Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет321/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   832
Байланысты:
струков патан

клиникалық кезеңдер
мен
сатыларға
жіктеу оның 
морфогенезіне негізделген. 
Атеросклероздың өршімелі (белсенді), тұрақты (бейбелсенді) және кері даму 
фазалары біріне бірі ұласып, оны 
толқымалы ағымды
ететіні де 
морфологиялық тұрғыдан дәйектелген. Өршімелі (прогрессиялы) атеросклероз 
кезінде бұрынғы липосклероз, атероматоз, атерокальциноз үдерістеріне, 
липидоздың жаңа толқыны қосылып, ауру асқынып, атероматоз өрістейді, 
түйіншекке қан құйылады, тромбылар пайда болады. Соның салдарынан 
мүшелер мен тіндер ишемияға ұшырап, инфаркт, гангрена дамиды, ол жерлерге 
де қан құйылады. Ауру кері дамыған (регрессиялы) кезде түйіншектердегі 
липидтер шайылып, макрофагтар сіңіріп, дәнекер тін көбейе түседі. 
КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ 
Зақымдалған қан тамырлары атрабын, аурудың зардаптарын, ақырын ескере 
отырып, атеросклероз: 1) қолқа атеросклерозы, 2) жүрек артерияларының 
атеросклерозы (жүректік нысан; жүректің ишемиялық ауруы), 3) ми 


Нуржігіт Алтынбеков 
273
артерияларының атеросклерозы (милық нысан, ми тамырларының аурулары), 4) 
бүйрек артерияларының атеросклерозы (бүйректік нысан), 5) ішек 
артерияларының атеросклерозы (ішектік нысан) және 6) аяқ артерияларының 
атеросклерозы деп бөлінеді. 
Атеросклероздың бұл нысандарының әрқайсысында екі түрлі үдерістер тобы 
орын алады. Атеросклероз артерияларды біртіндеп баяу тарылтса
қанаайналымының 
созылмалы 
ағымды 
жеткіліксіздігінен 
ишемиялық 
өзгерістер
, яғни мүшелердің паренхимасында дистрофия мен атрофия, ал 
стромасында диффузды немесе ұсақ ошақты склероз өрістейді. Егер артерия 
күрт бітеліп (окклюзия), қанайналымының жедел ағымды жеткіліксіздігі орын 
алса, үдеріс 
некроздық сипатта
дамып, инфарктіге, гангренаға себеп болады 
немесе қан құйылады. Бұл өршімелі атеросклерозға тән үдерістер екені бұрын 
айтылған. 
1. Қ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет