Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет333/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   832
Байланысты:
струков патан

макробейнесін анықтау
үшін 
тетразолий тұздары мен калий теллуриті қолданылады. Ишемияға ұшыраған 
жерлерде тотығу-тотықсыздану ферменттерінің белсенділігі төмендеп, аталған 
заттармен әсер еткенде формазанның түйіршіктері мен тотықсызданған теллур 
түзілмейді, сондықтан ишемиялық ошақтар ақшыл түсті күйінде қалып, 
зақымдалмаған миокард қоңыр түске боялады. 
Ишемия аймағын 
микроскоппен зерттегенде
капиллярлардың кеңіп, 
эритроцитті стаз дамығаны, интерстицийдің суланып ісінгені байқалады. Бұл 
аймақтың жиегі кейде қанталап, онда лейкоциттер шоғырланады. Бұлшықет 
талшықтары көлденең жолақтары мен гликогенін жоғалтып, эозинмен, 
фуксинмен, пиронин және Шифф реактивімен боялғыш келеді. Сөйтіп, 
бұлшықет талшықтарынан некробиоз аңғарылады. Қызғылт сары түсті 
акрединмен бояп алып, люминесценттік микроскоппен қарағанда ишемиялық 
ошақтар шашыратқан сәуле қызғылт сары емес, жасыл реңді болады. 
Электрондық микроскоп пен гистохимиялық тәсілдерді қолданғанда 
ишемиялық ошақта ең алдымен мына өзгерістер дамитыны анықталады: 
гликоген түйіршіктері азаяды, тотығу-тотықсыздану ферменттерінің (әсіресе, 
дегидрогеназалар мен диафоразалар) белсенділігі төмендейді, митохондриялар 
мен саркоплазмалық тор ісініп, ыдырайды (157-сурет). Анаэробтық гликолиз 
үдеп, тынысалу және тотығып фосфорлану үдерістерінің арақатынасы 
ажырайды. Бұл өзгерістер ишемияның алғашқы минуттерінде-ақ көрініс беріп, 
тіндік 
тынысалудың 
зақымдалғанын 
бейнелейді. 
Миокардтың 
ультрақұрылымдарында ишемиялық үдерістер басталу үшін 
катехоламиндер 
бөлініп

иондар тепе-тендігі бұзылуының
да маңызы зор (магний, калий мен 
фосфор азайып, натрий, кальций мен су көбейеді). Кейін олар ишемияның 
ақырғы кезеңіне тән гидропиялы-деструкциялық үдерістерге түрткі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет