Нуржігіт Алтынбеков
283
емгерлер ишемиялық аурудың бұл нысанын «жүрек
қызметінің жедел
жеткіліксіздігі» деп те атайды.
МИОКАРД ИНФАРКТІСІ
Миокард инфарктісі
дегеніміз — жүректің
бұлшықетті қабатының
ишемиялық некрозы. Оның клиникалық бейнесіне
электр-кардиографиялық
өзгерістер және ферментемия тән. Ол, — әдетте
қызыл кемерлі ишемиялық (ақ)
инфаркт
(158-суретті түрлі түсті қосымшадан қара).
Классификациясы мен патологиялық анатомиясы.
Миокард инфарктісі:
1) қалыптасқан мерзіміне, 2) жүрек пен жүрек бұлшықетінде дамыған орнына,
3) қамтыған көлеміне және 4) ағымына қарай жіктеледі.
Миокард инфарктісі дегеніміз —
мерзімдік
ұғым. Оның даму мерзімі ишемия
басталған сәттен 8 аптаға созылса,
алғашқы (жедел) инфаркт
деп аталады.
Егер алғашқы (жедел) инфаркт басталған сәттен кейін 8 апта өткен соң, тағы
бір жаңа инфаркт ошағы дамыса, ол
— қайталанған инфаркт
деп аталады. Ал,
алғашқы (жедел) инфарктінің даму барысында, яғни 8 аптаның ішінде, тағы да
жаңа
инфаркт пайда болса, ол —
қайталамалы инфаркт
.
Инфаркт көбіне жүректің ұшында, сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасы
мен бүйірінде, қарыншааралық перденің алдыңғы бөлімінде дамиды. Бұл
аймақтар
сол жақ тәждік артерияның қарыншааралық алдыңғы тарамы
арқылы қоректенеді. Тап осы тарамға, әдетте күш көп түседі, оны атеросклероз
жиірек шалады. Ал, сол жақ қарыншаның
артқы қабырғасы мен
қарыншааралық
Достарыңызбен бөлісу: