Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет329/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   832
154-сурет. Гипертония ауруы. 
Жүректің сол жақ қарыншасы гипертрофиялы
 
(көлденең кесінді)



Нуржігіт Алтынбеков 
279
Миокардта оттегі тапшы болып, іргесіндегі жүйкелік жүйе за-
қымдалатындықтан, онда зат алмасу үдерісі өзгеріп, 
диффузды ұсақошақты 
кардиосклероз 
дамиды (
гипертониялық кардиосклероз
; (155-сурет).
155-сурет. Гипертония ауруы. 
Кардиосклероз. 
3. Гипертония ауруының соңғы кезеңінде 
мүшелердің артериялары 
зақымдалып, қанайналымы бұзылады
, сондықтан салдарлық үдерістер орын 
алады. Қабырғасына плазма сіңіп, фибриноидты некроз дамыған қан 
тамырлары жиырылып, саңылауы өте тарылса немесе онда тромбылар түзілсе, 
салдарлық үдерістер 
күрт өрістеп
, мүшелерде 
қанды ошақтар
мен 
инфарктілер
пайда болады. Қан тамырлары артериолосклероздан немесе 
атеросклероздан біртіндеп тарылса, бұл үдерістер баяу дамып, мүшенің 
паренхимасында 
атрофия
мен 
склероз
орын алады. 
КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ 
Қан тамырларының өзгерісі мен геморрагия, некроз, склероз үдерістері 
жүрек, ми, бүйрек сияқты мүшелердің қайсысында басымырақ дамығанына 
қарай, гипертония ауруының клиника-морфологиялық нысандары жүректік, 
милық және бүйректік деп жіктеледі. 
Гипертония ауруының жүректік нысаны,
атеросклероздың жүректік нысаны 
сияқты, жүректің ишемиялық ауруының негізі болып табылады («
Жүректің 
ишемиялық ауруын
» 
қара
). 
Гипертония ауруының милық нысаны
ми қан тамырлары ауруларының негізі 
(«Ми қан тамырларының ауруларын»
қара
). 
Гипертония ауруының бүйректік нысаны
жедел және созылмалы ағымды 
болады. 
Жедел үдерістер
тобына бүйректің жедел инфарктісі мен артериолонекрозы 
жатады. 
Бүйректің инфарктісі
— тромбылы эмболияның немесе тромбоздың 
салдары. Кейде ол бүйректі түгелге жуық (субтотал) немесе түгел (тотал) 
қамтиды. 
Бүйрек артериолонекрозы
— қатерлі ағымды гипертонияның 
морфологиялық бейнесі. Бүйректің артериололары ғана емес, шумақ 
капиллярларының иірімдері де фибриноидты некрозға ұшырайды (152-
суретті 
қара
), стромасы суланып ісінеді, қанды ошақтар пайда болады. Өзекшелердің 
эпителийінде белокты дистрофия орын алады. Некрозға жауап ретінде 
артериололарға, шумақтар мен стромаға жасушалар шоғырланып, склероз 
өрістейді (
Фардың қатерлі нефросклерозы
). Бүйрек кішірейіңкіреп, тарғыл 
тартады, үсті ұсақтүйіршікті болады. Артериолонекроз бүйрек қызметі 
жеткіліксіздігіне ұшыратып, гемодиализ жасалмаса, әдетте науқасты опат етеді. 
Қатерсіз гипертония ауруынан бүйректе дамитын басты үдерістер — 
артериолалардың гиалинозы
мен 
артериолосклероз

Артериололардың 
гиалинозынан капиллярлық иірімдер қабысып (коллапс), шумақтар шорланады 
(
гломерулосклероз
) Қан тапшылығы мен гипоксияның салдарынан нефронның 
өзекшелері семіп, олардың орнын және жойылған шумақтардың төңірегін 
дәнекер тін жайлайды. Бүйректің беткейінде ұсақ ойыстар пайда болады. Ал, 
онша зақымдалмаған нефрондар ұлғайып 
(бүйректің регенерациялық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет