Нуржігіт Алтынбеков
282
постинфарктілік, яғни ірі ошақты) және оның зардабы ретінде дамитын
жүректің созылмалы аневризмасы.
МИОКАРДТЫҢ ИШЕМИЯЛЫҚ ДИСТРОФИЯСЫ
Миокардтың ишемиялық дистрофиясы
, яғни
миокардтың ошақты жедел
дистрофиясы
қысқа мерзімді коронарлық криз кезінде дамиды. Оның өзіндік
электр-кардиографиялық бейнесі бар. Жүректің ишемиялық ауруының бұл
нысанында миокардта некроз дамымайды, сондықтан ферментемия да байқала
қоймайды
(трансаминаза,
лактатдегидрогеназа
сияқты
ферменттердің
белсенділігі артпайды).
Миокардтың ишемия шалған жерлері жұмсарып, бозғылттау немесе тарғыл
түсті болып, су сіңіп ісінеді. Кейде тәждік артериялардан жаңа түзілген
тромбылар табылады.
Ишемиялық дистрофия ошақтарының
Достарыңызбен бөлісу: