Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Атеросклероз. Қолқаның интимасындағы липидозға дейінгі өзгерістер



Pdf көрінісі
бет319/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   832
Байланысты:
струков патан

145-сурет. Атеросклероз. Қолқаның интимасындағы липидозға дейінгі өзгерістер:
Эндотелийлік 
жасушада Гольджи кешенінің (ГК) аймағы кеңіген, тығыз материал — липидтер (Л) жиналған 
эндоплазмалық тор (ЭТ) айқындау; базал мембрана (БМ) едәуір ыдыраған; базал мембрананың 
сыртындағы коллагендік (КлТ) және эластикалық (ЭТ) талшықтардың арасына белок пен липидтердің 
(Л) фибриллалары (Фл) шөккен. Я — ядро. 23 000 (Гир-ден). 
Липидозға дейінгі сатының даму мерзімі липолиз бен протеолиздік 
(фибринолиздік) ферменттердің ақаулы метаболизмінен түзілген өнімдерден 
интиманы «ластамай», «таза сақтау» мүмкіндігіне байланысты. Бұл кезеңде 
аталған ферменттердің интимадағы әсері көбіне жоғары болады. Олардың әсері 
сарқылған кезде атеросклероздың келесі сатысы — липидоз басталады. 
Липидоз сатысында
липидтер (холестерин), липопротеидтер, белоктар 
әсіресе интиманың үстіңгі қабатының әр жеріне сіңіп (146-сурет), 
майлы 
дақтар
мен 
жолақтар
түзеді. Интимадағы майларды бірыңғай салалы 
бұлшықет жасушалары мен макрофагтар сіңіреді. Бұл 
жасушалар көпіршікті
немесе 
ксантомдық
(грекше: 
хаntһоs
— сары) жасушалар деп аталады. 
Эндотелийде де липидтік тамшылар болады. Олар интимаға қан плазмасынан 
сіңеді. Эластикалы мембраналар ісініп, ыдырайды.
146-сурет. Липоидоз
. Интимаға жиналған липидтер
 
(қара түсті).
 
Липосклероз сатысында
жиналған липидтер ыдырап, эластикалық және 
аргирофилдік мембраналар зақымдалған жерлерге жетілмеген дәнекер тін өседі. 
Ошақтана өскен дәнекер тіннің жас элементтері жетіле келе, 
фиброзды 
түйіншек
түзеді де (147-сурет), онда 
vasa vasorum 
жалғасқан жұқа қабырғалы 
жаңа тамырлар пайда болады. Қазір фиброзды түйіншектер артериялардың 
эндотелийі мен эластикалы талшықтары зақымдалған жерлерде көбейген 
бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларынан қалыптасады дейтін пікір де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет