Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет263/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   832
М
ЕНИНГТАМЫРЛЫҚ ІСІКТЕР
 
Бұл ісіктер ми қабықшаларынан және онымен тектес тіндерден туындайды. 
Ең жиі кездесетін түрлері – менингиома мен менингийлік саркома. 
Менингиома

мидың жұмсақ қабықшасының жасушаларынан дамитын 
қатерсіз ісік. Менингиома мидың жұмсақ қабатын астарлайтын жасушалар 

арахноидэндотелийден құрылса, 
арахноидэндотелиома
деп аталады. Ісік көбіне 
мидың қатты қабықшасымен, кейде жұмсақ қабықшасымен жалғасқан қатты 
түйін кейпінде болады. Ол бір-біріне тығыз жанасып, ұялы шоғырлар түзген 
эндотелий тәрізді жасушалардан құрылады (125-сурет). Жасушалар көбіне 
микроконцентрлі 
құрылымдар 
қалыптастырады 
(
менинготелийлі
арахноидэндотелиома
). Оларға ізбес шөксе, псаммомдық денешіктер деп 
аталын құрылымдар қалыптасады. Менингиома жасушалар мен дәнекер тін 
будаларынан да құрыла алады (
фиброзды арахноидэндотелиома
).
125-сурет. Менингиома. 


Нуржігіт Алтынбеков 
227
Менингийлік саркома
– қатерлі менингиома тектес ісік. Оның гистологиялық 
құрылысы 
фибросаркомаға, 
полиморф-жасушалы 
саркомаға, 
ми 
қабықшаларының диффузды саркомасына да ұқсауы мүмкін. 
В
ЕГЕТАТИВТІК ЖYЙКЕ ЖYЙЕСІНІҢ ІСІКТЕРІ
 
Вегетативтік жүйке жүйесінің ісіктері
симпатикалық ганглийлердің 
толысуы түрлі дәрежедегі ганглийлік жасушаларынан (симпатогоний, 
симпатобласт, ганглийнейроцит) және шығу тегі симпатикалық жүйкелік 
жүйемен байланысты бейхромаффиндік параганглийлердің жасушаларынан 
(гломустар) дамиды. Бұл ісіктердің қатерсіз тобына ганглионеврома, қатерсіз 
бейхромаффиндік параганглиома (гломустік ісік, хемодектома), ал қатерлі 
тобына ганглионейробластома, симпатобластома (симпатогониома) мен қатерлі 
бейхромаффиндік параганглиома (хемодектома) жатады. Бұл ісіктердің біразы 
жоғарыда сипатталған. 
Қатерсіз бейхромаффиндік параганлиоманың (хемадектома)
морфологиялық 
құрылысы АPUD жүйенің ісіктеріне (апудомаға) ұқсайды. Ол серотонин, кейде 
АКТГ түзе алады. Әсіресе іш пердесінің сыртында дамығанда ол өте ірі болуы 
мүмкін. Құрамына альвеолалық немесе трабекулалық құрылымдар мен 
көптеген синусоид тектес тамырлар тән. 
Қатерлі бейхромаффиндік параганлиома (хемадектома)
сирек кездеседі. 
Құрамындағы жасушалар полиморфизмді болып, инфильтрациялы өседі. 
Метастаздарын лимфалық тамырлар арқылы таратады. 
Симпатобластома 
(симпатогониома)

өте қатерлі ісік; жас балаларға тән («
Балалық шақ 
ауруларын
» 
қара
). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет