Нуржігіт Алтынбеков
226
жасушалардан түзіледі (папиллалы карцинома). Қан тамырларының өрімімен
жалғаса өсіп, түйін түзеді. Сирек кездеседі.
Нейрондық ісіктер
Нейрондық
ісіктерге
ганглионеврома
(ганглиоцитома),
ганглионейробластома (қатерлі ганглиоцитома) және нейробластома жатады.
Ганглионеврома (ганглиоцитома)
мидың ІІІ қарыншасының түбінде көбірек,
ми сыңарларында сиректеу дамитын, жетілген ганглийлық жасушалардан
құрылған, сирек кездесетін қатерсіз ісік. Ісіктің жасушалары глиялық строма
будаларының арасында ретсіз жайғасады.
Ганглионейробластома
– ганглионевроманың қатерлі ағымды түрі (
қатерлі
ганглиоцитома
) – ОЖЖ-ның өте сирек кездесетін ісігі; қатерлі глиома сияқты,
жасушалары полиморфизмді.
Нейробластома
– мидың өте қатерлі ісігі; балаларға тән. Ісік көп митозды,
ядросы көпіршікті, синцитий тәрізденіп өсетін ірі жасушалардан түзіледі;
құрамында қабырғалары жұқа қан тамырлары мол.
Толысуы төмен және эмбриондық ісіктер
Бұл топқа медуллобластома мен глиобластома жатады.
Медуллобластома
жетілуі ең төмен жасушалар
–
медуллобластылардан
құрылады. Сондықтан оның ағымы да ерекше қатерлі. Ісік көбіне мидың құрт
тәрізді бөлімінде туындайды; балаларға тән («
Балалық шақ ауруларын
»
қара
).
Глиобластома
– мидың жиілігі астроцитомадан кейінгі екінші орынды алатын
қатерлі ісік. Ол 40-60 жастағыларда жиірек кездесіп, мидың барлық бөлімінің ақ
затында дами алады. Ісік айқын шектелмейді; тіні жұмсақ, оның қанды және
некрозды ошақтары тарғыл түсті. Медуллобластоманы цитоплазмасы
гликогенді, ядроларының пішіні және ондағы хроматиннің мөлшері мен көлемі
әртүрлі жасушалар түзіледі. Жасушаларда патологиялық митоз көп. Ісік
жылдам өседі, сондықтан науқас 4-5 айдың ішінде қаза болуы мүмкін.
Метастаздарын миға ғана жаяды.
Достарыңызбен бөлісу: