Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Митохондриялардың құрылысы мен көлемінің және санының өзгерістері



Pdf көрінісі
бет35/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   832
Байланысты:
струков патан

Митохондриялардың құрылысы мен көлемінің және санының өзгерістері
Митохондриялар құрылысы өзгерістерінің
ең маңызды түрлері

олардың 
конденсациялануы мен ісінуі және митохондриялық қосындылардың түзілуі. 
Конденсация мен ісіну көбіне оттегі үнемі жеткіліксіз болғанда, кейде әрекеті 
тым қарқынды жасушада байқалады. Олар қайтымды өзгерістер, дегенмен өрши 
келе жасушаны ауыр зақымдап, тіпті жойып та жібереді. Ондайда 
митохондриялар ісініп қана қоймай, оның ішкі кеңістігі тығыздалып
кристаларының пішіні өзгеріп, митохондриялық түйіршіктері жоғалып, 
матриксіне жалпақ-жалпақ заттар жиналып, гомогенді болады, ізбесті ошақтар 
түзіледі

ақырында митохондриялардың сыртқы мембранасының әр жері 
жыртылады. 
Митохондриялық қосымшаларға
жалпақ-жалпақ электрон-тығыз заттар, 
ізбесті ошақтар (гидрооксиапатит тәрізді кристалдар; 16-сурет), миелинді 
кескіндер, филамент пішінді және табақша құрылымдар, белоктық кристалдар 
жатады. 
Митохондриялық 
қосымшалар 
жасушаның 
зақымдалуына 
бейспецификалық жауап ретінде орын алып, әдетте патологиялық жағдайда 
ұшырасады.
16-сурет. Бұлшықет талшығы. Митохондриясының матриксіндегі кальцийлік қосымшалар. 
18 500.
 


Нуржігіт Алтынбеков 
39
Митохондриялардың көлемі
әртүрлі болады

кейде алып митохондриялар 
кездессе, енді бірде тым кішірейеді. Алып митохондриялар тым ұлғайғанда 
немесе біріккенде қалыптасып, тек патологиялық үдерістерге ғана тән (17-
сурет). Кристалл қосындылы ондай митохондриялар, мысалы, әдетте 
маскүнемдер гепатоциттерінде кездеседі. Жай және алып митохондриялар 
пішіні сигара немесе тамшы тәрізді, ирек және басқа да пішінді болады.
17-сурет. Ұзақ жаншылу синдромына ұшыраған иттің миокарды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет