Нуржігіт Алтынбеков 280
гипертрофиясы) , бүйректің кей жерлерін ұсақ түйіршікті етеді. Екі бүйрек те
кішірейіп, қатаяды, беті ұсақ түйіршікті болады, паренхимасы семіп,
қыртыстық қабаты өте жұқарады. Артериололар гиалинозының салдарынан
өрістеген склероздың (
артериолосклероздық нефросклероздың ) ақыры ретінде
осылай кішірейген бүйрек —
біріншілік бүріскен бүйрек (156-сурет) деп
аталады. Артериолосклероздық нефросклероздың клиникасына
бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі тән; ол
азотемиялық уремиямен аяқталады.
156-сурет. Біріншілік бүріскен бүйрек . Үстінің (а) және кесіндісінің (б) бейнесі.
Гипертония ауруынан
көздің зақымдалуы оның қан тамырларындағы
өзгерістермен байланысты: көру жүйкелік сабағының үрпісі суланып, қан
құйылады; торлы қабықша сыдырылып, оған белокты жалқық сіңіп, белок
шөгеді, тінінде некроз дамиды; ганглийлі қабаттағы жүйкелік жасушаларды
қайтымсыз дистрофия шарпиды.
Ішкі секреция бездері де өзгереді.
Бүйрекүсті безінің милық және
қыртыстық қабаты ұлғайып, регенерациялық аденомалар қалыптасады. Кейін
бұл үдерістер атрофияға ұласады. Гипофиздің алдыңғы және артқы бөлімінде
вазопрессорлық заттар түзетін базофилді жасушалар көбейеді.
Басқа мүшелерде дамитын өзгерістер гипертониялық кризбен және созылмалы
гипоксиямен байланысты.
Жүректің ишемиялық ауруы Жүректің ишемиялық ауруы —
жүректе
қанайналымы
толық
тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын ауру. Сол
себепті жүректің ишемиялық ауруы
жүректің тәждік (коронарлық) ауруы деп
те аталады. Бұл аурдың әлеуметтік мәнін ескере отырып, Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы 1965 жылы оны дербес ауру деп таныды. Бүгінгі таңда
ишемиялық ауру әсіресе экономикасы өркендеген елдерде кең тараған, тіпті
оны эпидемиялы аурулар тобына жатқызбақ ой бар. Жүректің ишемиялық
ауруы кенеттен қазаға ұшыратуымен қауіпті. Ол жүрек-тамыр ауруларынан
болатын өлім-жітімнің 2/3-ін қамтиды. Бұл ауруға жасы 40—65-тер
шамасындағы ер адамдар жиірек шалдығады.