамыса, бұлшықет ісіктері – 
біріңғай немесе көлденең салалы бұлшықеттен, жүйкелік ісіктері – әртүрлі 
жүйкелік жасушалардан, сүйек ісіктері – сүйек тінінен және с.с. өнеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет