бұлшықетті ұсақ артериялар да ұшырайды. Көбіне бүйректің, мидың, ұйқы безінің,
ішектің, көздің қан тамырлы қабатының, бүйрекүсті безінің сыртқы
қабығының артериололары мен ұсақ артерияларына плазма сіңіп,
гиалиноз шарпиды.
153-сурет. Ми артериоласының гиалинозы. Гипертониялық криз кезінде белгілі бір мүшенің артериололарына плазма
басымырақ сіңіп, артериолонекроз өрістейді, қан құйылады; сөйтіп
кризге тән
клиникалық бейне қалыптасады. Мысалы, бүйректе артериолонекроз дамыса,
бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі байқалады, ал мидың IV
қарыншасының түбіне қан құйылса, артериололарына плазма сіңсе, науқас
кенет өледі, т.с.с.
Эластикалы, бұлшықетті-эластикалы және бұлшықетті артерияларда эластофиброз бен атеросклероз дамиды.
Эластофиброз — организмнің
артериялық жоғары қысымның тұрақты болуына бейімделуінің морфологиялық
бейнесі. Оның даму барысында ішкі эластикалық мембрана тарамдала
тарқатылып, қалыңдайды және тарамдалған мембрананың арасын дәнекер тін
жайлап,
склероз өрістейді. Гиптертония тұрақты болып, ұзаққа созылса, айқын
бейнелі
атеросклероз орын алады. Оның гипертониясыз дамыған
атеросклероздан айырмашылығы бар: ауқымдылау болады, бұлшықетті
артерияларды да қамтиды және атеросклероздық фиброзды түйіншектер
тамырдың қабырғасын сегментті ғана емес,
түгел орап алып, саңылауын күрт
тарылтады. Эластофиброз бен қан тамырын тарылтатын атеросклероздың
бейнесі жүректің, мидың, бүйректің, ұйқы безінің, мойын мен омыртқаның
артерияларында өте айқын болады.
Аурудың бұл кезеңінде миокард жылдам қалыңдап (
гипертрофия ), жүректің
массасы 900—1000 г дейін өсіп, сол жақ қарыншаның қалыңдығы 2—3 см
жетеді (154-сурет). Жүректің тәждік артериялары тарылып, миокард гипоксияға
ұшырайды, бұлшықетінде
дистрофия мен
некроздық үдерістер өрістеп, көлемі
ұлғайған жүректің қуыстары
миогендік негізде кеңиді (
жүректің эксцентрлі гипертрофиясы ),
қабырғасындағы (интрамурал) жүйке жүйесі де
зақымдалады.