Ісіктің қалыптасуы , яғни ісікалдылық өзгерістердің ісікке ұласуы әлі
жеткілікті зерттелмеген. Эксперименттік деректер негізінде, ісіктің дамуының
мынадай жорамал тәсімі ұсынылған: а) регенерацияның бұзылуы; б)
гиперплазиялы, дисплазиялы ісікалдылық өзгерістер; в) пролиферациялы
жасушада сатылай қалыптасатын малигнизация (қатерлілену); г) ісіктік
бастаманың қалыптасуы; д) ісіктің прогрессиясы. Бұл тәсім Л.М.Шабад
ұсынған тәсімге ұқсайды.
Соңғы жылдары ісікті сатылай даму тұрғысынан пайымдайтын В.
Уиллис (1953) ұсынған «ісіктік алаң» теориясы кең қолдау тауып отыр.
Бұл теория бойынша, мүшелерде көптеген өсу нүктесі, яғни ісік алаңын
түзетін пролиферат ошақтар қалыптасады. Бірақ пролиферат ошақтың
ісікке айналып, қатерлілену үдерісі орталықтан шетке қарай әлгі ошақ
тұтас бір түйінге айналғанша, біртіндеп өрістей береді. Дегенмен, бірден
көп ошақтар бірігіп, тұтаса өсіп қалыптасуы да мүмкін. Бұдан Уиллистің
теориясы ісіктің қалыптасу кезеңінде аппозициялық өсу, яғни қалыпты
жасуша ісік жасушасына айналып барып, көбейеді деп тұжырымдайтыны
байқалады. Сөйтіп, «ісіктік алаң толық жұмсалып» болғаннан соң ғана
ісік өзінің құрылымдық негізін іске қосып, «өзі өзінен» өседі. Бұл теория
–
пікірталасты теория екенін аңғару қиын емес.
Ісіктің қалыптасуына эпителий-дәнекер тінаралық әрекеттестік бұзылуының
әсері күмәнсіз. Эпителийдің өсуі оның астындағы дәнекер тіннің құрылым-
қызметтік қалпына байланысты болатынын В.Г. Гаршин дәлелдеген-тін (1939).
Қалыпты жағдайда эпителий ешқашанда жетілген дәнекер тіннің арасына
жайылып өспейді, тек оның үстіне ғана жайыла береді. Эпителийдің өзінің
астындағы тінге жайыла өсуі эпителий–дәнекер тін жүйесі қалпынан тайғанда
ғана
байқалады;
бұл
–
эпителийдің
өз
органтиптік
қасиеттерін
жоғалтқандығының белгісі.