Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Фибромиоманың жатырдағы түйіні (



Pdf көрінісі
бет253/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   832
117-сурет. Фибромиоманың жатырдағы түйіні (
кесілген
). 
Рабдомиома
– эмбриондық бұлшықет талшықтары мен миобластыларға ұқсас 
көлденең жолақты бұлшықет жасушаларынан дамитын ісік. Рабдомиома даму 
барысы бұзылған тіндерден және тума кемістіктермен тіркестікте қалыптасады 

Балалық шақ ауруларын
» 
қара
). Мидың қалыптасулық кемістігіне (тубероздық 
склерозға) қосарлана дамыған миокардтық рабдомиома осыған мысал. 
Түйіршік-жасушалы ісік 
(
Абрикосов ісігі)
– әдетте, қабықпен шектелген, 
көлемі кішкентай ісік. Ол тілде, теріде, өңеште дамиды. Оны тығыз жайғасқан, 
цитоплазмасы ұсақ түйіршікті, майсыз жұмыр пішінді жасушалар құрайды 
(118-
сурет
)
. А.И. Абрикосов 1925 жылы бұл ісікті сипаттағанда, оны 
миобластылардан өнеді деп жорамалдаған еді, бірақ соңғы жылдары даму көзі 
гистиоциттер немесе жүйкелік тін деген пікір айтылып жүр.
118-сурет. Түйіршік-жасушалы ісік (
Абрикосов ісігі
). 
Гемангиома
 
– дисэмбриоплазиялық және бластомалық жаңа құрылымдарды 
қамти сипаттайтын жалпылама ұғым. Оны капиллярлық, веналық, каверналы 
гемангиома және қатерсіз гемангиоперицитома деп бөледі. 
Капиллярлық 
гемангиома
теріде, асқазан-ішек жолының кілегейлі қабықшасында, бауырда 
орналасады. Балаларда жиірек байқалады. Ол – қызыл немесе көкшіл түсті, үсті 
тегіс, бұдыр немесе бүртікті түйін. Гемангиоманың бұл түрі базал мембрана мен 
эндотелий жасушаларының бірнеше қатары астарлаған тар саңылаулы 
капиллярлар тармағынан құрылады. Оның стромасын жұмсақ немесе 
фиброздық тін түзеді. 
Веналық гемангиома
– қабырғаларында біріңғай салалы 
бұлшықет талшықтарының будалары бар, венаға ұқсас қан тамыры 
қуыстарынан құрылған түйін. 
Каверналы гемангиома
бауырда, теріде, сүйек 
кемігінде, бұлшықетте, асқазан-ішек жолында, мида кездеседі. Ол – 
төңірегіндегі тіннен айқын шектелген, қызыл көк түсті кеуекті түйін. Бұл түйін 
ішінде сұйықтық немесе ұйыған қан толған, эндотелиймен астарланған іргесі 
жұқа ірі қан тамырлары қуыстарынан (каверна) түзіледі 
(119-
сурет
)

Қатерсіз 
гемангиоперицитома
– көбіне тері, қол мен аяқ бұлшықеттерінің арасында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет