Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет264/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   832
Байланысты:
струков патан

Ш
ЕТКІ ЖYЙКЕ ЖYЙЕСІНІҢ ІСІКТЕРІ
 
Шеткі жүйкелік жүйенің ісіктері 
нерв қабықшаларынан дамиды. Олардың 
қатерсіз 
тобына 
неврилеммома 
(шваннома), 
нейрофиброма 
және 
нейрофиброматоз (Реклингхаузен ауруы), ал қатерлі тобына қатерлі шваннома, 
яғни нейрогендік саркома жатады. 
Неврилеломма (шваннома)
айтарлықтай жиі кездеседі. Ол ядросы таяқша 
тәрізді, сопақша пішінді жасушалардан құрылады. Жасушалы-талшықты 
будалар түзеді; параллель жайғасқан ядролар мен талшықты жерлер кезектесіп, 
ырғақты реттелген, яғни «қадалы шарбақ» құрылымдарын түзеді (ядролық қада, 
яғни Верокаи денешіктері; 126-сурет). 
Нейрофиброма
жүйкелік сабақтардың 
қабықшаларынан туындайтын ісік; ол жүйкелік жасушалар, денешіктер және 
талшықтар 
араласқан 
дәнекер 
тіннен 
құрылады. 
Нейрофиброматоз 
(Реклингхаузен ауруы)
– әртүрлі тума кемісіктер мен нейрофиброматоз 
қосарланатын жүйелік ауру. Нейрофиброматоздың шеткі және орталық 
нысандары бар. 
126-сурет. Неврилеммома (шваннома). 
Қатерлі неврилеммома (нейрогендік саркома)
– сирек кездесетін ісік. 
Құрылымына өте айқын бейнелі жасушалық полиморфизм мен атипизм, 
көпядролы симпластылар мен «қадалы шарбақ» құрылымдар тән. 


Нуржігіт Алтынбеков 
228
ҚАН ЖYЙЕСІНІҢ ІСІКТЕРІ 
Қан жүйесінің ісіктері
жүйелік, яғни 
лейкоздарға
және 
регионарлық
, – 
қатерлі лимфомаларға
бөлінеді («
Қан жүйесінің ауруларын
» 
қара
). 
ТЕРАТОМАЛАР 
Тератомалар 
(грекше: 
teratos
– кемтар, кейіпсіз) ұрықтық жұмыртқаның бір 
бластомері бөлініп қалғандықтан дамып, бір немесе бірнеше тіннен құрылады. 
Тератомалар 

жетілген қатерсіз ісіктер, кейде қатерлі ісік – тератобластомаға 
ұласады 
(«Балалық шақ ауруларын
» 
қара
). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет