Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет267/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
231
8. Ауру да эволюцияға ұшырайды, яғни біртіндеп өзгеріп отырады 
(патоморфоз). Аурудың өзгерісі табиғи әсерден (табиғи патоморфоз) және 
адамның өз ықпалынан (индукциялық патоморфоз) болады. 
Аурулар мына белгілер негізінде жіктеледі: 
1. Этиологиялық тұрғыдан, аурулар тұқымқуалайтын (тума) және жүре 
болатын топтарға жіктеліп, соңғы топқа жататын аурулар өз ретінде 
инфекциялық және бейинфекциялық деп бөлінеді. 
2. Анатомия-топографиялық негізде, яғни басты зақымның дамитын орнына 
қарай, аурулар жүйелік (мысалы, жүрек-тамыр жүйесінің аурулары), мүшенің 
(мысалы, жүрек аурулары) және тіндік (айталық, дәнекер тін аурулары) деп 
бөлінеді. 
3. Патогенезінің ортақтығына сүйене отырып, ауруларды аллергиялық, 
аутоиммундық, ревматизмдік аурулар деп және басқа да топтарға жіктеуге 
болады. 
4. Ауруларды кәсіптік аурулар, географиялық патология, әскери патология 
сияқты топтарға жіктегенде қоршаған ортаның белгілі бір ортақ әлеуметтік 
жағдайдағы адам организміне әсері негізге алынады. 
5. Даму нысаны мен ағымының ортақтығы ауруларды өте жедел, жедел, 
жеделдеу және созылмалы, циклді және циклсіз аурулар деп топтастыруға 
мүмкіндік береді. 
6. Әйелдердің, балалар мен қарттардың аурулары деп жіктегенде науқас 
адамдардың жас шамасы мен жынысы ескеріледі. 
Ауруларды топтарға жіктегенде олардың номенклатурасына (аталым 
тізбесіне) жүгінген жөн. 


Нуржігіт Алтынбеков 
232

Қан жүйесінің аурулары 
Қан жүйесінің ауруларын
клиникалық медицинаның гематология деп 
аталатын саласы зерттейді. Бұл саланың негізін Ресейде И.И. Мечников, С.П. 
Боткин, М.И. Аринкин, А.И. Крюков, И.А. Кассирский қалаған-ды. Аурулардың 
бұл тобы қанның жасалуы мен ыдырауын реттейтін механизмдер 
зақымдалғанда дамып, шеткі қанның құрамына өз әсерін тигізеді. Сондықтан 
перифериялық қанның құрамын зерттеу арқылы бүкіл қан жасайтын жүйе 
жайлы жорамал жасауға әбден болады. 
Қанның 
қызыл өскіні
зақымдалса, мына үдерістер орын алуы мүмкін: 
гемоглобиннің мөлшері мен эритроциттер саны азайып, — 
анемия
немесе 
көбейіп, — 
шынайы полицитемия
, яғни 
эритремия
; эритроциттердің пішіні 
бұзылып, — 
эритроцитпатия
(микросфероцитоз, овалоцитоз), гемоглобин 
дұрыс түзілмей, — 
гемоглобинпатия
, яғни 
гемоглобиноздар
(талассемия, орақ-
жасушалы анемия) дамиды. 
Қанның 
ақ өскінінде
лейкоциттер немесе тромбоциттер өзгеруі мүмкін. 
Лейкоциттер қан арнасында көбейіп (
лейкоцитоз
) немесе азаяды (
лейкопения
), 
кейде ісік жасушаларына айналады (
гемобластоз
). Сондай-ақ, қан арнасындағы 
тромбоциттердің де саны көбейеді (
тромбоцитоз

немесе азаяды 
(
тромбоцитопения
), сапасы өзгеруі де (
тромбоцитпатия
) мүмкін. 
Қан плазмасында
көбіне белок құрамы өзгереді. Белоктардың мөлшері 
көбейіп (
гиперпротеинемия
) немесе азаяды (
гипопротеинемия
); плазмадағы 
белоктардың сапалық өзгерісі диспротеинемия деп аталады. 
Гематологиялық клиникаларда қанжасам жүйесінің жайын айқындау үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет